278
3. Басыңқы сөйлем бір-ақ сөзбен беріледі, оның өзі
баяндауыштың қызметін атқарады. Мұндайда
ол есімдігінен болатын
бастауыш арнайы айтылмайды. Түсіндірмелі сабақтастың бұл жолын
алғашқының (І) қысқыртылған түрі деп те қарауға болады.
Жақындаған шапқыншыға жұрт көзін тіксе – Байжан! Демін әрең
алған Айбарша көзін төңкере ашып қараса – Дәулет!... ...
4. Түсіндірмелі сабақтас сөйлем
сонша, сондай мөлшер
үстеулерінің қатынасуымен де жасалады. Аталған үстеу сөздер
бағыныңқының
құрамында
қолданылып,
сөйлемдер
арасын
жымдастыра байланыстыруда дәнекерлік қызмет атқарады.
Сонша,
сондай сөздерімен аяқталған алғашқы компонент мазмұн желісінің
ашылуы кейінгі бөлшекке қалдырылады. Сөйлемнің басыңқы қанаты
хабарланған ойды тиянақтап, оның мазмұнын түсіндіріп тұрады.
Сондықтан да мұндағы синтаксистік компоненттер бір-бірінен
тәуелді келеді. Осындай сөйлемдердің алғашқы компоненті
мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да тиянақсыз келіп,
басыңқы компонентке иек артып тұрады. Бұл заңдылық оның
сабақтас сөйлем екендігін айқындай түседі.
Оның қалжырағаны
сондай - иығындағы зілдей күрекпен теңселіп, тербеліп келеді
(З.Шашкин). Қуанғаны сонша - сәлем беруді де ұмытып кетіпті.
.
Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Сабақтастардың барлығы
бірдей әрдайым екі компоненттен құралып отырмайды. Олардың
ішінде үш және одан да көп жай сөйлемдерден құралатыны да
болады. Мысалы: 1.
Саяхатшылар тақалған сайын, Көкшенің
Достарыңызбен бөлісу: