Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


Инновациялық іс-әрекетті ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі



бет74/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91
4. Инновациялық іс-әрекетті ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі.
Бүгінгі білім беру кеңістігі педагогикалық үдерістің екі типінен тұрады – инновациялық және дәстүрлі. Педагогикалық инновация – бұл теориялық негізделген, мақсатты бағытталған және тәжірибеге бағытталған жаңалық, ол үш деңгейде жүзеге асады: макродеңгейде, мезодеңгейде және микродеңгейде.
Макродеңгейдегі инновация барлық білім беру жүйесіндегі өзгерісті және оның басымдықтарының өзгеруін қамтиды. Мезодеңгейдегі инновация аймақтың, нақты оқу орнының өзгерісіне бағытталған. Мезодеңгейде негізінен жаңа тұжырымдамалық тұрғы базасында жаңа оқу орнын құру туралы айтылады. Бүгінде оқу орнын төрт типке бөлуге болады: элиталық, конъюнктрлік, эксперименталды және дәстүрлі[2,7б.]. Микродеңгейдегі инновация белгілі бір курстың және курс блогын жаңа мазмұнын жасақтауға (мысалы, экологиялық немесе гуманитарлық); немесе білім беру үдерісінің құрылымдаудың жаңа тәсілдерін, не оқытудың жаңа технологияларын, жаңа формалары және әдістерін жасақтау бағытталған.
Инновациялық іс-әрекет-қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Педагог инновация субъектісі ретінде. Инновация тағдыры тікелей субъектінің оған қатынасына тәуелді болғандықтан инновация субъектілері туралы мәселе маңыздылыққа ие. Субъект – бұл қоршаған ортаны танушы және қайта жасаушы, сана мен ерікке ие адам ғана емес, сонымен бірге өз белсенділігін ұйымдастыра алуға қабілетті тұлға. «Тұлғаның өз белсенділігін ұйымдастыруы мобилділігіне, іс-әрекет талаптарына сәйкестігіне, басқа адамдар белсенділігімен үйлесуіне тоғысады. Бұл жәйттер тұлғаның іс-әрекет субъектісі ретінде маңызды мінездемесін құрайды. Олар жүзеге асыруға қажетті іс-әрекетті, психологиялық сапаларды реттеудің жеке тұлғалық тәсілін анықтайды».
А.И. Пригожин инновация субъектісінің маңызды сипаттамасы – бұл оның әрекеттік өздік санасы, яғни жеке инициативасы субъективті мүмкіндігі мен жеке тіршілік етуінің қоғамдық қабылдауының негізі екендігін түсінуі екендігін атап өтті. Автор субъективтілікті мақсат пен оны жүзеге асырудың бірлігін бір тұлғада тоғысуын ұсынады. Субъект іс-әрекет типін, басқа субъектілер арасынан өзіне нақты рөлді таңдауға, жеке мақсаттары мен оған жету тәсілдерін жасақтауға қабілетті оған әрекетшіл тұлға. Оны өз тағдырын, өмір сүру дағдысы айқындауға тілегі мен нақты тәуелсіздік және құзыреттілігін кеңейтуге талпынысы арқылы ажыратады. Бір уақытта субъект қандай ма бір біріккен іс-әрекеттің авторы мен орындаушысы, субъектаралық қатынастарда серіктес болады». Субъектінің мұндай түсініге А.И. Пригожин тәуелді орындаушыны қарсы қояды, ол өз құзыреттілігін басқалардан алушы және оны берілген көлем мен режимде жүзеге асырушы.
Инновациялық іс-әрекет әрдайым әлеуметтік ортаны өзгерту қажеттілігімен байланысты. Адамдар өмірге деген талап, тілектерін қайта бағалау, көптеген жәйттерге және өзіне көзқарасын өзгерту, жаңа тұлғааралық және әлеуметтік қатынастарды өзгерту қажеттілігі алдында болады. Жаңа әлеуметтік байланыстарды орнықтыру, педагогикалық қоғамдастықта жаңаны енгізуде мәртебеге ие болу ортаның агрессивтілігін, материалдық-техникалық және психологиялық қиыншылықтарды жеңумен қатарлас жүреді.
Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерінің өсуінің ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары:
Оқыту технологиясының психологиялық-педагогикалық негіздерін тұжырымдамалық ұғынуы;
Технологиялық типтегі оқу үдерісінің жүйесін құраушы
компененттерін түсінуі;
Өз іс-әрекетіндегі тиімсіз тәсілдерді ұғыну, талдау және жою;
Практикалық тәжірибесінде инновациялық технологиялардың формалары, әдістері мен тәсілдерін қолдану;
Оқыту сапасын өздік талдауы, сынып бөлмесіндегі оқытудың дәстүрлі тәсілдерін жоюға бағыттылығы;
Құндылық бағдары өзгерту, кәсіби іс-әрекетіндегі таптаурындарды анықтау және жою.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің өлшемдерінің сипаттары: мотивациялық шығармашылық бағыт, жаңалықтар енгізуге технологиялық дайындығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі. Осының ішіне басқарудың жаңа құндылықтары мен мақсаттары, басқарудағы жаңа енгізулер, дамыту бағдарламасын, түрлі типтегі оқу жоспарлары мен оқыту бағдарламаларды әзірлеудегі технологиясы мен әдіснамасы, білім беру субъектілерін әлеуметтік-құқықтық қорғауы, педагогикалық кадрлардың аттестациялануы да жатады.
Инновациялық технологиялар негізінде оқыту педагогноваторлар тәжірибесіне сүйене отырып, оқу үдерісінде оқушыларды төмендегі өзгерістер болады деп айтуға болады:

  • енжар, тұтынушы ұстанымынан белсенді, жауапкершілігі артқан оқушыға ауысу, оларда өз оқуына деген жауапкершілікті алуға даярлықты байқауға болады;

  • өз беттілік деңгейінің тез өсуі (мазмұндық және орындаушылық);

  • оқу білігін игеруі (оқушыларда жүйелі білім және іс-әрекет тәсілдері пайда болады);

  • зерттеушілік, шығармашылық деңгейдің артуы;

  • ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа, жаңа технологияларды қабылдау қабілеттері дамиды (әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік мәдениетке адекватты тәсілдік әрекет ету қабілеті көрінеді);

  • зерттеушілік міндеттерді шешуге әзірлік пен мотивацияның өзгеруінен құзыреттілік сезімі мен өздік өзектенудің пайда болуы.

Бүгінгі таңда Ш. Қаланованың, Ж. Караевтың, Ш. Таубаеваның,
Қ.Қабдықайыровтың, С. Лактионованың, М.Жанпейісованың, Қ.Нағымжанова мен Ә. Жүнісбек, С. Көшімбетованың т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жанжақты қарастырылады.
Осыған орай, оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялары пайда болуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет