Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы



бет71/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Абдуллина О. А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования: для пед.спец. вузов.- 2-е изд. – М, 1990. – 141 с.
2.Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. Төртінші том. – Алматы. 1998 . – 285 б.
3.Ахметова Г. Ұстаз даярлаудың өзекті мәселері. Алматы: Ғылым,
1998. - 154 б.
4.Ақылдың кені. /Құраст. Қ.Жарықбаев.- Алматы: Қазақстан, 1991. - 256 б.
5.Алдамұратов А. Жалпы психология - Алматы,1996. – 300 бет.
6.Е.Әбілдаев. Педагогикалық практиканың ролі. Қазақстан мектебі, №11-12, 2005ж.
7. Ж.Әбдиев, С.Бабаев, А.Құдияров. Педагогика. Алматы, 2004ж.
8.Л.Омарова. Педагогикалық практиканың маңызы. Қазақстан мектебі. №11, 2008ж.
9.С.Маусымбаев, Қ.Қасымханова. Пед.практика (тәжірибе): ұйымдастыру жәнеөткізу. Қазақстан мектебі, № 7. 2005 ж.
10. С.Г.Губашева, А.Ж.Отарбай. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы, 2014ж.

Тақырып №14. МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІСКЕРЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Теориялық мәліметтер Жоспар:

  1. Инновация ұғымына түсінік.

  2. Инновациялық іс-әрекеттің қағидалары, негізгі міндеттері.

  3. Инновациялық іс-әрекеттің критерийлері.

  4. Инновациялық іс-әрекетті ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі.

Негізгі ұғымдар: инновация, педагог-новатор, технология
1. Инновация ұғымына түсінік.
Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясына жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиелеушілердің ролі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан – дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модулдық және басқа – жетекші педагогикалық өызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу – тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғаліммен арнайы психологилық – педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.
Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білідіреді. Инновация құрал және процес ретінде әлде бір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту ме тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдстыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Білім берудеге инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасын құрайды. Олар – озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық – психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу прорблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезгне дейін бір – бірінен оқшау қарастырылып келгнен өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процесстің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтиастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс.
Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты –жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты құазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттігі бірқатар жағдалармен айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдатырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолдануға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу – тәрбие процесінің мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметінің жаңа әдіс тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмайды.
Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, жаңа типті сынып ішінде мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.
Педагогикалық тәжірибе көпшілік және озық болуы мүмкін. Озық педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді. Өйткені әрбір жаңа кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлік және басқа да мүмкіндіктерінің кеңеюімен педагогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда болады. Сонымен бірге озық тәжірибе педагогика ғылымы мен практикасының қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызметте атқарады. Педагогикалық тәжірибеде объективті және даралық құндылықтар бір – бірімен астасып жатады, бірақ педагогикалық қызметтегі даралық ерекшеліктердің бәрі бірдей көпшіліктің игілігі бола алмайды. Тек жеке тұлғаның жаңа тәжірибе жасауға ықпал жасайтын бірегей және қайталанбас ерекшеліктері ғана назарға алынады. Озық педагогикалық тәжірибе бұқарылық негізде қалыптаса отырып, объективті педагогикалық заңдылықтарды игерудің деңгейін де танытады. Озық педагогиклық тәжірибенің бір түрі болып есептелетін жаңашылдық пен зерттеушілік педагогикалық тәжірибе сезімдік тәжірибелерден теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басбалдақ сияқты. Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И.П.Вольков, Т.И. Гончарова, И.П. Иванов, Е.Н. Ильин, В.А. Кериновский, С.П Лысенкова, Р.Г. Хазанкин,М.П. Шетинин, П.М. Эрдинов, Е.А. Ямбург және т.б. ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелі мұғалім қауымының игілігіне айналды.
Мұғалім қызметінің инновациялық бағыттылығының бір бөлігі психологиялық – педагогикалық зерттеулердің нәтижесін педагогикалық қызметтің практикасына ендіру. Педагогикалық зерттеудің нәтижелерін практикаға енгізу үшін практикалық қызметкерлердің алынған нәтижелермен арнайы танысады, оны іске асырудың орындылығын, сол арқылы осы негізде ғылыми зерттеу нәтижесін практикада қолдануға деген қажеттілігін анықтайды.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн.
Инновациялық үрдісті күшейтін бес фактор:

  • мектеп басшыларының шығармашылығы,

  • оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік,

  • педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым-қатынасы,

  • әлеуметтік-экономикалық жағдай,

  • инновациялық үрдіске қатысушылар:бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

Тізбектелген сипаттамалар инновациялық үдерістің ұсынушылары мен жүзеге асырушыларына да қажет, ал бұл рөлде ұйым басшысы болуы шарт. Р.Л. Кричевскийдің пікірінше инновациялық саясатты сәтті өткізу үшін инновациялық үдерісті орындаушыларға қатысты жәйттер:
Қызметкерлердің білім деңгейі және мамандарды арнайы әзірлеу мен қайта даярлау жүйесінің болуы;
Адамдардың ақпараттың байланыстары мен хабардарлығы, яғни олардың жаңалық енгізуге байланысты адекватты ақпаратты алулары;
Жаңалықты ұйымдастырушыларға байланысты қызметкерлердің жаңалықты енгізуге мотивациялары, бағыттылығы.
Білім беру инновацияларын орта мектептерге енгізудің басты кедергісі мұғалімдердің сапалық құрамы мен кәсіби құзыреттілік деңгейлері. Мысалы, оқытудың жаңа технологиялары мектеп мұғалімінен (өз пәнінен кәсіби құзыреттілігінен басқа) педагогикалық шеберлікті талап етеді. Мұғалімнен дамыта оқыту технологиялары талап ететін педагогикалық білімдер:
Оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын диагностикалау іскерлігі;
Оқу пәнін терең, жүйелі және оның ғылыми негіздерін білу;
Оқу материалын қайта құрылымдау, бір ғана сабақ емес, тұтас тақырыпты индуктивті мазмұндаудан логикалық индуктивтідедуктивті проблемалық мазмұндай білу;
Оқушыны өмірге даярлау, бағыт беруде оқу үдерісін моделдеу (оның мақсатын, мазмұнын, оқыту формасын, әдістері мен тәсілдерін);
Оқушының өзбеттілік жұмысын ұйымдастыра білу;
Оқытудың белсенді әдістерін еркін меңгеру;
Оқушы мен мұғалім ынтымақтастығы, қолайлы психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.
Педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік әдебиеттерді талдау барысында мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті деген ұғымның бірнеше жолын анықтауға мүмкіндік береді:

  • инновациялық іс-әрекет мұғалімнің жеке тұлғасының даму тұрғысынан қарағанда іс-әрекетке деген қарым-қатынастың, іс-әрекет түрлерінің ауысуын ұсынатын өзіндік сана нәтижесі ретінде қарастырылады.

  • тұлғаның танымдылық белсенділік тұрғысынан алғанда инновациялық іс-әрекет «инновациялық, шығармашылық әлеуеттің» қайнар көзі ретінде көрінеді.

  • педагогикалық іс-әрекеті тұрғысынан идеалды әдістемелер мен бағдарламаларды іздеу, оларды оқыту тәжірибесіне енгізу, жаңалықтарды игеру үдерісі, шығармашылық іс-әрекеттің өнімі, озат тәжірибелер.

Педагогикалық жаңалықты практикаға енгізу қызметін басқару бұл жұмысқа автордың қатысуын жоққа шығармайды, қайта оны дербес шығармалық мүмкіндіктеріне ыналандырып, қабілетін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Осылайша мектеп жағдайында педагогикалық инновацияны жасаушылар мен насихаттаушылоардың күші біріктіріледі. Нақты практикада инновациялық процестердің сипаты алынғанг нәтиженің мазмұны мен, енгізілуге тиісті жаңалықтың күрделілік деңгейімен, сол сияқты практиктердің инновациялық қызметіне дайындығының деңгейімен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет