Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


Тұрмыстық  және  өнеркәсіптік  қалдықтар



Pdf көрінісі
бет31/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   131
Тұрмыстық  және  өнеркәсіптік  қалдықтар 
Жер  бетіндегі    қалалар    санының    артуы    айналадағы  ортаның 
ластануына  әсер  етті.  Урбандалу    дәрежесінің    артуымен    халықтың 
санының  еселеп  артуы  тұрмыстық-коммуналдық    құрылыстар    мен 
өнеркәсіп, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттілігін тудырды.Осыған 
байланысты қалдық сулар мен көлік түтіні, өнеркәсіп  қалдықтарының  
мөлшері  артты.    Адам    күнделікті    тұрмыста    да    түрлі    тұрмыстық  
техникалардан,  компьютерлерден,  рентген  аппараттарынан    да  сәуле 
алады. Мысалы, адам баласы теледидар  қараудан бір жылда  0,5  мбэр  
сәуле    алады.  Сонымен    бірге    ластанғыш  заттардың  негізгі  көздері-
өнеркәсіп,  автокөліктер,  зауыт,  жылу  энергетикасы,  соғыс  қаруларын 
сынау,  космос  корабльдері  мен  ұшақтар  т.б.  Жоғарыда  аталған 
нысандардан      атмосфераға    түскен    заттар    ауа    құрамындағы 
компоненттердің    қатысуымен    химиялық    немесе    фотохимиялық  
өзгерістерге   ұшырайды. Содан  соң пайда болған  химиялық  өнімдер  
суға, жерге  түсіп, барлық  тірі организмдерді, ғимараттарды, құрылыс 
материалдарын   бүлдіреді.  Тұрмыстық  және  өнеркәсіптік  қалдықтар  - 
түзілген жерлерінде пайдаланылмайтын, ауыл шаруашылығының басқа 
салаларында  өнім  ретінде  немесе  қайта  өңдеу арқылы пайдалануға 
болатын  өнеркәсіп,  тұрмыс,  көлік  және  т.б.  қоқыстар    тұрмыстық 
(коммуналдық) қалдықтар  адам  өміріндегі  заттарды (монша, кір жуу, 
асхана,  емхана  және  т.б.  қоса)  пайдаланғаннан    кейін    қалатын, 
тұрмыста    пайдаға    аспайтын    қатты  (сондай-ақ  ақпа  сулардың  қатты 


 
 
45 
бөлігі  -  тұнбалары)  қалдықтар.  Тұрмыстық    қалдықтар  әлемнің  
көптеген  елдерінің  проблемасы. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 150 млн 
тоннадан  аса,  Жапонияда  -  72  млн  тоннадан    аса   қалдықтар  бөлінеді. 
Осыған  байланысты  қазіргі  кезде  көптеген  елдерде  қоқыстарды  өңдеу 
қондырғылары  (тәулігіне  900  тоннаға  дейін)  орнатыла  бастады. 
Қазақстан  жағдайында    көптеген    қалалардың    ауа    бассейні  
автокөліктерден    шығарылатын    зиянды    заттармен    ластанып  отыр. 
Мәселен, автокөліктерден  бөлінетін  қоқыс  заттар  қалалар бойынша: 
Қостанайда 119,4 мың т., Оңтүстік Қазақстанда 87,3 мың т., Алматыда 
85,0  мың  т.,  Павлодарда  74,7  мың  т.,  Көкшетауда  53,6  мың  т., 
көрсеткішке жетіп отыр. Автокөліктерден  бөлінетін  көміртегі  оксиді 
барлық  шығарылатын  заттардың  70-80%  пайызын    құрайды.    Соңғы 
2000  жылдың    мәліметі    бойынша    Өскемен    қаласының  ауасында 
күкірт  диоксиді  және  фенол,  формальдегид,  азот    диоксиді    қалыпты 
деңгейден 1-4 РЗШ-ға жетіп отыр. Сол сияқты ауаның ластануы Ақтау, 
Теміртау,  Шымкент,  Тараз  қалаларында  өсе  түсуде.  Әсіресе,  улы 
формальдегидтің  3  есе  көбейгені  Шымкент,  Тараз  және  Петропавл  
қалаларында  байқалып отыр. Ауадағы  аммиак  пен фенолдың мөлшері 
Теміртауда  2,3  РЗШ,  Петропавлда  3  РЗШ-ке  жетсе,  ал  Астанада  
фторлы  сутегі  4 РЗШ мөлшерін  көрсетуде. Қазақстан  жағдайында ауа 
бассейінінің  ластануы  көбінесе  қатаң    континентальды    ауа  райына 
байланысты.  Жауын-шашын  мөлшері  өте  аз  болғандықтан,  ауаның 
табиғи  тазаруы  нашар.  Оның  үстіне  үнемі  соғатын  күшті  желдер 
біркелкі  емес.  Мәселен,  Алматы,  Шымкент,  Лениногор,  Зырян 
қалаларының  ауа  бассейінінде  табиғи  ауа  ағыстары  болмайды,  соның 
есебінен  қалалар  үнемі  қалың  зиянды  улы  тұмшамен  оранып 
жатады.Өзендердің  ішінде  Ертіс  су  алабы  Өскемен  қорғасын-мырыш 
комбинаты,  Лениногор  қорғасын  зауыты,  Березов  кені,  Зырян  зауыты 
секілді  өндіріс  орындарының  сарқынды  лас  суларымен  ластануда.  Су 
құрамында  қорғасын,  мырыш,  сынап,  т.б.  ауыр  металдар  шекті 
мөлшерден  асып  кетуі  жиі  байқалады.  Қалалардың  ластануымен    әр  
түрлі    аурулар    пайда    болуда.  Ауыр    металдар  мен  химиялық  
қалдықтардың  әсерінен  тері  аурулары,  жұқпалы  аурулар,  қаназдық, 
ішек-құрт  ауруларының  саны  артуда.  Соңғы  жылдары  тірі 
организмдердің    улануына    алып    келетін  қауіпті (улы)  қалдықтардың 
мөлшері    көбеюде.    Бұл  -  ауыл  шаруашылығында    пайдаланылмай  
қалған    улы    химикаттар,  құрамында    канцерогенді  және  мутагенді 
заттары  бар  өндіріс  орындарының  қалдықтары.  Бұрынғы  КСРО 
территориясында  химиялық  «тұзақтар»,  яғни,  кезінде  көміліп 
ұмытылып  кеткен,  бертін  келе  тұрғын  үйлер  және  басқа  да  нысандар 
салынған  көптеген  қауіпті  қалдықтардың    орындары    бар.  Уақыт    өте 
келе  сол  жердегі  тұрғылықты  халық  әртүрлі  ауруларға  ұшырай 


 
46
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
бастайды. Мұндай қалдықтар көмілген жердің санақ бойынша АҚШ-та 
32 мың жерде, Германияда – 50мың, Нидерландыда – 4 мың  кішкентай 
Данияның  өзінде  -  3200  көзі  бар.  Өнеркәсіптік  қалдықтар  -  өнімдерді 
шығару және әртүрлі жұмыстарды орындау  кезінде  бастапқы  тұтыну 
қабілетін  толық    немесе    жарым-жартылай  жоғалтқан    шикізат, 
материалдар,  жартылай    фабрикаттар    қалдықтары.  Олар  қайтымды  
және  қайтымсыз (технологиялық шығындар: буға айналу, түтін, кеуіп 
кету)  болуы  мүмкін.  Мәліметтер  бойынша    Еуропа  елдерінде  жыл 
сайын:  қайта  өңдеу  өнеркәсіп    орындарында  -  400  млн  тонна,  өндіріс 
орындарында  -  160  млн  тонна  және  т.б.  қалдықтар  түзіледі.  1990-шы 
жылдардың    бас  кезінде  барлық  қалдықтардың  (2,2  млрд  тонна) 
жартысы  ауыл  шаруашылығындағы    өндіріс    орындарының    еншісіне 
тиді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет