Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты


Қалпе – қазіреттен кейінгі діни атақ.  Қалың мал –



Pdf көрінісі
бет107/135
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#17695
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   135
Қалпе – қазіреттен кейінгі діни атақ. 
Қалың мал – күйеу жағының қалыңдық үшін беретін мал-мүлкі. 
Қалыңдық – біреуге атастырылған оң жақтағы қыз. 
Қалыңдық  ойнау  –  үйленгенге  дейін  қалыңдығымен  жасырын 
кездесу. 
Қамал-қорған – жаудан қорғану мақсатында жасалатын қабырғасы 
қалың, биік бекініс. 
Қамшы тастау – дауласқан, таласқан екі жақтың сөз сұрау белгісі. 
Қанағатшылық – місе тұтушылық, барға риза болушылық.  
Қара  жамылу  –  ері,  жанашыр жақыны қара  орамал  тартып,  үстіне 
қара киім киіп, қайғысын көпке білдіруі. 
Қара шаңырақ – әке-шешенің түтін түтетіп отырған үйі. 
Қара  шығын  –  жергілікті  әкімдердің  «уақ-иүйек  шығынға»  деп 
жинайтын алым-салығы. 
Қарға бау – құдаласқан адамдардың бір-біріне беретін сый-сияпаты. 
Құдалық белгісі. 
Қарғау  -   үлкендердің салт-дәстүрді  бұзушы жастарға риза  болмай 
назалануы. 
Қарғы бау – қыздың әек-шешесіне құда болғандығы үшін берілген 
төлем. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет