Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Тәрбиенің заңдылықтары туралы түсінік



бет27/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   215
Байланысты:
Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш., т.б. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. Алматы.ОНОН. 2019. -345 б.

3.2.1. Тәрбиенің заңдылықтары туралы түсінік
Заңдылық ретінде біз тәрбие үрдісіндегі тұрақты құбылысты қарастырамыз, оны іске асыру кезінде жеке тұлғаның дамуында және қалыптасуында әсерлі нәтижелерге қол жетеді. Тәрбие процесінің бірнеше ерекшеліктері бар. Олар педагогикалық заңдылық ретінде көрініс береді.

Заңдылық дегеніміз – қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, заң аясынан шықпайтын құқықтық әрекеттер мен құқықтың орындалуына саналы түрде жету.

Тәрбиенің педагогикалық заңдылығын объективтік, жеке адамның еркіне бағыныссыз, тәрбие үдерісінде өзіндік тұрақты қасиеті бар көрініс деп білеміз.

Заңдылықты айқындау дегеніміз педагогикалық үдерісті (идеалдық) мүлтіксіз жоспарлау, сөйтіп тәрбиесін бақылап, басқарудың ғылыми жүйесін тәжірибеге енгізуге байланысты атқарылатын іс-әрекет.

Тәрбие жұмысының заңдылықтарына баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы; тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байлыныстылығы; тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы т.б. жатады.

Тәрбие ісінің қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажетін өтеуге сай келуі, оның демократиялық принципті іске асыруы, адам құқығын қорғау мәселелері мен тығыз байланыстылығы.

Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы", "Бала құқықтарының Конвенциясы") құжаттарды жасады. Олар осы заманғы тәрбиенің теориясы мен методологиясымен, тәрбиенің мұраттарымен рухани құндылықтарының үлгісін жасауға жаңаша бағыт белгіледі. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес бұл құжаттардың жетекшілік рөлі біздің еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды. Сондықтан тәрбиенің мазмұнында республикада және оның жекелеген аймақтарныдағы әлеуметтік-экономикалық даму факторларының есебінен жүргізу басты мәселе болып отыр. Ол тәрбиенің мазмұнынан көрініс тауып, әр халықтың мәдени-тарихи құндылықтарын жалпы әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен бірлікте, сабақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Тәрбиенің бұл заңдылығын жүзегеа сыруда оқушыларды ана тілінде және ұлтаралық тілдерде оқыту халықаралық маңызға ие болып отыр.

Тәрбие мақсатының тиімділігі оны ұйымдастыру ісі тәрбиеленушілігі жақын және түсінікті болғанда ғана іске асырылады. Осы заманғы тәрбиелік үрдіс мақсат тұтастығымен, оларға қол жеткізуде оқушымен қоян-қолтық жұмыс істеумен ерекшеленеді. Бұл мақсатқа жетудің құралы-адамға базалық мәдениет негіздерін меңгерту арқылы іске асырылады. Осыдан келіп тәрбиенің мазмұны жеке тұлғаның "базалық мәдениетіне" негізделуінің қажеттілігі туындайды. Ол мәдениет ұлттық экономикалық және еңбек мәдениетінен, саяси, демократиялық және құқық мәдениетінен, адамгершілік және экологиялық, көркемдік-эстетикалық, дене мәдениеттерінен құралады. Оның негізі отбасы мәдениетінен туындайды, яғни ұлттық мәдениет отбасылық тәрбиеден бастау алады.

Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшу кезінде рухани құндылықтың жетімсіздігі тәрбие жұмысының мазмұнын жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Ол оқушы жастарды құндылық атаулыны бағалай білуге, ұлттық мәдениет пен өркениетті әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін кіріктіре отырып игеруге баулуды талап етеді. Ал мұның өзі жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп қалыптастырудың күшті құралы болып саналады.



Тәрбие үдерісінің диалектикасы. Тәрбие үрдісі өзінің жаратылысы жағынан диалектикалық болып келеді. Ол жеке тұлғаның үздіксіз дамуда, өзгерісте, қозғалыста болуына байланысты. Тәрбие үдерісінің негізі өмірде кездесетін себептерге байланыысты дамып, өзгеріп отырады, сондай-ақ ол баланың жас ерекшеліктеріне де байланысты дамуда, өзгерісте, өсуде болады. Тәрбие үдерісінің диалектикасы дамудың ішкі және сыртқы қайшылық заңдылықтарына бағынады. Дамудың ішкі қайшылығының бірі–жеке тұлғаның даму үдерісінде білуге құмарлығы мен білмейтін жұмбақ істердің ара қатынасынан туындайды. Адамның білмегенді білуге деген талпыныс, іс-әрекеті оның белсенділігін туғызады, білмегенді білу үшін тәжірибе жинақтауға сүйене отырып, белгісізді білуге қимыл, әрекет жасауға икемделеді. Ал сыртқы қарама-қайшылықтарды жеңу ісі де тәрбие үдерісінің қозғаушы күші болып саналады. Мысалы, мектеп пен отбасы арасындағы тәрбие ісіндегі түсініспеушілік, ата-аналардың педагогтардың талабын дұрыс түсінбеуі, т.б. теріс әсерін тигізеді.

Бұл заңдылық тәрбиенің тұтастығы мен өзара байланысындағы, тұлғаны оқыту мен дамытудағы диалектикалық шарттылықтардан көрініс табады. Тұлғаның дамуы тәрбие мен оқытудың сапасына байланысты. Оқыту тұлғаны қалыптастырудың құралы болып табылады. Өз кезегінде тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі тәрбиеленушілердің жалпы даму дәрежесінің деңгейіне байланысты болады. Тәрбие теориясы тұлғаның дамуына әлеуметтік тәжірибені игеруге, қарапайым, білім, білік және дағдыларды жинақтауға көмегін тигізеді. Жеке тұлғаның дамуы өзінің көрінісінен алдымен адамның психикалық қызметінің сапалық өзгеруінен, онда жаңа сапалардың, мінез-құлық белгілерінің қалыптасуынан табады. О.Н.Козлова тәрбие үдерісінде оқушылардың іс-әрекетінің мазмұны олардың қажеттілігінің өзгеріп отыруына байланысты көп вариантты болып келеді және қажеттіліктің даму өрісімен анықталады деп атап көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет