Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орталық Қазақстан академиясы



бет10/74
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#19235
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   74
Барлығы

30



2.2 Лекциялық кешен (лекция тезисі)

1-дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы

Жоспар:


  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны.

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық- теориялық негіздері және басқа ғылымдармен байланысы.

  3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары.

  4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің классиктері.

  5. А.Байтұрсынов – әдістеме ғылымының негізін салушы.

Қазақ тілі әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі – тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу әдістері, қалыптасқан жүйесі бар.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым. Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады. Отанына шын берілген нағыз патриот, азамат етіп тәрбиелейді. Ондай дағды мен білім, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске асады. Сонымен бірге әдістеме мұғалімді педагогиканың қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймайды, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. Сайып келгенде, әдістеме мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге, сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруге көмектеседі.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, философия, педагогика және психология ғылымдарымен тығыз байланысты.

Әдістеменің лингвистикамен байланыстылығы, біріншіден, ол оқылатын пәннен жеке-дара қаралмайды. Атап айтқанда, тіл білімі жөніндегі материалдың мазмұнына орай әдіс-тәсілдерді таңдау, қолдану, олардың жолдарын көрсету, жаттығу мен дидактикалық материалдарды таңдап, іріктеумен тікелей байланысты. Тіл ғылымының үздіксіз дамуы нәтижесінде әдістеме жетіліп, байып отырады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – мектепте оқылатын қазақ тілі материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы болып табылады.

Қазақ тілі методикасының ғылыми негізі Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірден басталады. Педагогика тарихы, сондай-ақ қазақ тілін оқыту мәселелері Ы.Алтынсарин есімімен байланысты. Ол мектептегі оқу процесінің ғылыми негізде құрылуын, халықтың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсады. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» оқулықтарын жазды. Қазақ балаларын ана тіліне сауат ашу жұмысын тұңғыш рет дыбыстық метод бойынша ұйымдастырды. Сондай-ақ жаттығу жұмысына, ауызша және жазбаша ойын дұрыс айтып, жаза білуге, еркін сөйлеуге мән берді.

Тіл мамандарының кеңес тұсындағы ең алғашқы зерттеулері мектепке керекті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан басталды. Мысалы, 20-30 жылдарда тіл мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары, сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек етті. 1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту методикасына арналған мақалалар ғана болатын. Онан кейін осы жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілінің оқу әдісі» деген атпен жинақ шықты. 1936 жылы орта мектептің 5-6 сыныптарына арналған С.Жиенбаевтың «Грамматика талдауыш», 1939 жылы «Бастауыш мектепте кітап оқытудың методикасы», 1941 жылы «Қазақ тілі методикасы» деген еңбектер жарық көрді. Қ.Басымов (Грамматиканы оқыту, 1938ж.), Ғ.Бегалиев (Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері., 1950ж.), Ш.Сарыбаев (Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері., 1956ж.), Ш.Әуелбаев (Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар., 1971), Ы.Маманов (Қазақ тілін оқыту методикасы., 1963ж.) сынды ғалымдар әдістеме ғылымының негізін салуға өзіндік үлес қосты.

Бұл аталған еңбектерде қазақ тілінің оқыту методикасының алатын орны ерекше. Онда қазақ тілі методикасының педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары талдау үлгілері, оқу методикасы сияқты мәселелерге тоқталумен бірге, «Мұғалім сабақты біреудің көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Методика рецепті емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жөн-жоба», - деп методиканың көптеген проблемаларына тоқталды. Ол қазір де мәнін жойған жоқ.

Ахмет Байтұрсынов 1920 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Баяншы» әдістемелік нұсқауының сөз басында: «Әліппені балалар қиналмай оқып шықса, оның әрі оқуға ықыластанып, талаптары қанат байлағандай көтеріліп, зораймақшы. Осыны ойлап, әліппе оңай болмағанын көздеп, бірінші әліппені басынан аяғына шейін оңай һәм қысқа сөздерді алдым; қазақ сөзіндегі хәріптерді оқып шыққанша балалардың жолда малтыққандай еш қиыншылық ұшырамас», - дейді. Бұл жерде автордың айтып отырғаны қазіргі әдістемеде қолданып жүрген оқытудың әдіс-тәсілдерді терминдеріндегі индукция-дедукциялық, анализдік-синтездік, синтетика-семантикалық әдістері түріне сай келеді. «Баяншы» еңбегінің және бір құндылығы – қазақ тілін оқып үйренуде өте қажетті, сол кезде күн тәртібінде тұрған әдістемелік мәселе – автордың ана тілінде жазып, оқып-үйрену үшін жазу таңбасын, дұрыс емле нормасын қаплыптастыруға тырысқандығы.

Әдістеме авторы қазақ тілін онан әрі тереңдете оқыту және шәкірттерге таныстыру мақсатында 1928 жылы Қызылорда қаласынан «Тіл жұмсар» еңбегін басып шығарды. Бұл еңбектің құндылығы – алғаш рет біршама болса да, қазақ тілі грамматикасы жинақталып, өз алдына пән ретінде оқытылатын құралдың жасалуында. Мұнда фонетика, морфология, синтаксис деп ат қойылып, айдар тағылмаса да, осы іспетті тіл салаларының мәселелерін қамтыған. А.Байтұрсынов қаламынан шыққан қай еңбегін алсақ та ең басты әдістемелік ұстанымы анализ және синтездік әдісі екенін көруге болады. Ғалымның еңбектерін күні бүгінге дейін қолданудамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет