Қазақ телевизиясы тұңғыш дикторлары



Дата07.07.2023
өлшемі27,32 Kb.
#104065

15-билет

  1. Қазақ телевизиясы тұңғыш дикторлары

Қазақ тілінің үндестік заңын – сингармонизм заңдылығын сақтап эфирде сөйлеген дикторлар – жас ұрпақтың құлағына әсем де әуезді қазақ тілін құя білді. Көгілдір экранның көркін ашқан, сұлулық символына айналған дикторлар күнде кешкісін қазақ шаңырағының төрінде отыратын, диктор оқыған – сөз де дұрыс, ақпарат та шынайы қабылданатын. Сондай ардақты ардагерлеріміздің бірі, тұңғыш диктор Зұлқия Жұматова. 1958 жылы «Балалар бағдарламасына редактор боламын» деп телеарнаға келген ол ойда-жоқта дикторлардың байқауынан бір-ақ шығады. 37 жастағы келіншектің қабілетін Шәкен Айманов байқап қалады. Зұлқия апай режиссерге өзі шығарған өлеңді мәнерлеп оқып береді. Осылайша, көзге түсіп, 800-дей адамның ішінен іріктеліп алынады. 1958 жылы 5 наурызда жарлық шығады. Бұл бір жапырақ қағаз Зұлқия Жұматованың Қазақ телевизиясының шымылдығын алғашқы болып ашуға мүмкіндік береді.
Зұлқия Жұматова, Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы:
- Біз ең алғашқы шыққанда тіземіз әуелі дірілдеп тұрды. Ол уақытта мұндай теледидар жоқ. Таңертең барамыз, түнгі сағат 1-дің кезінде қайтамыз. Балалар бағдарламасы, жаңалықтар, саяси, барлығын өзіміз өткіземіз.
Қазақ телевизиясының тарихында қалған тағы бір жүргізуші – Ләзиза Аймашева. Ол 1959 жылы көгілдір экран арқылы ақпарат таратқан. Одан кейін эфир көркін ашқандар: Орынбала Оразбаева, Ләскер Сейітов, Мариам Айымбетова, Всеволод Иванов, Лидия Тюльменко, Қажы Қорғанов, Тыныс Өтебаев сынды ардагерлер. Ал, 1980 жылдары қазақ телевизиясына орта буын өкілдері келді.

Баян Балтабайқызы еңбек жолын 1986 жылы Целиноград облыстық телевизиясында бастаған. Республикалық арнаға байқау жарияланған кезде жүзден жүйрік шығып, Орталық телевизияның дикторы атанды. Сол кезде аты дүркіреп тұрған «Время» хабарын жүргізді. Бұдан бөлек, журналист, редактор болып қызмет еткен Баян апай ол кездегі жұмыстың шыжығы мен қызығы қатар жүргенін айтады.


Баян Секербаева, Қазақ телевизиясының ардагер журналисі, диктор:

  • Ол кезде суфлер деген ештеңе болмайтын. Біз өзіміз көп нәрсені жаттап айтатынбыз.

Альбина Әшім, тілші:

  • (1960 жылдар) Телевизия дәуірінің бастауында тұрған дикторларға қатаң талап қойылатын. Эфирге киген киімдері ала-құла болмауы шарт еді. Алайда, кей батылдау жүргізушілер осындай үлгіде киінетін. (1980 жылдар.) Телевизия дамыған сайын жаңалықтар форматы да өзгере түсті. Дикторлардың киім үлгісінде еркіндік пайда болды. Жүргізушілер сол кездегі сәннен қалыспауға тырысатын. (2018 жыл) 60 жылда сән де, талап та талай құбылғанымен, бір нәрсе өзгеріссіз қалды. Ол – жүргізушілердің телевизиядағы орны. Диктор әр үйге қонақ болып келіп, тұтас ұжымның жұмысын көрерменге бір өзі паш етеді. Диктор – арнаның келбеті, басты бетке ұстары.

  1. Телевизиядағы ақпараттық жанр

Тележурналистиканың ақпаратты жанрлары телевизияның ең бірінші кезектегі функциясын, яғни, қалың бұқараны ақпаратпен қамтамасыз ету міндетін жүзеге асыру процесінде жаңалықтар желісі ретінде көгілдір экраннан орын алады. Тележурналистика жанрларының бұл тобындағы ең шағын, әрі ең күрделі жанр – телеақпарат. Қысқа да, нұсқа бас – аяғы бес – алты сөйлемнен тұратын бұл журналистік туынды толыққанды сипат алу үшін алты сұраққа жауап беруі керек. Ақпарат алудың ең негізгі тәсілі болып табылатын телесұхбат жанрының өзіне тән белгілері мен заңдылықтарын сақтаудың басты принципі нақты сұраққа нақты жауап болып табылады. Күнделікті өмірде болып жатқан қоғамдық маңызы бар оқиңғалар мен орын алған құбылыстар телерепортаж жанрының үлесінде. Еліміздің саяси өміріндегі ресми іс – шаралардың қысқаша мазмұнын мән – маңызына қарай іріктеп, жинақтап ұсынатын – есеп жанры. Көгілдір экранның қуатын арттырып, қоғамдық пікір алуандығын алға тосып, өткір де өзекті мәселелерді халықтың назарына ұсынатын жанр – қадрдегі сөз (выступление). Дәріс аясында әр жанрға жеке – жеке тоқталып өтіп, олардың әрқайсысына күнделікті көгілдір экрандағы бейнематериалдардан нақты мысалдар келтіру арқылы талдау жасалады.

  1. Тәуелсіз радиоарналар

16-билет


    1. Алтыбақан, Көкпар

1970-80 жылдары Қазақ теледидары жастар бағдарламасының шығармашылық тұрғыдан қанат жайып, жарқырап көрінгендігі, әр түрлі телетәсілдерді оңды пайдаланып, хабардың мазмұны мен берілуі, суреттердің көрінісі, кинотаспалардың сапасы, хабрдың музыкамен көркемделуі жиналған мол тәжірибесімен ұштасып, телекөрермендерде елең еткізген, соны, тың бағдарламаларды телеэкрнға шығаруға мүмкіндік берді. Ұлттық бояуы қанық, әдет-ғұрып, салт-санамызбен астасып, жарастық тапқан «Алтыбақан» арқылы бүгінде халқымыздың әдебиеті мен мәдениетінің мақтанышы болған ақын, жазушылар, өнер тарландары кеңінен танылды. Бүгінгі қазақ эстрадасы жарық жұлдыздарының тұсауын кескен де осы хабар. «Алтыбақанда» аулдың алты ауызы, қонақ кәде тәрізді жоралғылар, домбыра жағалату салты, қыз мен жігіт айтысы, қыз қуу, ақсүйек, орамал тастау ұлттық ойындары қайтадан жаңғырды. Хабар бастан–аяқ бір сюжетке құрылған, оқиғалары бір-бірінен өрбіп отырады. Орамды ұйқас, жарасымды әзіл, ұтымды ой, көркем тіл, тапқырлық бірнен-екіншісіне жеңіл ауысып, желісін жымдастырып жібереді. Ән айтылса, қазақтың халық әндері, би биленсе, қазақтың ою-өрнегі, әдет-ғұрпы бейнеленіп, хабардың ұлттық бояуын қоюлатты. Осының бәріне қарамастан, хабар өту жинақы.


«Алтыбақан» - ұлттық бояу, реңі қою, әсіресе ауыл жастарның өнерін дамытуға арналған мәдени-рухани бағыттағы алғашқы ойын-сауық бағдарламасы, ол өзінің бар болмыс, бітімімен Қазақ теледидары тарихында «ұлттық хабар» ретінде қалады. Хабардың аты, ұлттық киімдер, ойындар, ұлттық дәстүрге, әдет-ғұрыпқа негізделген мазмұны, түрі бұған дәлел.
Сонымен қатар, «Көкпар» хабарының да ұлттық бояуының басымдығын атауға болады. Әйтсе де «Көкпар» сол кездегі Орталық теледидардың «Что? Где? Когда?» бағдарламасының баламасы. «Көкпар» бұл телеойыннның өрнегіне, сыртқы түріне еліктеді, ал ішкі мазмұны өзінікі, өз соқпағын тез тауып, ұлттық дәстүрмен жалғастық тапты. Бүгінде көптеп кездесетін көшірме хабарлардан «Алтыбақан» өзінің түпнұсқалық сонылығымен ерекшеленіп, құны арта түседі.
«Көкпар» алғашқы эфирге шыққаннан бастап-ақ назарға ілігіп, әрқилы пікірлер айтылды. 1984 жылы О.Бөкеев «Көкпарға» деген ықыласын былай білдірді: «Бәрн біліп, зердеңе тоқып жүру мүмкін емес. Сондықтан да өз басым «Көкпар» хабарын үзбей көруге тырысамын және осы хабардан өзіме ылғи қосымша информация алып жүрген сияқтымын. «Көкпардың» жастарға, білім қуған, оқуға, тоқуға ұмтылған қыз-жігіттерге берері көп қой деп ойлаймын. Зерделі жастардың білім-білігіне әзірше көңіл толмай жүр. Сол себептен де «Көкпаршылардың» іздене түскенін, намысты қолданбермес үшін ойлырақ болғандығын қалар едік23.
Хабардың мыныдай ерекшеліктері болды:
1. «Көкпар» алғыр ой мен ұшқыр қиял, тапқыр шешім мен табанды пікір, біліктілік пен білімділік бәсекесі;
2. Жастардың бірлесіп ойлау мәдениетін қалыптастырады;
3. Білім толықтырады;
4. Эмоциялық әсері (бей-жай қалдырмау, өзара пікір таластыру) жоғары болады.
Ойындағы халқымыздың арғы-бергі тарихын, мәдениетін, рухани мұрасын жаңғыртып, еске алуға жетелеген ойлы сұрақтар барысында жастардың білім парасаты, дүниетанымы, тапқырлығы танылды.
Алматы, Павлодар, Қарғанды, Ақмола облыстық телевизиялық студияларының көмегімен де хабарлар ұйымдастырылды. Бұл бағдарламалардың ықпалдылығын сол кезде жер-жерлерде «Алтыбақндар» мен «Көкпарлардың» ұйымдастырыла бастағандығынан көруге болады. «Көкпар» тек зерделі жастар сайысын ұйымдастырып қана қоймай, белгісіз өнерпаздарға жол ашты, республикадағы студент жастардың өміріне серпіліс енгізді. Жеңімпаз команда халықаралық жастр орталығына баратын тегін жолдамаға ие болды. Хабардың тағы бір мақсаты – ойлау мәдениетін қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ойынды жеткізе білуге мысқалдай болса да көгілдір экран арқылы көмектесу. Ойлануға берілген 60секунд ішінде тас-түйін болып, бар мүмкіндікті сарқа пайдалануға, қиыннан қиыстырып, аяқ асты шешім қабылдауға үйрету.
Өнер, ғылым, білімдегі ерекше өмір жолы бар адамдармен жастар арасындағы салиқалы әрі салмақты әңгімелер барысында көптеген жасөспірімдердің бойында адамгершілік қасиеттері бас көтеріп, биік мақсаттары қалыптасты.
Радиодағы көркем деректі журналистика
РАДИОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ДЕРЕКТІ — КӨРКЕМ ЖАНРЛАРЫ
Радиожурналистиканың деректі-көркем жанрлары радионын табиғатын танытып, оның тек бұқаралық ақпарат кұралы ғана емес, үлкен өнер саласы екенін көрсетуге мүмкіндік береді. дыбысталатын тіл кұдіретімен деректі-көркем туындылардын жасауына жол ашты. Өйткені, жанрлардьң бұл тобы радиожурналистика мен радиодраматургияның үйлесімі мен үндестігі аясында дүниеге келетін радиотуындыларды қамтиды. Олардың құрылымы деректі және әдеби-көркем элементтердің синтезімен, өзара бірлесіп әрекет етуімен сипатталады.

Радиожурналистиканың деректі-көркем жанрлары-радиоочерк. радиофельетон, деректі драма. радиокомпозииия.


Радиоочерк — ақпаратты, талдамалы жанрлар функциясын атқара отырып. қамтитын тақырыбынын ауқымына, бейнелейтін нысанасын теренінен дәйектеу дәрежесіне қарай деректі-көркем жанрларға келіп топтасады.
«Алғашында радиоочерк газет жанрларының сөйлеу тіліндегі байланысы ретінде қабылданды. Кейін оған талап күшейіп, тіпті, тікелей әсер алу, дауыс ырғағының нанымдылығы сақталған жағдайда автордың очеркті жай оқып шыққанының өзі белгілі бір оң нәтиже беретін болды» деп мәлімдейді зерттеуші М. Барманқұлов. Осы кітап авторы радиоочерк жанрының тарихы негізіне былайша тұжырым жасайды: і:Очерк жанрының радиоға бейімделуі біртіндеп жүзеге асты. Деректі жанр акустика әлеміне келіп әдеттен тыс ортаға бейімделді. Жалпы. радиоочерктің қалыптасуы ескі бағытта жүрді. Біріншіден, радиоочерктің тілі әдеби-көркем тілге біртіндеп жақындай берді. Екіншіден, очерктің құрылымына радионың табиғатына тән қосымша элементтер келіп қосылды. Бұлар бейнелі, жанды сөзбен етене ұштаса отырып, очерк жанрының мүмкіндіктерін
кеңейтті, оны жаңа бейнелеу құралдарымен байытты Радиоочерк жанры 30-жылдардың соңына қарай Қазақ радиосынын эфирінен ресми түрде беріле бастады».
Радиоочерктің негізгі нысанасы адам, проблема, кейде оқиға болып табылады. Оның ең басты ерекшелігі — кейіпкердің немесе оқиға куәгерінін деректі-жанды әңгімесі. Сондықтан да, радоочерк шынайы дерекке, толыкқанды дәйекке құрылады. Өйткені, оның кейіпкері нақты өмірдегі адамның өзі. Сол тұрғыдан алғанда радиоочерк өнер туындысы. көркем шығарма болып есептеледі.
Жанрлық даму тенденциясына байланысты радиоочерктің үш тармағын талдап айтқан жөн.
1. Алғашыңда радиоға тән сипатта емес, жалпы журналистиканың принциптеріне сүйеніп жазылған жазушылар мен әдебиетшілердің газет-журнал бетінде жарияланып, эфирден оқылған очерктері.
2. Тыңдаушыға қалай естілетіні ескеріліп, музыкамен көркемделетіні есепке алынатын арнайы жазылған радиоочерктер эфирден берілетін болады.
3. Дыбысталатын көркем мәтінмен бірге кейіпкердің накты әңгімесін таспаға түсіріп алып қоса беретін жанды дерекке құрылған шын мәніндегі шынайы радиоочерктер эфирге шықты, яғни, радионың табиғатына тән радиожурналистиканың дерек-көркем жанры сипатында құрылымдыкқ ерекшеліктері мен айқындалған толыкқанды радиоочерк қалыптасты.
Радиоочерктің жанрлық элементтері: журналистің микрофон алдындағы жаңды әңгімесі, дыбыстық деректерінде таспаға түсіріліп алынған оқиға кейіпкерінің өз сөзі, дәйекті деректер мен мәліметтер, жеке адамиыи тұлғасын сомдау, көркем шегініс пен көркем ойдан қосу, музыка және дыбыс эффектілері.
Бейнелейтін нысанына қарай радиоочерк үш түрге бөлінеді: жолсапар, проблемалық және портрепгтік.
1. Жоясапаррадиоочерк. Онда журналистін іс-сапар кезінде көрген-білген фактілері, құбылыстары, оқиғалары туралы адамзат тағдырындағы сан қилы сәттер жайлы алған әсері.
түйген ойы баяндалады. Жолсапар радиоочерк ел мен жер, әлем аясында жасалатын радиосаясат. Ол журналистің болмысты тану және сол тұрғыда түйгендерін тыңдарманға жеткізу әдісі ретінде жүзеге асады.
2. Проблемачыцрадиоочерк. Мұнда заман ағымындағы. күн тәртібіндегі проблема негізгі нысанаға айналады да. журналист нақты деректерге сүйене отырып соның шешілу жолдарын сөз етеді, осы орайда журналистік позициясын танытып өзіндік ой толғайды. Қазіргі заманғы электронды БАҚ-та радиоочерктің бұл түрі журналистік зерттеу деп те аталады.
3. Портпреттік очерк. Бұл радиоочерктің кең таралған, әйгілі түрі. Өйткені, ол жеке адамның тағдырына. оның өмірі мен еңбек жолына, бастан өткерген қиындықтары мен қол жеткен табыстарына арналады. Дыбыстық сипаттағы деректер мен көркем образдар негізінде жеке тұлғаның жанды сөзбен сомдалған портреті жасалады.
Әлбетте, радиоочерктің үш түрге бөлінуі шартты қисын екенін ескеру қажет. Өйткені, проблеманың адамға, адамның проблемаға қатысты болмауы, іс-сапар кезінде адамға, проблемаға байланысты мәселелердің ұшыраспауы мүмкін емес. Бірақ, кез келген тақырыптын негізгі аспектісі болады. Очерк түрлеріне тән белгілер де содан келіп туындайды,
Радиоочерючң сәтті шығуы журналистің алдын ала жасалған әзірлігіне байланысты. Бұл ретте очерк объектісін қажетті деңгейде зерттеудің маңызы ерекше. Зерттеу нәтижесінде очерктің құрамдас бөліктерін, көркемдік желісін. жалпы біртұтас композициясын ойластыра алады. Радиоочеркті жазу процесі күндерге, айларға, тіпті, жылдарға созылуы мүмкін. Өйткені. автор адамнын жеке тұлға ретіндегі өмірлік белестерін, оқиғаның даму барысын белгілі бір уакытаралығында зерттеуі мүмкін. Қазіргі таңда радиоочерк жанры өкінішке орай өте сирек кездеседі. Эфирдегі дүниенің бәрін қысқа-нұсқа қайыруға тырысатын қазірғі заманғы радиожурналистер ақпаратты, содан соң талдамалы жанрдан әрі аса алмайды. Негізінде, заманның айтулы оқиғалары мен талантты тұлғалардың өмірі мен еңбегі турасындағы дыбыстық деректерді деректі-керкемтуындыларды ;Алтын қорда»‘ сақтау үшін очерктің үш түрін де қолданыс аясына енгізу қажет-ақ.
Радиофельетон. «Бұл — қоғамдық құрылыста кездесетін зиянды құбылысты ащы әжуаға айналдыратын жанр. Ондағы мақсат жақсы сценарий жазумен қоса, жанрдың акустикалық табиғатынан туындайтын өзіндік ерекшеліктерді дұрыс игергенде ғана жүзеге асады. Радиофельетонның объектісі біздің әлеуметтік өмірімізге, тұрмыс-тіршілігімізге, әдет-ғұрпымыз бен салт-санамызға сай емес. жалпы ілгері дамуымызға кедергі болатын жағымсыз фактілер», — деп зерттелген. Арқау болатын фактілердің сипатына қарай радиофельетондар деректі және деректі қойылымды деп екіге бөліп қарастырылады. Біріншісі — таспаға түсірілген жазбалардан, яғни белгілі бір нақты айғақтан тілшінің, яғни, автордың өзі оқитын мәтіннен тұратын деректі радиофельетон. Екіншісі — эфир сахнасында әртістердің орындауымен жасалатын және типтік деңгейде жинақталған фактілерге негізделетін деректі-қойылымды радиофельетон».
Фельетондағы факті сырт көрінісімен бірге іштей кайшылык дэрежесіне қарай екі түрлі сипатта болады. 1) Қандай да бір құбылыстың біздің өмірімізге, салт-дәстүрімізге мүлде сай келмейтін оғаштығынан туындаган ешқандай әдеби өңдеусіз-ақ өзінен-өзі күлкі тудыратын әсерлі фактілер. Мұндай фактілер фельетон үшін дайын материал болып табылады. 2) Жалпы адамзат бойында кездесетін ұнамсыз қылықтар салдарынан туындайтын өмірде жиі ұшырасатын жағымсыз фактілер. Мұндай фактілер жиынтығы радиофельетонға өздігінен негіз бола алмайды. Сондықтан да ол фактілерді сатиралық жинақтау арқылы топ-тастырып, типтендіру үшін фельетонистің шығармашыльқ тапқырлығы қажет. Демек, жалпы алғанда фельетондағы факті екшелген, жинақталған, түйінделген, тұжырымдалған даму заңдылығы бар шындықтың бір бөлшегі, кәдімгі өмірдің өзінің көрінісі болуы шарт.
Радиофельетон күнделікті өмірде. заман ағымында өзіміз бетпе-бет тап болатын коғамдағы келенсіз жайттармен, кейбір кертартпа әрекеттермен күресуге арналған әдіс, типтік кемшіліктерді жоюға қолданылатын журналистік тәсіл. өткір де өміршең жанр.
Радиокомпозиция — радиожурналистиканың бейнелеуші құралдарын біртұтас, әрі толық мәнде пайдаланудың кешенді қисынын жүзеге асыруға жол ашқан жанр.
Радиокомпозиция — құрамына дыбыстық дерек. музыка, әдеби материал енетін, автордың шешімімен алуан түрлі материал бір тақырьш аясында топтасатын радиохабар.


  1. Балапан телеарнасы

«Балапан» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері

Директоры:


Мақпал Жұмабай - 1985 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы «Кино және ТВ бөлімі» мамандығы бойынша ғылым магистрі. 2003-2008 жылдар аралығында республикалық «Ана тілі» ұлт газетінің тілшісі, бөлім редакторы; 2008-2011 жылдар аралығында «Қазақстан» телеарнасы Таңғы бағдарламалар бірлестігінің редакторы, шеф-редакторы; 2011-2013 жылдар аралығында «балапан» телеарнасының шеф-редакторы, продюсері; 2014-2018 жылдар аралығында Қазақстанның ашық кітапханасы – ууу.кітап.кз жобасының жетекшісі; 2018 жылдың 2 ақпанынан бастап «балапан» телеарнасының директоры.

Марапаттары: • Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының иегері (2006 ж); • ҚР Президент қоры грантының иегері (2017 ж).

Қосымша деректер: • ТЕДхАлматy конференциясының спикері (2017 ж); • Қазақ ПЕН-клубы мүшесі; • Ұлттық аударма бюросының «Гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакторы. [14]

Бас-редакторы


Әйгерім Балғабаева - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Журналистика мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын «Астана ақшамы» газеті мен «Астана» журналында тілші болудан бастаған. 2014-2015 жж. «балапан» телеарнасының тікелей эфирдегі «Ойлан, тап!», «1000 түрлі» сұрақ бағдарламасының редакторы; 2016 жылдан бастап «балапан» телеарнасының бас редакторы.

"Балапан" телеарнасының бағдарламалары


Өңдеу
"Тентегім"
Балалардың күнделікті өмірінен алынған қызықты оқиғаларға құрылған бағдарлама. Жүгіріп жүріп күлдіретін, бүлдіретін балалар осында.

«Жүзден жүйрік» Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы. [15]


Бағдарлама спорттық командылық жарыс ретінде өтеді. Ойынға қатысушы балаларды да көрермендерді де бірлікке, бауырмалдыққа шақырады. Бұл тек спорттық ойын ғана емес,...

"Бауырсақ"


Бағдарлама балаларды ағзамызға пайдалы тағамдар құрамымен таныстыра отырып дұрыс тамақтануға шақырады. Сондай-ақ балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру үшін...

«Һелло, Балапан!» Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы. [16]


Бағдарлама балалардың ағылшын тілін меңгеруіне ықпал етіп, қызығушылықтарын тудырады. «Һелло, Балапан!» мектеп табалдырығын енді аттаған балаларға таптырмас көмекші.
Санамақ
Балаларға арналған экономикалық алғашқы бағдарламамызды «Балапан» арнасынан тамашалаңыздар. Дүниенің құпия сырларын қарапайым да түсінікті тілмен Жұлдызбек...
«Алақай, балақай!» Мұрағатталған 2 шілденің 2014 жылы.
Бағдарламаның мақсаты - баланы жастайынан салауатты өмір салтына бейімдеу. Спорт деннің саулығын арттырып ғана қоймай, баланы тәртіпке, шыдамдылыққа, қажырлы болуға...
«Айжұлдыз» Мұрағатталған 16 тамыздың 2014 жылы.
Балаларға ұйқы алдында қызықты әңгімелер айтылады. Олар баланың санасын баурап, ой танымын кеңейтуге әсер етеді. Ертегі мен шынайы өмірді ұштастырған бұл әңгімелер...
"Кел, ойнайық!"
Бағдарламаның ойыншылары - балалар. Сондықтан өз құрдасының іс-әрекеті, сөйлеуі, ойланып шешім айтуын көру - көрермен баланы қызықтырады. Балалар жарыса жүріп, ойын үстінде шыңдалады, балалар әдебиеті мен музыка, т.б. өнердің түрлерін үйрене отырып танымын арттырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет