Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет30/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131
Шөлейттену 
Экожүйедегі  тепе-теңдіктің  бұзылуына  және  белгілі  бір 
аймақтағы  органикалық    тіршіліктің    барлық    формаларының  
деградацияға  ұшырауына  әсер  ететін    табиғи  және  антропогендік 
процестердің жиынтығы,  яғни,  адамның  әсерінсіз   табиғи   экожүйенің  
орнына    қайта  келмейтіндей  өсімдіктер  жамылғысын  жоғалтуы 
шөлейттену  деп  аталады.  Шөлейттену  негізінен  ылғалы  тапшы 
аудандарда  табиғи  және  көбіне  антропогендік  факторлардың   әсерінен 
(орман  ағаштарын  кесу,  жайылымдарды  үздіксіз  пайдалану,  суғару 
жұмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз пайдалану және т.б.) пайда 
болады.  Шөлейттену  әлемнің  барлық  табиғи  аймақтарында  жүруде. 
Жер  шарындағы  көптеген  аймақтардағы  шөлейттену  үрдісі  адам 
әрекетінен  пайда  болуда.  Антропогендік  іс-әрекеттен  сирек  өсімдік 
жамылғысының жұтаңдануы, топырақтың құнарсыздануы,жерді есепсіз 
жырту, ормандар мен  тоғайларды өртенуі немесе оталуы, жолдар мен 
құрылыс  салу  нәтижесінде  топырақ    жамылғысы    құрамы  өзгерді. 
Жарамсыз  жерлерге    әсер    етуші  табиғи  факторлар  ретінде  жел 
эрозиясы  мен  топырақтың  беткі  қабатын  құнарсыздандыратын  
құйындар  мен  аптапты  аңызақтарды  атауға  болады.  Дүниежүзінде 
жарамсыз  жерге  ұшыраған  аумақтар  ауданы    жыл  сайын    ұлғайып  
келеді. 


 
 
43 
Қазіргі  таңда  әлемнің  әртүрлі  елдеріндегі  шөлейттенудің  басты 
себебі  -  табиғи  ресурстарды  шаруашылықта  пайдалану  құрылымының  
сол  ландшафттың    табиғи    мүмкіншілігіне    сәйкес    болмауы,    халық  
санының    өсуі,  антропогенді    қысымның  артуы,  кейбір  елдердің 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайының  төмендігі.  БҰҰ-ның  1985 
жылғы  мәліметтері  бойынша,  XX  ғасырдың  екінші  жартысында  
антропогенді  шөлейттенудің  көлемі  9  млн  км²-ге  жеткен  және  жыл 
сайын  7  млн  гектар  жер  пайдаланудан  шығып  қалуда,  ал  30  млн  км² 
аумақ  жұтаңдануға  таяу.  Шөлейттену  процесі  жалпы  жер  көлемінің 
Азияда  -  19%,  Африкада  -  23%,  Аустралияда  -  45%,  Оңтүстік 
Америкада - 10%- ын құрайды. Сахара шөлі оңтүстікке қарай  жылына  
орташа    10  км    жылдамдықпен      жылжуда.  Шөлейттену  құбылысы  
дүниежүзінің 100-ден астам елін қамтуда.  
 
 
5-сурет. Дүниежүзінің шөлейттену аймақтары  
(Ә.Бейсенова «Дүниежүзіне аймақтық шолу географиясы» 2011ж) 
Әсіресе  дамушы  елдердегі  шөлейттену    халық  саны  жедел  өсіп 
келе  жатқан  елдерде  жылына  6-7  млн  га  құнарлы  жердің 
жарамсыздануы  халықты  азық-түлікпен  қамтамасыз  етуді  қиындатты. 


 
44
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
Үндістан    жерінің  80%-ға  жуыға  қуаңшылыққа  ұшырауда.  Сонымен 
қатар  Африканың  Сахель  зонасында  да  шөлейттенудің    түрлері 
байқалуда.  Бұл  аймақта  1973  жылы  ұзаққа  созылған    қуаңшылықтан 
аштық  пайда  болды.  Қуаңшылық  салдарынан  Нигер,  Сенегал  өзендері 
құрғап,  уақытша  ағысын  тоқтатты.  1980    жылы  шөлейттену  Африка 
жерін    түгел  қамтыды.  Осының  әсерінен  1985  жылы  1млн-нан  астам 
адам қазаға ұшырап,  10 млн адам экологиялық босқындарға айналды. 
         Орта  Азияның    таулы    аудандарында,  Арал    және    Балқаш  көлі 
маңында,  Орта    Азия    мен    Оңтүстік  Қазақстанның  биік    таулы 
зонасында  (Тянь-Шань, Памир) шөлейттену процесі қарқынды жүруде. 
Амудария 
мен 
Сырдария 
өзендерінің 
суларын 
 
ауыл  
шаруашылығының    қажетіне    пайдалану  Арал  теңізінің  сусыз 
жерлерінде  сортаң,  тақыр  жазықтықтардың  пайда  болуына  әсер  етті. 
Шөлейттену    процессі    халықаралық    қауымдастықтың    назарын 
аударуда.  БҰҰ  мен    халықаралық    ғылыми    және  қайырымдылық 
ұйымдары  шөлейттену  апатының  алдын  алу  шараларын  жүргізіп, 
жергілікті халыққа жан-жақты көмек көрсетуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет