Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет688/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   684   685   686   687   688   689   690   691   ...   963
№ 3 (106) 2015

419


сипаттағы шайқастарының мақсатын бұрмалап, оны «ғазауат», «басбұзарлық», «бүлікшілік» деп 

бағалауынан көрінеді. 

«Санкт-Петербургские  новости»  газеті  Яныкурган  (Ташкент  қаласы  төңірегіндегі  бекініс  – 

авт.), Шыназ және Шардара төңірегіндегі қазақтардың қарсылығы күшейе түскендігі, оның бәріне 

айыпты Тельгомей деген біреу, ол Шардарадан екі күншілік жерде Қызылқұмның ішіндегі Мазари-

Атаны өзіне орталық етіп алған. Оның бандасын талқандау үшін Иіржар тұрғындарының билеушісі 

жүзбасы Бухарин мен Шардара отрядының елу казактан тұратын бір ротасы, ракета взоды және 

45 милиционермен Мазари-Ата бағытына жорық жасап, Телқожа бандасын талқандады. Оның өзі 

ауыр жараланып, бірнеше серіктерімен тауға тығылып бас сауғалады» [9] деп жазды. Отаршыларға 

қарсылық  жасаған  қарулы  күрес  ошағының  бір  орталығы  Шардара  бекінісі  болды  және 

жасақшылардың негізгі құрамы қоңырат тайпасы мен Кіші жүз руларының адамдарынан тұрды. 

Бекініс  гарнизоны  100  адамға  жуық  болғанымен,  30-ға  жуық  адамы  Ташкент  жолын  бақылауға 

алған.  Шардара  бекінісі  мен  оның  маңында  қарсылық  көрсетушілер  негізінен  Арыс  бойынан 

Телқожа батырға ере келген және осы аймақта мекендеген рулар болатын. Көтерілісшілерді жазалау 

үшін 22 наурызда капитан Абрамов басқарған жасақ аттандырылды. Оның әскерінің құрамы 3 жаяу 

әскер, 2 атты әскер ротасы,  Орынбор казактарының жүздігі және 2 батареядан құралды. Сол кездің 

алдыңғы қатарлы соғыс техникасымен жарақтанған патша әскеріне қарсылық көрсеткенімен күштің 

тең  болмауына  байланысты  25  наурызда  көиерілісшілер  бекіністі  тастап  кетуге  мәжбүр  болады. 

Орыс әскері қазақтардан 2 мың қой, 150 ірі қара мал олжалап, қарсылық ошағын жойған [10, 338].

1866 ж. кейін де көтерілісшілердің отарлық билікке қарсылығы басыла қоймады. 1867 ж. ма-

мырда бұхарлықтар Самарқанд жолының бойындағы Яны-курган бекінісінен 7 шақырымдай жерде 

тұрды. Жизақ, Заамин аудандарындағы жағдай өте қатерлі болатын. Маусымда Шыназ бен Шар-

дара аралығында қазақтардың әрекетінің күшеюіне байланысты Бухаринге Ата бекінісінде тұрған 

қоңырат  Телқожаға  шабуыл  жасау  жөнінде  тапсырма  берілді.  28  маусымда  Бухаринмен  болған 

шайқаста Телқожа жарақат алып, кейін оны үзеңгілестері тауға алып кетеді [10, 396]. Жалпы, Сыр-

дария облысы аумағында қоңыраттардың және басқа да рулардың орыс отаршыларына қарсылығы 

1873 жылға дейін басылмаған. 

Сыздық төренің Бұқара әмірлігіндегі қызметі туралы бірден-бір нарративті дерек Молла Сәми 

Бустанидің  «Тухфа  и  шахи»  (Шахқа  сыйлық)  еңбегінде  біршама  құнды  мағлұматтар  бар.  Онда 

Бұқара әмірінің құзырына Сыддық (Сыздық) төремен бірге оның немере бауырлары Арыстан төре, 

Әбілқайыр төре және Садан би сияқты қазақ билеушілері қосылғандығы айтылады. Әмір ел ішіндегі 

бүлікшілерді жазалау үшін Шахрисабзға аттанғанда билікті басып алуды көздеген Сыддық төре 

Бұқарадан кетіп, қазақтардың ортасына барып тұрды. Ол қазақтардан қол жинап Ғиждуанға шабуыл 

жасап, көп олжаны қолға түсірді және үлкен қосынмен Керминге шабуылдап, оны да күшпен басып 

алды [11]. Осы жерде басын ашып айтатын бір мәселе бар. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты 

Бұхара әмірлігінің құзырында Орта жүз бен Кіші жүз тайпалары аз болмаған. Саяси қысымшылық 

жағдайда болған бұл тайпалардың өкілдері Бұхараға тәуелділіктен босап, қолайлы сәт туса өзін-

өзі билеуге қол жеткізіп, қазақ еліне қосылуды көксеген. Жоғарыда аталған деректе Сыздықтың 

әрекеті билікке таласу деп суреттелгенімен оның астарында елдікке ұмтылған саяси мүдде жатқан 

еді. Бұл мәселе арнайы зерттеуді қажет етеді. Осындай күрделі жағдайға тап болған Бұқара әмірі 

өз билігін сақтап қалу үшін орыс отаршыларымен өзіне тиімді келісімге келуге мүдделі болады. 

Нәтижесінде Бұхара билеушісі Мұзаффар орыс әскерінің көмегімен өз иелігіндегі көтерілісті баса 

алды. Бұхара әмірінің баласы ханзада Әбдімәлік пен Сыздық сұлтан, Телқожа батырлар соңына 

ерген қосындармен бірге әмірлік аумағынан тыс жерлерде отаршыларға қарсы әскери қимылдарын 

жалғастыра берген. 

Телқожаның орыс отаршыларына қарсы күресі Хиуа хандығының аумағында одан әрі жалғасады. 

Ханзада Әбдімәліктің Керминедегі жеңілісінен соң олардың отаршыларға қарсы күресі бүліншілік 

деп бағаланып, көтеріліс басшылары Садық (Сыздық) сардар мен Телқожаның одан әрі Бұқарада 

қалуы мүмкін болмады. Содан да олар соңына ерген әскермен ізіне түскен бұқарлықтардан және 

орыс әскерінен бой тасалап, Нұратаға, одан әрі Хиуа хандығына қарай шегінеді. Олардың әскери 

іс-қимылдары туралы сол кездегі орыс баспасөзінде кеңінен сөз болды. 1869 жылдың көктемінде өз 

қосынымен Хиуаға өткен Сыздық Кенесарин мен Телқожа батырды ІІ Мұхамед Рахым хан (Феруз) 

(Мұхамед Рахым 1865-1910 жылдары Хиуаны билеген хан. Ол қоңырат тайпасының билеушілері 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   684   685   686   687   688   689   690   691   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет