Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет35/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   196
4.2 Сын есім 
 
Есімдер  деп  аталатын  сөздер  тобының  ішіндегі  зат  есімдерден 
кейінгі үлкен тобы - сын есімдер. Сын есім зат есіммен тіркесіп келіп 
заттың алуан түрлі қасиетін, сапасын, сипатын білдіреді. 


 
59 
Сын  есім  қай,  қандай  деген  сұрақтарға  жауап  береді.  Сын  есім 
деп  заттың  сапасын,  сынын,  сипатын,  қасиетін,  көлемін,  салмағын, 
түсін,  түрін  және  басқа  да  қасиеттерін  көрсететін  сөздердің  тобын 
айтамыз. 
Сын  есімге  тән  өзіндік  семантикалық  мағына,  морфологиялық 
құрылыс,  синтаксистік  қызмет  болады.  Ол  осы  белгілері  арқылы 
басқа сөз табынан ажыратылады. 
Сын  есімді  жеке  сөз  табы  ретінде  сипаттағанда  оның 
құрамындағы  қосымшаларға  қарап,  не  кейде  мағынасына  қарап 
айыруға болмайды.Сын есімнің басты белгісі - ол зат есіммен тіркесіп 
келіп  сол  заттың  қасиетін  белгілеп  тұрады.  Себебі,  кейде 
етістіктермен  тіркесіп  келіп,  оларды  анықтап  тұратын  кезі  болады. 
Немесе зат есімше сөз таптарынан ажырататын бірнеше белгілер бар: 
1.  Қазақ  тілінде  сын  есімдер  өзінің  тура  мағынасында  жұмсалған 
кезде  септелмейді,  көптелмейді,  тәуелденбейді,  жіктелмейді.  Бұл 
жалғаулар  тек  зат  есімге  ғана  тән.  Егер  сын  есім  осы  жалғаулардың 
бірін  қабылдап  тұрса,  онда  заттанған  сын  есім  болады.  2.  Қазақ 
тіліндегі  сын  есімге  тән  тағы  бір  ерекшелік  -  сын  есім  тудыратын 
жұрнақтар,  сын  есімде    ғана  болатын    шырай  категориясы  болады. 
Мысалы, көк-ірек, көк-шіл т.б. 3.Тек  сын есімдерде ғана күшейтпелі 
буындар  болады.  Мысалы,  қап-қара,  қып-қызыл,  жап-жасыл  т.б. 
4.Сын  есім  тура    мағынада  қолданылған  кезде  тек  қана  анықтауыш 
қызметін атқарады. 
Сын  есімнің  семантикалық  сипаты.  Сын  есімдер  заттың  түрлі 
сын-сипатын,  белгілерін,  қасиеттерін  тікелей,  өзінің  тура  мағынасы 
арқылы да, басқа заттардың қатынастары арқылы да білдіре алады. 
Осындай  семантикалық  мағыналары  мен  грамматикалық 
ерекшеліктеріне қарай сын есімдер екі үлкен салаға бөлінеді: 
а) сапалық (негізгі) сын есімдер; 
ә) қатыстық (туынды) сын есімдер. 
А) Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан 
сыр-сипатын,  яғни  түрі  мен    түсін  (ақ,  қара,  сұр  т.б.),  сыры  мен 
сапасын  (жақсы,  жаман...),  көлемі  мен  аумағын  (үлкен,  кіші...),  дәмі 
мен  иісін  (ащы,  тәтті...)  білдіретін,  заттың  басқа  да  белгілерін 
білдіретін сын есімдерді айтамыз. 
Сапалық сын есімдер қосымшалар жалғанбай-ақ, өзінің мағынасы 
арқылы заттың сынын білдіреді. Сондықтан олар бір жағынан негізгі 
сын  есімдер  болып  келеді.  Жалпы  сын  есімге  тән  категориялық 
ерекшеліктер мен сипаттардың барлығы да сапалық сын есімдерге тән 
болып келеді. 
Сапалық сын есімдерге тән негізгі белгілер: 


 
60 
1.  Сапалық 
сын  есімдердің  барлығы  ұлғайту,  кішірейту 
жұрнақтарымен түрлене алады. 
2.Сынның  белгісін  күшейту  үшін  қолданылатын  үстеме, 
күшейткіш  буындар  тек  сапалық  сын  есімдерге  ғана  тән.  Мысалы, 
қып-қызыл т.б. 
3.Тек  сапалық  сын  есімдер  ғана  әрі  өз  қызметінде 
(анықтауыштық),  әрі  адвербиалдық  (пысықтауыштық)  қызметте 
қолданыла алады. Мысалы, жақсы бала жақсы оқиды т.б. 
Ә)  Қатыстық  сын  есімдер.  Қатыстық  сын  есімдер  деп  заттың 
белгісін  басқа  бір  заттың  қатысы  арқылы  беретін  сын  есімдерді 
айтамыз.  Қатыстық  сын  есімдер  сын  есім  тудыратын  жұрнақтар 
арқылы  есімдер  мен  етістіктерден  жасалады.  Мысалы,  Көкшетау 
бірде  қарлы,  бірде  қарсыз,  Ер  жігіт  бірде  малды,  бірде  малсыз.  Осы 
сөйлемдегі  қарлы,  қарсыз  деген  сын  есімдер  қардың  барлығы  мен 
жоқтығына  қатысты  жасалған.  Мұндай  мысалды  көптеп  келтіруге 
болады. 
Қатыстық  сын  есімдердің  мағынасы  түр-түрлі  болып  келеді. 
Қатыстық  сын  есімдер  заттың  қасиетін  басқа,  екінші  бір  затпен 
қатысты көрсететіндіктен, толық абстракцияланып кетпей, сол заттың 
төркінімен мағыналас, негізгі ұғыммен сыбайлас болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет