Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Ауылшаруашылық экологиялық проблемалары



Pdf көрінісі
бет32/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   131
 
Ауылшаруашылық экологиялық проблемалары  
XX    ғасырдың  екінші  жартысында  ауыл  шаруашылығында 
пайдаланатын  жерлер  үздіксіз  айналымға  түскендіктен  сапасы 
төмендей  бастады.Әсіресе    химияландыру  науқаны  күшейіп  оның 
зардабы  адамдар арқылы  біліне  бастады. Бұл экологиялық жағдайлар 
дүние  жүзінің  көптеген  мемлекетінде  жаппай  сипат  алады.Статистика 
мәліметтері  бойынша  жыл  сайын  дүниеге  келген  сәбилердің  11,2  % 
физикалық  жағынан  нашар  және  ақыл  есі  кем  туатыны  анықталған. 
Дүниеге  келген  100  мың  баланың    әрбір  11  –  12  мыңы  онкологиялық  
ауруларға  ұшыраған. Ауыл  шаруашылығында химияны қолдау 1960 – 
1990  жылдары  өзінің  биігіне  шықты.  Егерде    1960    жылдары  адам 
басына шаққанда 5 кг химиялық өнім келсе, ал 1990 жылдары  ол 35 кг 
жеткен.  Бұл    химиялық    заттарды    қолданудың  еселеп  өскенін 
көрсетеді. Яғни, ауру қарқыны 1960 жылдары 0,74 %  - тен 1990 жылы 
30%  -  ке  дейін  өскен.1990  –  1999  жылдары  ауыл  шаруашылығындағы 
химияны  қолдану  біздің  республикамызда  бәсеңдей  бастады.Оның 
көптеген  факторлары  бар.  Бұл  жағдай  біршама  экологиялық  таза  өнім 
алуға  жол  берген,екінші    жағынан    барлық    дақылдардың    түрінен 
алынатын өнім азая бастады.Мәселен,  Қазақстанда 1990 ж.67,2122 мың 
т  минералды  тыңайтқыштар,оның  ішінде  42,3%  азот,  55,4%    фосфор  
және  2,3  %  кальцийдің  үлесіне  тиген.  Органикалық    тыңайтқыштар  
22 445,3 мың т   жеткен. Ал,1999 жылдары бұл көрсеткіштер 4 – 5 есеге 
кеміген.  Пестицидтерді  қолдану  1990  жылдары  еліміздің  жерінің  20,9 
млн  гектарын  қамтып,  1999  жылдары  оның  көлемі    8,0  млн.гектарға 
кеміген.Бұл  факторлар  ауыл  шаруашылығына,халықтың  әлеуметтік  – 
экономиканың жағдайына түрліше әсер етті. Пестицидтер – зиянкес тірі 
организмдерге  қарсы  қолданылатын  химиялық    препараттар.  
Химиялық 
препараттарды 
құрамы 
мен 
құрылымына 
қарай 


 
 
47 
органикалық,  фосфорорганикалық,  сынап  органикалық,  мырыш 
органикалық,  өнімдері,  ционисті  қосылыстар,  карбоминді,  мыс 
препараты,фенол өнімдері,күкірт оның қосылыстары деп жіктейді. 
Ал,осы  химиялық  препараттарды  қолдану  сипатына  қарай: 
акарицидтер 
(кенеге 
қарсы), 
альгицидтер 
(су 
балдырына), 
антисептиктер  (микроорганизмдерге),  бактерицидтер    бактерия 
қоздырғыштарына),  зооцидтер  (кеміргіштерге  қарсы),  инсектицидтер 
(насекомдарға),  нематоцидтер  (құрттарға  қарсы),  гербицидтер  (арам 
шөптерге қарсы) деп жіктейді.  
Жоғарыда  аталған  пестицидтер  мен  гербицидтердің  әсер  ету 
нысанына  қарай  жаппай  әсер  ететін  және  белгілі  бір  зиянкесті  немесе 
арамшөпті  ғана  жоятын  түрлер  бар.  Сол  сияқты  кейбір  химиялық 
препараттар 
насекомдарды, 
кеміргіштерді 
немесе 
қансорғыш 
жәндіктерді  өлтірмей  үркітіп  жіберетін  түрлері  бар.Оларды  – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет