Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет689/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   685   686   687   688   689   690   691   692   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

420


әулетінен  болатын.  Оның  Телқожаға  іш  тартуына  саяси  мүдделестікпен  бірге  осындай  туыстық 

жақындықтың  да  елеулі  ықпалы  болғандығын  аңғаруға  болады  –  авт.)    құшақ  жая  қарсы  алып, 

өз  қызметіне  қабылдайды.  Оның  мәнісі,  1869-1872  жылдары  Түркістан  генерал-губернаторы 

К.П.Кауфман Хиуа ханына орыс иелігіне өз еркімен қосылу туралы екі рет талап хат жолдаған. 

Ол талапты қабылдаудан бас тарта отырып, Мұхамед Рахым хан отаршылардың шабуылына той-

тарыс  беруге  дайындала  бастаған.  Содан  да  өзінен  саяси  баспана  іздеп  келген  Сыздық  сұлтан 

мен Телқожа батырға жағдай жасап, олардың иелігіне Амударияның оң жағалауындағы Шаббаз 

бектігінен 900 танап (250 га шамасында) шұрайлы жер бөліп береді. Сонымен бірге Мұхамед Рахым 

Сыздық  сұлтан  Кенесаринді  қазақ,  қарақалпақ,  түркімен  рулары  мекендеген  Шавват,  Мойнақ, 

Қожейлі, Қоңырат аумағының бектігіне наиб етіп тағайындап, осы иеліктерден салық жинау және 

кедендік бақылау қызметін тапсырады. Осы жерде назар аударатын жағдай, Хиуада қызмет еткен 

кезінде Сыздық Кенесарин Садық сардар, Садық Бухонтов фамилиясымен танылады. Оған бұндай 

фамилияның берілуі оның Хиуаға келгенге дейін «ауырып, Қызылқұм ішінде Бұқан тауында үш ай 

жатқандығымен» [5, 41б] байланысты болса керек. Әрине, орыс әскеріне қарсы жасаған жорықтары 

мен Бұқар әмірлігіндегі ханзада Әбділмәліктің көтерілісіне қатысқан әрекеттерін жарнамалағысы 

келмеген Сыздық Кенесариннің үш ай мекен еткен жерінің атымен «бұқанттық Садық» - Бухонтов 

Садық болып аталуы қисынға келеді. Өзбекстан мұрағаттарында және экспедицияларда жинақталған 

деректерде оның Сыздық Кенесарин деген есімі емес, көбіне Сыддық төре, Садық Сардар, Садық 

Бухонтов деген есімдермен кеңінен танылғандығы белгілі болды. 

Осы кезде қарамағында 2000 нөкер болған Садықтың негізгі қызметі жақындап қалған орыс 

әскерінің  шабуылына  тойтарыс  беруді  ұйымдастыру  еді.  Түркістан  өлкесінде  ең  алғашқы  қазақ 

тіліндегі  баспасөз  органы  -  генерал-губернатордың  ресми  газеті  «Туркестанские  ведомости» 

газетінің  қосымшасы  ретінде  1870-1882  жж.  «Түркістан  уалаятының  газеті»  (Туркестанская 

газета) жарық көрген. Газет Жетісу және Сырдария облыстарына кеңінен тараған. Ресми газеттің 

қосымшасы  болғандықтан  да  онда  көбіне  аударма  материалдар  жарияланып,  отарлық  биліктің 

саясатын насихаттады. Содан да газет бетінде орыс отаршыларына қарсылық көрсеткен ұлт-азаттық 

қозғалыс барысына отаршылардың көзқарасымен баға берілген материалдар жарық көрді. Мысалы, 

газеттің 1871 ж. 2 санында қазақ халқының қас жауы Кенесары Қасымовтың баласы Садық сұлтан 

Сырдарияның сол жағалауындағы қазақ ауылдарына Хиуа ханының айдап салуымен жиі шабуыл 

жасайды деген мәлімет жарияланған [12, 74 б].

Хиуа хандығында Телқожа батыр Сарыби қыстағында шаруашылық жүргізіп, отбасын құрады 

және қазақ, өзбек, қарақалпақ жігіттерін әскери өнерге дайындауымен қатар 400 нөкерімен Хиуа 

хандығының Дарған атадан Арал теңізіне дейінгі шекарасын күзетеді. Ол Нұрмұхамед жүзбасы, 

Қадырберген  жүзбасы,  Абдулла  жүзбасылармен  бірге  орыс  әскерінің  Қызылқұмды  басып  өту 

бағыттарын зерттеп, оларға тосқауыл қоюды ұйымдастырады.

1873 ж. ақпан-мамыр айларында генерал-адьютант К.П. фон Кауфманның қолбасшылығымен 

орыс әскері Хиуаға жорық жасайды. Садық сардар мен Телқожа мың қаралы жасақпен осы жорыққа 

шыққан  әскердің  жолын  бөгеуге  қатысады.  Олар  Ташкент-Хиуа  бағытындағы  керуен  жолының 

бойында орналасқан 60 құдықты көміп тастап, оқтын-оқтын отаршылардың керуендеріне шабуыл 

жасайды. Олардың осындай қарсылық әрекеті арқылы бейбіт жағдайда 15-16 күнде жүріп өтетін 

жолға орыс әскерлері 101 күн жұмсайды. Профессор Е.Желябужский «Очерки и завоевания Хивы» 

еңбегінде  «шөлден,  індеттен  және  әскерге  көрсетілген  қарсылықтан  13  мың  орыс  солдатының 

7,5 мыңы ғана Хиуаға жетті» деп жазды. Сонымен қоса орыс әскері лауға алған бес мыңнан аса 

күш-көлігінен айрылады. Осы еңбекте 6 мамырда Алтықұдық пен Адамқырылған арасында орыс 

әскеріне таңғы 4-те генерал-майор Бардовскийдің қосынына танымал дала қарақшысы Садықтың 

басшылығымен  200  түркімен  және  соған  шамалас  қырғыз  (қазақ)  әскері  шабуыл  жасағандығы 

жазылған.  Орыс  әскери  керуенінің  қозғалысын  қадағалап  отырған  Садық  Үш  шошақтан  (орыс 

деректерінде  «Три  холма»  деп  аталады.  Қазақ  тіліндегі  деректерде  «Үш  ошақ»  деп  айтылады. 

Дұрысы «Үш шошақ» болуы керек – авт.) Адамқырылғанға шұғыл жетіп, күтпеген жерден осындай 

соққы берген [13, 91-92]. 

Орыс әскерінің Хиуа, Үшошақ, Халата, Адамқырылған қала үшін болған шайқастарында Садық 

сардар, Телқожа батыр мен Хиуа ханының әскербасы Матмұрад диуанбегі бастаған сарбаздар көзсіз 

ерлік көрсеткенімен, озық қару-жарақпен қаруланған орыс әскері 1873 ж. 25 мамырда Хиуаны тізе 

бүктіреді. Осы шайқасты Мәделіқожа «Қиуа жорығы туралы» жырында






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   685   686   687   688   689   690   691   692   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет