Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім академиясы ресей федерациясының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет13/124
Дата03.03.2017
өлшемі23,53 Mb.
#6682
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   124

Литература

1  Послание  Президента  Республики  Казахстан  –  Лидера  нации  Н.А.  Назарбаева  народу  Казахстана 

«Казахстанский путь – 2050»: единая цель, единые интересы, единое будущее». - Астана, 2014. 

2  Государственная  программа  развития  образования  Республики  Казахстан  на  2011-2020  гг., 

Государственная программа развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011-2020 

годы. Утверждена Указом Президента Республики Казахстан от 29 июня 2011 года № 110. –Астана, 2011. 

3 Концепция развития образования Республики Казахстан до 2015 года. 

4  Буланкина  Н.Е.  Проблема  эффективного  культурного  самоопределения  личности  в  полиязыковом 

образовательном пространстве. – М.: Изд-во АПКиПРО, 2002. 

Андатпа. Мақалада негізгі үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Бүгінгі таңда Қазақстан 

үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағының айқын дәлелі. 



Аннотация. В  данной  статье  трехязычие  на  сегодняшний  день  становится  в  большей  мере  средством 

жизнеобеспечения общества. Для Казахстана языки народов является первоначальной ступенью в развитий 

образования. 


75

Abstract. This article trilingual today becomes increasingly vital too society for languages of the peoples of 

Kazakhstan is the initial stage. 



БОЛАШАҚ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 

А.А. Бесбаева 

А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі

Алматы қаласы, almasjm@mail.ru 

Пікір беруші – Кушербаева У.Р., ф.-м.ғ.к., доцент, әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ. 

Балет әртісі мамандығын меңгеруде математика ғылымының маңыздылығын көрсете отырып, ақпараттық 

технологияның озық жетістіктерін сабақтарда қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын 

арттыру. 

Біз болашақ балет әртістерін тәрбиелеу барысында олардың кейбіреулерінің: «Осы бізге математиканың 

қажеті қанша?»-деген сұрақтарын естіп қаламыз... 

Ағылшын  математигі  Годфри Харолд Хардидің:  «Математика  заңдылықтары  сақталған  жерде,  сұлулық 

та  болады»,  -  деген  сөзі  осы  сұрақтың  жауабы  тәрізді  [2].  Әсем  бидің  математикалық  функциялардың 

графиктерінсіз туындауы мүмкін емес екенін байқаймыз. Әсем би – бұл әдемі график [1-сурет]. 

1-сурет – 

-функциясының графигі 

Шындығында мүлде бір-біріне қатысы жоқ екі саланы байланыстыратын не? 

Ғылымдар патшасы саналатын математика мен бидің классикалық түріне жататын балет өнері өздерінің 

көркемдігімен, дәлдігімен ерекшеленеді. 

«Балеттің» өзін – «тұнып тұрған математика» десек те болады... 

– Неліктен? 

Біріншіден, биді санау арқылы үйренеді, ал әуенге қосылып билеу кезінде ырғаққа ілесу үшін әр қимылды 

дұрыс есептеп алу керек. 

Екіншіден, балет спектаклінің сахнасы – декарттық координаталар жүйесі болып табылатын үш өлшемді 

кеңістіктің бір бөлігі тәріздес, ал «балет әртісі» – оның орталығы болып саналады. 

Математика мен балеттің ұқсастықтары: 

Жоғарғы  математикада  рационал  және  иррационал  сандармен  қатар  жорамал  сандар  болатыны 

сияқты, балет спектаклі шынайы өмірмен қатар қиял дүниесін де бейнелейді. Өйткені балет алғашқыда Грек 

аңыздарындағы тұлғаларды сомдайтын кейіпкерлердің қатысуымен орындалатын би көріністері ғана болған. 

Бертін  келе  классикалық  балет –  «геометриялық  айқын  нысандарына» дейін  ойластырылған  классикалық 

бидің қозғалыс мәнерін синтездей алатын хореографияның көркем құралдарының негізі болды. 

Классикалық би: дөңгелек қозғалысты, ракурстың салыстырмалы дәлдігін, геометриялық фигуралардың 

симметриялы көрінісін [2-сурет] мұра етіп алған. 

2-сурет – Симметрия 


76

Симметрия



биді көркем бейнелеп қана қоймай, сахнаның үйлесімділік дизайнын сақтап отырады. 

Кейде біз бидің қайнар көзі – таңғажайып симметрия екенін білмесек те, оның геометриялық нақыштарына 

тәнті  боламыз.  Демек,  математикалық  теңеу  арқылы:  симметрия –  сан  емес,  нысан  емес,  математикалық 

нысанды  арнайы  түрлендірудің  бір  түрі,  яғни  белгілі  нысанның  өз  құрылымын  сақтай  отыра  қозғалуы 

десек те болады. Қазіргі заманғы хореография мен математиканың арасында байланыс жоқ сияқты болып 

көрінгенмен, ол математикаға өте жақын десек те болады. 

3-сурет – Параллель көшіру 

4-сурет – Бұру 

Мысалы, қозғалыс – жазықтықтағы дененің өз көлемі мен формасын сақтай отыра өзгеруі. Симметрия, 

параллель  көшіру  [3-сурет],  бұру  [4-сурет] –  қозғалыстың  мысалдары  бола  алады.  Мұндай  геометриялық 

қозғалыстар көптеген би қимылдарын ойластырғанда қолданылады. 

Балет тарихшысы Любовь Дмитриевна Блок балет спектаклі туралы айта келе, оның драмалық спектакльге 

еш  қатысы  жоқ  екенін,  ал  оның  құрылымы  геометриялық  құралдармен  және  геометриялық  тәсілдермен 

өрнектелетіндігін жеткізді [1]. 

Белгілі бір дәрежеде балет те математика сияқты нақты ғылым болып табылады, егер кеңістікте күрделі 

элемент орындалу барысында бишінің бір қимылы дұрыс орындалмай қалса құлап қалу қаупі бар. Балетте 

қолдың және аяқтың пішіндері қатаң түрде геометриялық сызықтарға бағынады. Мысалы классикалық биде 5 

позиция бар. Олар бесеу, себебі қалай тырыспасаңыздар да алтыншы, екі аяқтың басын екі жаққа бұрғандағы 

позициясын таба алмайсыздар! Аяқтың позициялары мынадай ретпен үйретіледі: 1, 2, 3, 5, 4 [5-сурет]. 

5-сурет – Би позициялары 

Бірінші  позиция: Аяқтың  басын,  өкшелерін  біріктіріп,  аяқтардың  ұшын  екі  жаққа  бұрғанда  еденде  тік 

сызық болуы қажет (

). 

Екінші  позиция:  Бірінші  позицияның  тік  сызығы  сақталады,  бірақ  та  екі  аяқты  екі  жаққа  бұрғандағы 



аяқтардың өкшелері бір бірінен мөлшері табан ұзындықтың қашықтығындай болады. 

Үшінші позиция: Аяқтардың бастарын екі жаққа бұрған қалпында табандар жартылай бірін бірі жабады. 

Бесінші позиция: Табандар бір-біріне тығыз жабыса жапқанда бір аяқтың өкшесі екінші аяқтың ұшына 

тиюге тиіс. 

Төртінші позиция: Табандар бір-біріне табан мөлшерінде параллель келеді [3]. 

Түрлі қимылдар кезінде балерина геометриялық фигуралардан құралғандай болады. 



77

6-сурет – Балерина қимылдары 

Мысалы, жоғарыдағы суреттен [6-сурет]:  

 

- түзу,  



 

 - қисық сызық, 

 

 - сынық сызық,  



 

 - доғал бұрыш, 

 

 - сүйір бұрыш, 



 

 - тік бұрыш, 

 

 - доға,  



 

 -қиылысқан түзулерді көріп отырмыз. 

Егер  балетке  көп  адам  қатысса,  қимылдың  барысы  хореографтардың  математикалық  есептеулері 

арқылы  құрылған  нақты  ережелер  бойынша  орындалу  керек,  себебі  дұрыс  есептеулер  биді  түсінуді 

жеңілдетеді. Классикалық бидің геометриямен байланысын бидің көркемдігіне қарай шеңбер жасай [7-сурет], 

шаршы бойымен, диагональ арқылы және т.с.с. құрылуынан көруге болады. 

7-сурет – Шеңбер бойымен қозғалыс 

7  сыныпта  алгебра  және  геометрия  пәндерінің  бағдарламасына  сәйкес  «Бұрыш  және  оның  түрлері», 

«Параллель  түзулер,  оның  қасиеттері»,  «

  функцияларының  графиктері»  тақырыптарын 

өткенде классикалық балеттегі терминдермен байланыстырып отырамын. Мысалы, классикадағы гранд жэте 

– 180 градустық жазыңқы бұрышты [8-сурет], жэте – 45 градустық сүйір бұрышты, фондю – 90 градустық тік 

бұрышты [9-сурет], а ля згонд – 90 градустан асатын доғал бұрышты бейнелейді. 

8-сурет – Гранд жэте – 180 градустық жазыңқы бұрыш 

9-сурет – Фондю – 90 градустық тік бұрыш 


78

Би  өнерінің  көркемдігі  мен  үйлесімін  тек  математиканың  өзімен  ғана  өлшеу  мүмкін  емес,  алайда 

математика хореографтарға жаңа фигура ойлап табуға, бидің бейнесін түрлендіруге түрткі болатыны сөзсіз... 

Би – адамның эмоциясы мен әлеуметтік қарым-қатынастарды қимыл арқылы көрерменге жеткізетін өнер. 

Осы өнерді игеретін адам үшін хореографиялық дайындықпен қатар, математикалық есептеу мен кеңістік 

бойындағы координациясын дұрыс сақтай білуді меңгеру керек. 

Бірде  ата-анасы  жоғарғы  сыныптың  бағдарламасы  бойынша  күрделі  математикалық  есептерді  оңай 

шығаратын кішкентай қызын атақты академик-математикке алып келіп, болашақта қызының ерекше қабілетін 

дамыту үшін не істеу керектігін сұрайды. Сонда атақты математик баланы балет мектебіне беру–оның жан-

жақты дамуына зор үлес қосатынын айтқан екен. Мына мысалдар осыған дәлел болатындай: 

Гарвард  университеті  (АҚШ)  физиологтарының  мәліметтері  бойынша  геометрия  пәнінен  бақылау 

жұмыстарын  би  үйірмесінің  толық  курсына  қатысқан  оқушылар  мүлде  биден  хабары  жоқ  оқушыларға 

қарағанда  әлдеқайда  жоғары  деңгейде  орындаған.  Канадада  жүргізілген  зерттеулер  кәсіби  бишілердің 

зейінге  байланысты  тест  жұмыстарын  билей  алмайтындарға  қарағанда  анағұрлым  жақсы  орындайтынын 

көрсетті. 

– Керемет биші болғыңыз келе ме? 

– Математиканы біліңіз! 

– Ақылдырақ болғыңыз келе ме? 

– Би үйреніңіз! 

Өнерге  бейім  оқушылардың  барлығы  бірдей  математикаға  қабілетті  бола  бермейтіні  белгілі.  Алайда 

би  өнерін  меңгеруде  математиканың  мүмкіндіктерін  қолдануға  байланысты  түсінік  бере  отырып,  оның 

маңыздылығын дәлелдеу арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс істеп келемін. 



Пайдаланылған әдебиеттер

1 Блок Л.Д. Классический танец. История в современность. -М.: 1987. 

2 Харди Г.Х. Курс чистой математики. 

3 Жақыпова Қ. Би өнерінің әліппесі. -Алматы. 2005. 



Аңдатпа. Баяндамада би өнері саласында математика ғылымының алатын орны, олардың өзара байланысы 

туралы айтылған. Нақты мысалдар келтіре отырып, математиканың би өнеріндегі маңыздылығы көрсетілген. 



Аннотация.  В  докладе  говорится  о  роли  науки  математики  в  искусстве  танца,  об  их  взаимосвязи.  В 

примерах показана важность математики в танцевальном искусстве. 



Abstract.The report contains the chapters on the following topics: a place of mathematics in the sphere 

ofdance and their relationships with each other. It shows the importance of mathematics in dance using specific 

examples. 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРМЕН ӨЛЕҢДІ МӘНЕРЛЕП ЖАТТАУДА  

ӘР ТҮРЛІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ 

К.А. Бигелді 

№26 «Шапағат» балабақшасының МКҚК тәрбиешісі, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, 

shapagat_26dsad@mail.ru 

Пікір беруші – А.К. Куанышкалиева, № 26 «Шапағат» балабақшасының директоры 

Балабақшаның  басты  міндеті  –  тәрбиені,  білім  беруді  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  бағыттау,  яғни, 

педагогикалық  технологияның  негізгі  әдіс-тәсіл,  амалдардың  ең  тиімдісін  әр  тұлғаның  қажетіне  қарай 

аударып, талғап, таңдап қолдану. 

Жаңа технологиямен оқыту – өмір талабынан туындап отырған мәселе. Оқытудың жаңа технологиялары 

балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде білім беруді көздейді. Баланың шығармашылық 

ойлауын, шығармашылық қиялын дамытуға көп көңіл бөлуді міндеттейді. 

Шығармашылық ойлауды дамыту шарттары: 

-  Шығармашылықтың тууына ішкі кедергілерді жою. 

-  Жұмыс істеу барысында бала зейінін ақыл-ойға шоғырландыру. 

-  Қиял ширақтығын қолдау. 

-  Жалпы шығармашылық іс-әрекетке бағыт-бағдар беру. 

Сурет бойынша өлеңдерді жаттату өлең мәтінін тез жаттауға мәтін мазмұнына сай келетін суреттерді тірек-

схемасы ретінде пайдалану анағұрлым тез көмектеседі және өлеңді еріксіз есте сақтауға мүмкіндік береді 

Мұндай тәсіл балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын, жаттауға ниетін туғызады. Балаға өзі білмейтін 


79

бес сөзді үйретіңіз ол бостан босқа ұзақ қиналады, бірақ сондай жиырма сөзді суретпен байланыстырсаңыз, 

бірден қағып алады. Өлеңді жаттатуда төмендегідей К.Д. Ушинский тәсілдер қолданылады: рөльдерге бөліп 

оқу, тізбектей оқу, тізбек бойынша аяғына дейін айтып шығу, өлеңді көрініс арқылы көрсету, суретті тірек 

ретінде пайдалану. 

Мектепке дейінгі балалық шақтың бойында педагогтардың алдында тұрған міндеттердің бірі – балаларды 

көркем  әдебиеттен,  оның  әртүрлі  жанрларымен  таныстыру.  Өте  ерте  жастан  бастап  көркем  сөзге  деген 

сүіспеншілік  қалыптасады.  Поэзия  қоршаған  орта  туралы  түсініктерді  кеңейтеді,  әдеби  форманы,  туған 

тілінің сазы мен ритмін сезіне алуды дамытады. Поэзиялық шығармалар балалардың көңіл күйіне әсер етеді. 

Өлеңдерді  оқу  және  жаттау  балаларға  сөздің  айтылуын,  саздылығын  аңғартуға  мүмкіндік  береді,  сөйлеу 

мәдениетін  қалыптастыру  міндеттерін  жүзеге  асырады,  дыбыстық  мәнерліліктің  құралдарын  меңгеруге 

көмектеседі  (дыбыс,  дауыс  тембрі,  дыбыстың  күші,  темпі,  ырғағы),  таза  дауыс  екпінін  қалыптастыруға 

мүмкіндік береді. 

Өлеңдерді жаттату әдістемесі үшін балалардың өлеңді қабылдау және есте сақтау ерекшеліктерін білу 

маңызды.  Поэзияны  қабылдауды  өлеңді  есте  сақтау  үрдісі,  балалардың  дыбыстарға  деген  сүйіспеншілігі 

және олармен ойнауы, қайталауы, (рифма) ұйқасқа деген сезімталдығы жеңілдетеді. Керемет халық өлеңдері, 

әзілдері, шумақтары мазмұны жағынан да, түрі және тілі жағынан да кішкентайларға арналған өлеңдерге 

қойылатын талаптарға жауап бере алады. Бұл талаптар төмендегідей: 

1) Ритмнің нақтылығы және қарапайымдылығы; 

2) Өлеңнің өзінің және жекелеген жолдарының қысқалығы; 

3) Балаларға таныс бейнелердің анықтығы және қарапайымдылығы

4) Анық көрінетін әрекеттердегі сипаттаулардың және әсірелеу көріністерінің жоқтығы. 

Балаларға арналған поэзиялық материалдар әзірлеудің келесі бір көзі – бұл әлемдік әдебиет, көркем 

сөздің ұлы шеберлерімен суреткерлерінің шығармалары. 

Педагог көркем сөз оқу өнерін меңгеріп қана қоймай, жаттату үшін таңдап алынған өлеңдердің бүкіл 

қорында білуі тиіс. Әр уақытта өмірдің өзі ұсынатын өлең педагог қызметіне дайын болуы қажет. Балаларға 

ұсынылатын  өлеңдерге  тиісінші  суреттер  дайындау  керек.  Алынған  түсінікті  тәжірибе  түрінде  сенсорлық 

жолмен бекіту үшін сурет сөздің қызметкері болып табылады. Балаларға өлеңді жаттатуда тәрбиеші өзінің 

алдына бірнеше міндеттерді қояды: 

- Өлеңді білуге деген тілегін және өлеңге деген қызығушылығын ояту; 

- Тұтас мазмұнын және жекелеген қиын тұстарын, сөздерін түсінуге көмектесу; 

- Еске сақтауды қамтамасыз ету

- Тыңдармандардың алдында мәнерлеп оқуға үйрету – поэзияға деген сүіспеншілікке тәрбиелеу. 

Бұл міндеттер сабақтардың құрылымын және мәтінді балалардың жақсы меңгеруі және жаттауы үшін 

негізгі  тәсілдерді  таңдауды  анықтайды.  Жаттатуға  арналған  өлеңді  таңдауда  оның  көлемін  ескеру  қажет: 

Кішкентай топтағыларға 1-2 шумақ, ересек топтағыларға одан көбірек. «Балабақшадағы тәрбие бағдарлама-

сы» ұсынған шығармалардың тізімін балалардың жаттауына арналған шығармаларды таңдауды қамтамасыз 

етеді. Сонымен қатар, тәрбиеші балалардың қызығушылығын ескере отырып, жаңадан шыққан өлеңдерді 

таңдай  алады.  Орташа  есеппен  балалар  бір  айдың  ішінде  1-2  өлеңді  жаттай  алады  (сабақтарда).  Кейбір 

шығармалар  (санамақтар,  өлеңдер,  мазақтамалар)  ойын,  серуен  барысында  еріксіз  жатталып  қалады. 

Өлеңдерді мәнерлеп оқуды қамтамасыз ететін тәсілдер мәнерлеп оқу үлгісін қалыптастырады. 

Баланың  өз  өміріндегі  ұқсас  жағдайларды  еске  түсіру,  басынан  кешкен  сезімдерін  тірілту,  бағдар 

беру,  кейіпкерлерді  сипаттау,  қажетті  дауыс  ырғақтарын  таңдауға  көмектесу.  Баланың  мәнерлеп  оқуына 

тілдік тыныс алудың дұрыстығын әсер етеді (терең тыныс алу, ұзақ тыныс шығару), дауыстың күшін, сөйлеу 

жылдамдығын  реттей  алу  дағдысы,  дыбыстар  мен  сөздердің  жақсы  артикуляциясы  да  ықпал  жасайды. 

Орындау  шеберлігі  тыңдау  техникасын  екпінді,  тыныс  алуды,  орфоэпияны  меңгеруді  талап  етеді.  Осы 

мақсатта  әртүрлі  жаттығулар  жүргізіледі,  дыбыстар  мен  сөздерді  таза  айтуға,  дауыс  ырғағын  мәнерлеуге 

бағытталған жаттығулар, логикалық екпіндердің мәнін анықтау дағдысына тәрбиелеу іске асады. 

Өлеңді жаттау процесі (үрдісі) балалар үшін де күрделі, өйткені бір мәтінді бірнеше рет қарауы керек, 

тәрбие  үшін  де  олардың  өзіндік  ерекшеліктерін  және  еске  сақтау  қасиеттерін  ескеруі  тиіс.  Педагог 

балалардың қайсысы тез есінде сақтайтынын, қайсысы жай, қайсысы толық, қайсысы жартылай жаттайтынын 

және кімге мәтінді дауыстап айтуға көмектесетінін білуі тиіс. Өлеңді жаттату сабағының құрылымы тыңдаған 

мәтін бойынша түсінік айтуға үйрететін сабақ құрылымының мазмұнына ұқсас болып келеді. Ең алдымен 

балаларды өлеңді қабылдауға дайындаған дұрыс қысқаша кіріспе-әңгіме өткізу қажет. Тәрбиеші балалардың 

бейнелік  еске  түсіру  қабілеттеріне  сүйенеді,  ұқсас  бейнені  еске  түсіруге  көмектеседі  (Алтын  күз,  көңілді 

мереке  суреттері).  Өлең  тақырыбына  сәйкес  нәрселерді:  ойыншықтарды,  суреттерді  көрсетуге  болады. 

Сосын өлеңді мәнерлеп оқиды және оны қайталайды. Естияр тобында өлеңді қайталап оқымас бұрын өлеңді 

жаттап алу қажет екендігін ескертеді (Бұл еске сақтау сапасын көтереді) және өлең жайлы, оның оқудың түрі 

туралы шағын түсінік әңгімелесу өткізеді. 

Әңгімелесуден  кейін  тәрбиеші  қайтадан  оқиды.  Бұл  шығарманы  толықтай  қабылдауға,  орындау 

ерекшеліктеріне ықпал етеді. Сосын өлеңді балалар оқиды. Өлең толық (тұтастай) жатталынады, бұл еске 


80

сақтауды  дұрыс  дайындауды  және  оқығанның  мәнін  түсінуді  қамтамасыз  етеді.  Балалар  хормен  емес, 

жеке жеке өлеңді қайталайды, сонда ғана мәнерлеп оқудың құралдарын таңдаудағы баланың өз бетінше 

әрекеті сақталады. Сабақтың басында, мәтінді бірнеше рет тыңдауды қамтамасыз еткеннен кейін, тез есіне 

ұстайтын балаларға қайталауды ұсынады. Оқу барысында тәрбиеші мәтінді есіне салып отырады, балаларға 

орындарынан айтқызады, оқу тақырыбы туралы түсінік және нұсқаулар береді. Кейде кейбір жауаптарға 

толық бағалау жасайды. 

Егер балалар мәнерлеп оқымаса, онда педагог оқу үлгісін тағы да ұсына алады. Ол жауап беруге есіне 

жай сақтайтындарды да шақыра алады, бүкіл мәтінді ұзақ үзіліссіз айтып берулеріне көмектесуге тырысады 

(белсенді  көмектеседі,  ынталандырады).  Түсінік  әңгіме  процесінде  де,  сондай-ақ  жаттату  барысында  да 

балалардың мәнерлеп оқуын қалыптастыруда үлкен жұмыстар жүргізіледі. Сабақты ең жақсы орындаумен 

аяқтау қажет: мәнерлеп оқитын баланы шақыру; балалардың жақсы көретін ойыншығын әкеліп, соған қаратып 

жаңа өлеңдерін оқытуға болады. Әдете жаттау сабаққа бөлінген уақыттың бәрін алмайды. Қалған уақытты 

басқа әрекетке арнап та жүргізуге болады: балалар бұрынғы жаттаған өлеңдерін қайталап айтады, тағы бір 

прозалық шығарманы тыңдатуға, оларға таныс жаттығуларды немесе сөйлеу техникасы бойынша ойынды 

ұйымдастыруға болады. Психологтар жаттау үшін өлеңді 8-10 рет қайталау қажет деп атап көрсетеді бірақ 

оны бір емес бірнеше рет сабақта жүргізу керек. Балалардың жатталынатын мәтінге қызылушылығын қолдау 

ушін жаттау нәтижесін жақсарту үшін қайталау формасын өзгеріп отыру өте маңызды. Сабақта жатталған 

өлеңді бөліп-бөліп оқыту, «Кім оқығанын тап» ойынына қатыстыру арқылы өткізуге болады. 

Сабақтарда,  мерекелерде,  үйде,  ойындар  нәтижесінде  өлең  баланың  есінде  ұзақ  сақталады,  ауызекі 

сөйлеуде қолдана алады, есіне жеңіл түсіре алады. 

Өлеңдерді жаттату барысында балалардың жеке ерекшеліктерін, олардың бейімділігін, талғамын, кейбір 

балаларда  тақпаққа  деген  қызығушылықтың  болмауын  ескерту  қажет.  Үндемейтін  балаларға  ырғақты 

өлеңдер,  қалжыннамалар,  шағын  әндер  ұсынылады.  Ұялшақ  балаларға  қалжыннамалардан  өз  атын  естіп, 

соның орнында өзінің болуын сөзінің жайлылық береді, өлеңдегі ұйқас пен ырғақты нашар қабылдайтын 

балалар көңіл аударуды қажет етеді. 

Әр жастағы балалардың өлең жаттатудағы өзіндік ерекшеліктері бар. Кішкентай тобындыларға жаттауға 

шағын өлеңдер беріледі – А. Барто, «Ойыншықтар», Д. Хармс «Кораблик». Оларда балаларға жақсы таныс 

ойыншықтар,  жануарлар  және  балалар  сипатталған.  Көлемі  жағынан  бұл  төрт  жолдық  өлеңдер,  олардың 

мазмұны түсінікті, композициясы бойынына қарапайым, нақты ұйқасы көрінетін, көңілді ырғағы бар. Ойын 

әрекеті жиі кездеседі. Өлеңдердің бұл ерекшеліктері оны жаттау процесін жеңілтеді. 

Ойындық сәттің болуы, өлеңдердің кішкентай көлемі мәтінді жиі және ойын тәсілдерін өлеңді жаттау 

процесінде  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Төрт  жастан  кіші  балаларда  өз  еркімен  есте  сақтау  қабілеті 

жеткіліксіз болғандықтан сабақтарда өлеңді есте сақтау міндеті қойылмайды. Дегенмен өлеңдер бірнеше 

қайтара оқу арқылы жаттауды тәрбиеші бес рет мәтінді әртүрлі тәсілдермен оқып шығады. 

Мектепке  дейінгі  кезеңнің  ортасында  поэзияға  деген  қызығушылыққа  тәрбиелеу  жұмысы  жалғасады, 

еске сақтау және мәнерлеп оқуға табиғи дауыс ырғағын қалыптастыру тілегі оянады. 

Өлеңді жаттату арнаулы сабақ түрінде немесе шығарманы есте сақтату міндетін көздеген сабақтың бір 

бөлігі ретінде өткізіледі. Көлемі ұлғайған, мазмұны және түрі жағынан неғұрлым күрделі өлеңдер ұсынылады. 

Жаттату  әдістемесі  күрделенеді,  жоғарыда  қарастырылғандай  орта  және  ересек  топтарға  арналған 

біртұтас сабақтар құрылымы енгізіледі. Әрине, сабақтың ұзақтығы, талдаудың мазмұны, түрі, мәнерлеп оқуға 

үйретудің тәсілдері әр жаста әртүрлі болады. Орта топта, әсіресе жылдың басында, көрнекі материалдар 

қолданылады. 

Балалар есейген сайын мәнерлеп оқу мен оны есте сақтаудың тәсілдерін түсінуге және саналы меңгертуге 

күш салу қажет. Орта топта өлеңді оқыған кезде, қысқаша талдау жасағанда балалардың назарын көркем 

бейнелерге, салыстыру элементтеріне, метафора, эпитеттерге аудару қажет. Бала өлеңнің мағынасын түсінуі 

керек. Ол не туралы өлең оқып тұрғанын түсінген кезде ғана, логикалық екпіндерді өздігінен қоя салады. 

Әйтпесе, ұйқас сөздерді бөліп көрсету дағдысы қалыптасып, шығарманың мазмұны келіңкіремейді. 

Өлең мәтінін балалардың тиімді жаттауы ушін өз жұмысымда мәтін мазмұнына сәйкес келетін суреттерге 

сүйенемін.  Суретті  қарай  отыра  тыңдаған  мәтіндегі  бейне  өлеңді  тезірек  еске  түсіруге  мүмкіндік  береді. 

Мұндай жаттату әдісі балалардың сабаққа деген қызығушылығын оятады. Өлеңді жатқа жаттау процесінде 

өлеңді таңдау және оны еске сақтау ушін жасалатын жұмыстардың екеуінің де маңызы зор. Тәрбиешілер 

және ата-аналар жатқа айтуға қандай өлеңдерді таңдау керектігін білулері керек. Ең алдымен қойылатын 

талап өлеңдегі сөздердің мағынасының түсініктілігі және нақтылығы. Сонымен бірге баланың есінің даму 

қасиеттерінің  ерекшеліктерін  ескеру  қажет  үш  жасқа  дейінгілердің  есі  ерікті,  бірақ  механикалық,  қысқа 

көрнекі болып келеді. Мектепке дейінгі кезеңнің ересек жастағыларда жүйелі жатқа айту барысында естің 

ұзақтылығы, бейнелілігі, түсініктілік, еріктілік дамиды. Қосымша ізденістер мәнерлеу, анық ырғақ, қосымша 

маттериалдар  арқылы  қызықты  түрде  жеткізуден  көрінеді.  Өлеңді  есте  сақтауға  ақынның  өмірбаянымен, 

өлеңді  құрастырудың  шығармашылық  тарихымен  таныстырудың  маңызы  зор.  Бұл  балалардың  мәтіннің 


81

өзін білуге, оны жаттап алуға деген ұсынысын оятады, лирикаға жетелейді. Бала мәтінді сегіз он екі реттен 

қайталаған кезде жаттап алатындығы көрсетілген. Ал оны бір немесе екі кезеңде қолдануға болмайды. 

Соңында қорытындылай келе жоғарыда айтылған түрлі әдіс-тәсілдерді көркем әдебиет сабақтарында 

өлеңдерді жаттауда қолдану балаларды жаңа біліммен, тәжірибемен байытады. Соның нәтижесінде: 

- Балалар өлең жолдарын тез жаттап, қабылдай алады. 

- Баланың коммуникативтік, тілдік іскерлігі жетіледі. 

-  Бала  өз  ойын  қысқаша  жеткізе  білу  дағдысы  қалыптасып,  тілдік  шығармашылық  қызығушылығы 

қалыптасады. 

Әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып,  мектепке  дейінгі  кезеңнің  ортасында  поэзияға  деген 

қызығушылыққа тәрбиелеу жұмысын жалғастыра отырып, еске сақтау және мәнерлеп оқуға табиғи дауыс 

ырғағын қалыптастыру тілегін оята білуіміз керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет