Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»


мен басқа да шет елдерде білім алып келе жатыр.Тәуелсіздіктің



бет31/45
Дата02.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#97792
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
мен басқа да шет елдерде білім алып келе жатыр.Тәуелсіздіктің
көптеген жетістіктерін біз үшін тек қана Президент атымен байла-ныстыратынымыз тегін емес. Себебі, Президент Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың «алдымен экономика, онан кейін саясат» деген ұста-нымы арқасында елімізге ең бір сын сағаттарда инвистиция жеткізіліп, нарық экономикасы Қазақстан халқын ширатып, жаңажағдайлардан жол таба білетін, еңбекқор, ізденімпаз азаматтар саны
көбейді. Астана қаласын салу жаңа жұмыс орындарының ашылуына
және ертеңгі жарқын өмірге жігерлендіре білді.
Президентіміздің бейбіт сүйгіш сыртқы саясатының арқасында еліміздің азаматтары шетелдерге шығуға мүмкіндік алды, өздерінің
таланттарын шет мемлекеттерде танытып жүрген замандастарымыз
қатары өсіп келеді. Сыртқы саясаттағы аса ірі жеңісіміз депҚазақстан Республикасының ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, 2010 жылы «Европадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақ Ұйымына» төрағалық ететінін айтсақ та жеткілікті деп ойлаймын.
Тәуелсіздік -біздің еліміз үшін тек қана үлкен мүмкіндіктерсыйлап отырғаны үшін ғана емес, ата-бабадарымыздың осы бір Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан еткендері үшін де құрметтеуге лайық
қасиетті мереке болып табылады, Н:Ә:Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз» деп атап көрсеткен болатын. Тәуелсіздік жолында жанын қиған ерлердің істеріне үлкен алғыс сезімімізді білдіруіміз қажет деп ойлаймын. 
Исатай мен Махамбет, Кеңесары Қасымұлы патшалы Ресейдің,
1986 жылы күрескен Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асановалардың
 Тәуелсіздік жолындағы ерліктерін, Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмегенін есте әрқашан берік ұстауымыз қажет.
1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз Тәуелсіздік алды, яғни
«Тәуелсіздік туралы Заң» қабылданды! Міне, сол уақыттан бері де
17 жыл өтті. Ол тарих үшін қас-қағым сәт! Бірақ, бұл уақыттың ішінде қаншама төккен тер мен еңбек жатқанын бәріңіз де білесіздер деп ойлаймын.Халқымыз үшін ең қымбат мереке Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызы артып, онан әрі де еліміз өзінің алдына қойған жетістіктеріне жете берсін деп тілеймін.
Фарида Жұмабаева 
 Шымкент қаласының тарих пәні оқытушысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет