Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет48/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   963
Шілдехана батасы. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» – дейді халық мақалы. «Адамның 

бір қызығы – бала» дегендей, баланың дүниеге келуіне байланысты шілдехана өткізіледі. Онда жас 

нәрестеге бата, тілек айтылады, бесік жыры жырланады. Шілдехана батасынан мысал келтірейік:

Әуен ойым көпшілік, әуен ойым,

Саздау жерге бітеді саз бен қайың.

Бар жықсылық тілеймін мен сен үшін,

Өмірің ұзақ болсын, айналайын.

Сауран созақ дегенде сауран созақ,

Сауран созақ келеді жасы ұзақ.

Туған күнің, шырағым, құтты болсын,

Өмір жасың, шырағым, болсын ұзақ.

Осын тосын дегенге, осын тосын,

Сөз білмеген сөз қосар сосын, сосын,

Жақсы тілек тілеймін мен сен үшін [1,102].

Міне, осы тілектен-ақ баланың дүниеге келген күнінен бастап еститіні өлең болғандығын 

аңғаруға болады. Ұлы Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деуі осыдан. Айтылған 

бата-тілек өлеңдерінде халық балаға арнап айтайын деген ойын, тілегін, үлгі-өсиет сөзін өлең 

арқылы  ұғындырып отырған. Осы негізде туған өлеңнің тағы бірі – бесік жыры. Жас баланы 

бесікке салуды қазақтар қуаныш етіп, тойлап өткізген, ойын-сауыққа айналдырған. Онда айтылған 

өлеңдерден жас баланың дені сау, ер-азамат болып өсуін халықтың тілейтіні көрініп тұрады. Тілек 

бесіктегі баласын тербетіп отырған аяулы ананың сөзімен беріледі. Мұны халық «Бесік жыры» 

деп атайды. Бесік жырында ананың баласына деген мейірі, махаббаты беріледі. Жас баланың 

болашақта кім болуын тілейтіні айтылады. Сондай-ақ халқымыздың көшпенді өмірі де назардан 

тыс қалмағандығын:

Көштерің көнікті болсын,

Жолдарың көрікті болсын,

Қоныстарың құтты болсын.

Босағасы мықты болсын,

Ауру-сырқаудан аман болыңдар,

Бастарыңа айырмас бақ қонсын,

Мейірбанды Алла сендерге жақ болсын

– деген секілді бата-тілектерден байқау қиын емес [1,102].






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет