Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет687/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   683   684   685   686   687   688   689   690   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

418


қыпшақтардың  бір  бөлігін,  сунақтардың  бір  тобын,  Шу  бойындағы  қазақтардың  және  басқа  да 

көптеген руларды үгіттеп, Ресей қол астына көше бастайды».

Тайшық пен Ахмет сұлтандар жалаң үгіт-насихатпен шектелмей, қоқандықтарға қарсы қарулы 

қақтығыстарға да қатысқан. Ал, өз жақтастарымен берге қоқандықтардың қолын бастаған Сыздық 

сұлтан  орыс  отаршылығына  қарсы  күресте  туған  бауырларымен  де  талай  рет  бетпе-бет  келіп 

соғысқан. Бұл жөнінде Ахмет Кенесарыұлы былай дейді: «1863 ж. Түркістаннан көп ләшкер келіп, 

Русияға бағынған ауылдарды шапты. Сонда Тайшық пен Ахмет сұлтандар Жөлектен төрт жүз жігіт 

алып, Қарамұрын (Қаратау сілемінің аяқталар тұсындағы шоқы – авт.) деген жерде қоқандықтарға 

қарсы шығып, оларды жеңіп, алған талай мал-мүліктерін елге қайтарды. Сол ұрыста Қоқанның үш 

әскербасшысы – Бектібай батыр, қаңлы Айдарбек батыр, қоңырат Телқожа батыр Тайшық сұлтанды 

көріп, үшеуі бірден тап бергенге Тайшық та қарсы шауып, Жалаңтөс батырдың баласы Бектібайды 

найзамен түйрегенде найза аузынан кіріп, желкесінен шығады. Бектібай сол жерде қаза табады. Сол 

кезде Телқожа батырдың найзасы Тайшықтың сол жақ иығына тиеді. Тайшық аттан құламағанымен 

ері күшпен ысырылып, аттың сауырына кетеді. Найза сынып, темір сүңгісі денеде қалады, ақыры 

Тайшық сол жарадан қаза табады» [5, 23 б].

Тайшықтың Телқожамен шайқасы жөнінде мұрағат қорларында нақты деректер сақталған. Ол 

бірнеше  адаммен  қоқандық  әскердің  соңынан  қуып,  Бесарық  шатқалында  пансад  дәрежесіндегі 

қоңырат Телқожа басқарған әскермен шайқасады. Осы шайқаста Телхожа оң иығынан қатты жарақат 

алса,  Тайшық  сұлтан  қоқандық  Мұхамед  Ризаны  өлтіреді.  Қоқандықтардың  атысып  қорғану 

әрекетін  байқаған  Тайшық  қол  ұрысына  көшіп,  қоңырат  басшысы  Бектібай  Жалаңтөсұлымен 

шайқаста қолынан жарақат алады, сонымен бірге Бектібайдың өзі де оны жарақаттайды. Мұнан 

соң қоқандықтар құмға шегінуге мәжбүр болады. Қоқандық әскердің құрамында қоңыраттардан 

Меңлібек,  Байсылқара,  Кенбай  болды  деп  беріледі.  Мұрағат  қорының  бір  құжатында  Тайшық 

Кенесарыұлы  Қарамұрын  сайында,  яғни  Жаңақорған  мен  Жөлек  бекіністерінің  аралығындағы 

болған шайқаста жараланып қаза тапты деп көрсетіледі [6].

Телқожа  Сыздық  сұлтанмен  бірге  Қоқан  әскеріне  қосылып,  Түркістан  қаласын  қорғау  үшін 

болған шайқасқа және тарихта белгілі Иқан шайқасына қатысады. 1864 ж. желтоқсандағы Иқан 

түбіндегі шайқаста қоңыраттардың кейбір бөлігі қоқандықтар жағында болса, керісінше қоңырат 

биі  Қоныс  датқа  мен  арғын  биі  Қонақбай  Төлебаев  есаул  Серовтың  әскеріне  жүк  тасымалдау 

үшін түйелерін беріп көмек көрсетті [7, 287]. 1864 жылы қыркүйектегі Шымкент, желтоқсандағы 

Иқандағы  шайқастардан  кейін,  қоқандық  әскербасылардың  орыстарды  жеңетініне  сене  алмаған 

олардың жағындағы қоңырат Арқабай, Өтегендер орыс бодандығын қабылдаса, ал пансад Телқожа 

бастаған қоңыраттардың бір бөлігі Бұхараға көшіп кетті [7, 240].

Шымкент  қаласын  қорғаушылар  қатарында  соғысқан  Телқожа  мен  Сыздық  1864  ж.  21 

қыркүйекте  Черняев  әскері  қаланы  басып  алған  соң  шегінген  Қоқан  әскерімен  бірге  Ташкент 

қаласына  барып,  қаланың  қорғанысын  ұйымдастыруға  қатысады.  Телқожа  осы  шайқаста  қалаға 

бағыт алған орыс әскерінің тылында партизандық соғыс жүргізіп, ерлік істерімен көзге түседі.

Ташкент  қаласында  Қоқан  хандығының  билігі  құлаған  соң  Телқожа  өз  қосынымен  Бұқара 

әмірлігіне өтеді. Батырды жылы қарсы алған Бұхара әмірі Мұзаффар оны өз әскерінің қатарына 

қосады.  Оның  Бұхара  әмірлігіндегі  әскери  қызметі  туралы  Сырдария  облысының  әскери 

губернаторына  Жызақ  отрядының  бастығы  1867  жылдың  13  желтоқсанындағы  жазған  №1368 

хатында «қазіргі кезде Бұхар шенеуніктерінің басшылығымен белгілі бір елді мекенді иеленіп, сол 

арқылы тұрғындарды уысында ұстайтын бірнеше топ бар. Ол топтар мыналар: 

1. Ата бекінісінде Телқожа. 2. Көккөл қышлағында Назар. 3. Жұмабай қышлағында Нарқұл. 4. 

Ұхымда Қазы. Бұл төртеуі де Әмірдің тағайындаған адамдары...» [8] деп мәлімет береді. 

Телқожа  батырдың  есімі  Ресейдің  Орта  Азиядағы  отарлаушылық  әрекетін  жіті  қадағалап, 

оның жетістіктерін насихаттап отырған «Инвалид», «Московские ведомости», «Голос», «Военный 

вестник», «Оренбург», «Туркестанский вестник» және т.б. газеттердегі мақалаларда Телқожаның 

есімі «Тельгомей», «Тилмурад», «Телгумар», «Тильходжа разбойник» деген нұсқаларда қасақана 

бұрмаланып,  жеккөрінішті  мазмұнда  аталады.  Өз  қарсыластарының  әрекетіне  теріс  баға  беру, 

оларды  осылайша  кемсіте  сипаттау  отарлық  биліктің  астамшылығынан  туындағаны  белгілі. 

Отарлық тарихнаманың бұндай сыңаржақтылығы Телқожаның өзі қатарлы Назар–Тәжик, Жұмабай 

Нарқозы, Әбдімәлік ханзада сияқты қолбасылардың орыс әскері тылында жүргізген партизандық 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   683   684   685   686   687   688   689   690   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет