Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет669/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   665   666   667   668   669   670   671   672   ...   963
Г.Б. СУГРАЛИМОВА  

т.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, Астана қ.

ҚЫТАЙ  МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ РЕФОРМАЛАР: 

САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Қазіргі кезде Қытай реформаларының тәжірибесі тек өзіне ғана тиісті емес, жалпыға ортақ сипатта 

деген пікірлер баршылық. Сол гипотезаны негізге алып, ҚХР мен ҚР-ның өтпелі кезеңдегі ортақ белгілері 

болғандығын дәлелдеу мақсатында мақала жазылды. 

Түйін сөздер: экономикалық реформа, ауыл шаруашылығы, нарықтық қатынастар, салыстыру, алғы-

шарттар, мақсат-міндеттер, жекешелендіру,  нәтижесі мен сабақтары. 

Бүгінгі таңда әлемдік, отандық ақпарат кеңістігін қытайдың керемет экономикалық жетістігі 

(феномені)  туралы,  Қытай  ХХI-ғасырдың  алпауыты  деген  сәуегейлік  болжамдар  шарлап  кетті. 

Тіпті ХХI-ғасырдың екі ірі империясы –АҚШ пен Ресей аспан астындағы елдің болашағы зор, оның 

аймақтық көшбасшыдан әлемдік көшбасшыға айналуы тек уақыт еншісінде екендігін мойындауға 

мәжбүр  болып  отыр.  Енді  жалаң  көпірме  сөздерден  нақты  фактілерге  жүгінсек,  Қытай  Халық 

Республикасында өткен ғасырдың  80-жылдарынан басталған экономикалық модернизация   саясаты 



№ 3 (106) 2015

407


20-30 жылдан кейін өзінің тәтті жемісін бергеніне ешкім шүбә келтірмес. ҚХР реформалар мен 

«ашық есік саясаты» арқасында экономикасы жоғары қарқынмен дамушы индустриалды, ядролық 

елдер қатарына енді. Қазір Қытай ішкі жалпы өнім бойынша әлемде АҚШ тан кейінгі 2-ші орында, 

экспорт көлемі бойынша дүние жүзінде бірінші орын алады. Елдің ішкі жалпы өнімі тұрақты даму 

нәтижесінде жыл сайын жеті пайызға (бұл жоғары көрсеткіш) өсіп отырады. Қазірдің өзінде Қытай 

Оңтүстік Шығыс Азия елдері арасында саяси көшбасшыға айналғаны ақиқат.                                                    

Ендігі  жерде  Қытай  Халық  Республикасының  жетістіктерінің  қыр-сырына  үңілейік.  Бір 

сәуегей ғалымдар тасқа таңба басқандай айқын экономикалық нәтиженің себебін осы елдің ежелгі 

конфуцийлық өркениеті, болмыс, бітімі (менталитет), тіпті иероглифтік жазу үлгісімен түсіндіруге 

тырысады. 

Тағы бір  батыс ғалымдары елдің көсегесін көгертетін «ұлттық менталитет теориясын» алға 

тартады [1].  Оның  негізінде ұлттық болмысқа сай еңбекқор ұлт, жалқау ұлт болады деген ұғым 

жатыр. Сонда билеуші элита өз міндет парызын орындай алмаса оған себепкер - халық, өйткені 

оның сорына болмысы нашар, санасы төмен болғандықтан қайыршы тұрмыстан ешқашан арыла 

алмайды.  Қазіргі қоғамдық пікірге осы теория әлдеқайда жақын, түсінікті болып шықты. Оның 

мәнісін  ашу  социолог,  этнолог,  этнопсихологтардың  еншісінде  деп  санаймыз.    Ал  қазіргі  кейбір 

саясаткерлер  ел  байлығының  кепілі  -  жер,  жер  асты  байлықтары,  табиғи  -географиялық  жағдай 

деп санайды. Олай болса Таяу Шығыс елдері, Африка континенті ең бай мемлекеттер қатарына 

неге енбейді? Қазақстанның да бай, әрі қуатты болуға толық мүмкіндігі бар. Жер көлемі жағынан 

әлемде 9 орында, пайдалы қазбалардың қоры жағынан  бірінші үштікке кіреді. Мұнайдың әлемдік 

қорының  3,2 %  пайызы біздің үлесімізде. Тұрақты, әрі ұдайы экономикалық даму динамикасы 

бойынша ТМД елдері ішінде лидерміз. Әрине жер үсті мал мен жанға, қойнауы кенге толғанға  не 

жетсін. Ал Қытайды алсақ, жер, су мәселесі күйіп тұрған майдан, энергоресурстар тапшы. Осы 

пікірге құлақ салсақ, қытай халқының соры бес елі де, қазақтың ұпайы түгел болып шыға келеді....

Қытай  елінің  бай  қуатты  болуын  жоғарыда  айтылған  конфуций  іліміне  сай  мәдениет, 

еңбексүйгіштік,  қатаң  тәртіп,  патриотизм  тән  менталитет  деген    айғақтармен  дәлелдесек,  біз 

әлбетте жалаң демагогияға ұрынамыз. Сондықтан қысқаша айтсақ, халықтың қадыр-қасиетін, ұлт 

мүддесін  қорғайтын  мемлекеті  мен  билеуші  элитасы  болғанда  ғана  шынайы  бай  қуатты  болуға 

толық мүмкіндік бар.

Өткен  ғасырдың  80-90  жж.  Қытайда  жүрген  реформаларға  әуел  бастан  әлемдік  сахнада  екі 

түрлі көзқарас қалыптасты.

КСРО басшылары қытай коммунистерін марксизм идеяларын бұрмалаушы ревизионистер деп 

айыптаса, батыс экономистері  бұл реформаның теориялық негізін жасаған жоқ деп сынады. Екі 

пікірдің  де  шындықтан  алшақтығын  қытайлық  модернизацияның  жетістіктері  жоққа  шығарды. 

Қазіргі  кезде  Қытайдағы  реформалар  теориялық,  практикалық,  ғылыми  жағынан  тиянақты 

жасалғандығын тәжірибе мен уақыт дәлелдеді. 

Соншалықты қысқа мерзім ішінде артта қалған аграрлы кедей елдің индустриалды инновациялы 

елге  айналуы  зиялы  қауымды  таңдандырып  қана  қоймай,  қыр-сырын  ұғуға,  құпиясын  ашуға 

жетелейді.   Осындай көкейкесті сұрақтардың жауабын іздеу әсіресе, Қытайдың ежелгі көршілері 

-  Қазақстан  мен  Ресей  үшін  аса  маңызды.  ХХ  ғасырдың  соңғы  ширегінде    көршілес  елдерде  

жүргізілген экономикалық саяси реформалардың нәтижесін  салыстырмалы түрде талдап, бүгінгі 

күнді саралай білсек ғана ілгері жылжимыз. Сонда ғана тәуелсіз мемлекет қатарында 21 ғасырдың 

жаһандық стратегиялық талаптарына төтеп бере алуымыз мүмкін. 

Көзі ашық , көңілі ояу саналы адам үшін барлық елдер бір-бірінен қандай да бір ерекше белгілер 

жиынтығымен ерекшеленетіндігі белгілі жайт. Оған демография, жер аумағы, табиғи-географиялық 

жағдай, мәдениет, дәстүр, белгілі бір әлеуметтік тарихи тәжірибе және т.б. жатады. Сондықтан да 

қандай да бір елдің қайта өрлеу, жаңғыру тәжірибесін толық қабылдау мүмкін емес.

Елдің,  халықтың  ұлттық  ерекшеліктері  экономикалық  жағынан  ойластырылмай  жүргізілген 

реформаның қарапайым халыққа тигізетін кесірін осыдан екі ғасыр бұрын қазақтың ұлы ғалымы 

Шоқан  Уәлиханов  ескерткен  болатын.  Ғалымның  таңдамалы  шығармалар  жинағында,  дәстүрлі 

қазақ  қоғамының  болмысын,  үрдісін  ескермей,  оған  ырқынан  тыс  танылған  реформалар  адам 

баласын жойқын апатқа душар етеді деген көреген пікір, болжамы келтірілген [2].

Солай дегенмен, КХР үш ғалым экономистері Линь Ифу, Цай Фан, Ли Чжоудың  «Китайское 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   665   666   667   668   669   670   671   672   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет