Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет171/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

102


- «Азаттық жалау кімдікі?»

«Көре алмаса кім теңдік,

Тепкі көрсе кім кемдік

Азаттық жалау соныкі [4].

Міне, ақынның жалынды өлеңдері арасындағы қызыл реңкті жалғыз өлең. Бірақ, бұл қызыл 

жалауды  коммунистердің  жалауы  деп  айта  аламыз  ба?  Әрине,  жоқ.  Түркістан  деп  жария  айта 

алмаған соң, ақын Азия деп отыр және жалындай жалау сол Азия мен оның «тұңғышы» қазақтыкі. 

Тепкі көрген кім еді? Әрине, отаршылдық тұтқынындағы Түркістан деп ойлауға болады. 

Жаңа үкіметке қауіппен қараған Түркістан әдебиеті өкілдерінің бірі Абдурауф Фитрат еді. Ол: 

«...Ресейдің ескі өкіметімен бірге арамыздағы ұрыс-керіс пен айрылу бекіністері қирап кетуге тиіс-

ті, алайда қара бекіністер әлі де құламады, әлі де ескі шыдамын сақтап тұр», - деп, кеңестік биліктің 

де  отаршылдық саясатты ұстанатынын ә дегеннен аңғарды. Жас бұхаралықтардың басында талай 

азаттық әрекеттерін ұйымдастырған ақынның Колесев оқиғасынан кейін Ташкетке қоныс аударуына 

тура  келді.  Сол  кезде  жүріп  жатқан  «ымыраласу»  саясатына  Фитрат  та  тартылды,  яғни  ол  1919 

жылы компартияға тіркелді. Алайда Фитрат туындылары арасынан да партия нұсқауымен жазылған 

шығармалар  кездеспейді.  Классикалық  үрдіспен  Отаны  Тұранды  асыл  анаға  балаған  лирикалық 

кейіпкерінің жалғыз мұраты бастапқыдай Отан ананы құтқару болып жалғасты: 



Басыма бүтін дүниенің бар бәлесі төнсе де,

Көзіме зұлымдықтың темір тікендері кірсе де,

Тағы сені құтқарамын [1, 120].

«Темір  алдында»  деген  өлеңінде  түрік  сардары  Темір  құзырына  отарланған  елі  үшін  медет 

сұрап барады (бұл «елу жылдан бері езілдік...» деген сияқты Фитрат мансурларынан бірі):

Анашым, сені құтқару үшін жаным керек пе?

Намысым, ұжданым, иманым керек пе?

Тамырымда Темір мен Шыңғыстың қаны тасыды,

Айтшы, сені құтқару үшін қаным керек пе? [1, 120].

Түркістан  автономиясы  басқыншылар  қолына  өткеннен  соң  Бұхарадағы,  Самарқандағы  ұлт 

күрескерлері Ташкентте топталды. Азаттық күресті жұмыла жалғастыру ниетінде Алаш азаматтары 

да осы қалада бас қосқандығы мәлім. Фитрат пен Чулпан да түрік тарландары топталған осы тұста 

танысса  керек.  Фитраттың  Ташкенттегі  атқарған  ең  үлкен  істерінің  бірі  –  1918  жылы  «Чиғатой 

гурунги» тобын (Шағатай бәсі) саптауы еді. 

Фитрат 1920 жылы Бұхараға қайта оралды. Ол мұнда әуелі Сыртқы Істер министрі, кейін Білім 

министрі лауазымдарына тағайындалады. Бұл кезде Бұхара өлкесі Файзулла Хужаев басқаруында 

болатын.  Екеуінің  ортақ  әрекетімен  өлкедегі  білім  беру  саласы  алға  басты.  Олар  сол  жылы 

Алманияға алпысқа жуық оқушы жіберді. Абдурауф Чулпан мен Мунаввар Қари сынды әріптестерін 

де туған жеріне шақырды. Осылайша жәдитшілдер Бұхарада қайта шоғырланды. Фитрат тобының 

ұсынысымен үкімет Бұхара көтерілісінің тарихын жазу туралы қаулы қабылдады. Бір ортада қайта 

шоғырланған бұхаралық түрікшілдердің табанды әрекеті нәтижесінде елде 1921 жылдың наурыз 

айында түрік тілі (өзбек тілі) мемлекеттік тіл болып бекітілді. Көп кешікпей өлкеде Мемлекеттік 

театр  да  тұрақты  жұмыс  істей  бастады.  Әрине  жергілікті  халық  ішіндегі  мұндай  игі  өзгерістер 

Турккомиссияға ұнай қоймады. 1923 жылы Халық шаруашылық кеңесі басшысының орынбасары 

лауазымын атқарып жүрген Фитрат орнынан босатылды, ал 1924 жылы Орталық Атқару Комитеті 

оны Бұхарадан аластату туралы қаулы бекітті. Бұл кезде күрескер Мәскеуде емделуде еді, әрі Шығыс 

тілдері институтында дәріс жүргізетін. 

Ақын Мәскеудегі жемісті үш жылды артқа тастап, Түркістанға қайта келді. Отанымен қауышқан 

шайыр Самарқандағы Жоғары педагогика институтында дәріс бере жүріп, елін көркейту мен халқын 

сауаттандыру жұмыстарына қайта кірісіп кетті. Фитрат ХХ ғасырдың екінші жартысында негізінен 

ғылыми жұмыстармен шұғылданған көрінеді. Бұл кез - Абдурауфтың ғалым ретінде әбден төселген 

шағы еді. Ғалым тек өзбек әдебиеті мәселелерімен ғана емес, түрік әдебиетінің терең тарихы және 

оның  көптеген  мәселелерімен  айналысып,  Афрасияб  –  Алып  Ертоңға,  Ясауиден  Чулпанға  дейін 

жазды.  Оның  ғылыми  мұрасының  жетістіктерін  қазіргі  әдебиеттану  ғылымына  пайдалансақ, 

көптеген мәселелердің басы ашылып, біраз жаңалықтарға қол жеткізеріміз анық.

1929  жылдан  бастап  көптеген  басылымдарда,  әсіресе  таралымы  кең  «Қизил  Узбекистон» 

газетінде  Фитраттың  ұлтшылдылығын,  «кертартпа  жәдитшілділігін»,  «халық  жауы»  екендігін 

әшкерелеуге  арналған  мақалалар  қаптап  кетті.  Ұлтшылдықпен  айыптағандар  «Ең  ескі  түрік 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет