132
сəйкес келеді) левомицетиннің қалдықты мөлшері жиі байқалады.
Тетрациклин кең спектрлі əсері
бар тиімділігі жоғары анти-
биотик болып табылады, медицинада əртүрлі ауруларды емде-
уге, сонымен қатар мал емдеуде микробқа қарсы əсері жоғары
болғандықтан қолданылады, (хлортетрациклин, окситетра-
циклин) тетрациклинмен ластанған
өнімді тағамға қолданған
адамның берілген антибиотикке микрофлора тұрақтылығының
дамуына байланысты қауіпті болып саналады. Тетрациклин тобы
антибиотиктерінің қалдықты мөлшерінің РЕШК-сы ет, сүт жəне
т.б. тағам өнімдерінде 0,01 бірл./г-ды (өте таза тетрациклинде 1
бірлік 1 мкг-ға сəйкес келеді) құрайды.
Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын ет өнімдерінің
қауіпсіздігіне қойылатын талаптарда антибиотиктердің қалдықты
мөлшері рұқсат етілмейді жəне бір грамм үлгіде антибиотикалық
белсенділік бірлігі үлесінің деңгейінде (мкг) нормаланады
(
3.3-кесте).
Қазіргі уақытта антибиотикалық
препараттардың қалдықтарын
аналитикалық анықтау үшін антибиотиктер жəне талданатын
экстрактінің стандартты сандарының көмегімен микроағзалардың
тест – дақылдарының өсімін тіркеуге негізделген
микробиологиялық
əдістер; эффектісі жоғары сұйықтық хроматографиясы; масс-
спектрометрлі детекторлы сұйықтық хроматографиясы (МССХ);
талданатын заттың өзіндік дағы пайда болғанда тіркеуге мүмкіндік
беретін жұқақабатты хроматография (ЖҚХ); арнайы органикалық
хромоформы бар антибиотикті сəулелейтін кешеннің түзілуіне
негізделген флуоресцентті анализ қолданылады.
Антибиотиктерді
ұшатын жағдайға ауыстыру қиын болғандықтан газдық хроматогра-
фия əдісі қолданылмайды.
3.3-кесте
Достарыңызбен бөлісу: