Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, әдістері мен тәсілдері



бет88/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   215
Тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, әдістері мен тәсілдері

Мектептегі тәрбие жұмысын жоспарлау тәрбие заңдылықтары мен ұстанымдары мазмұнға байланысты әртүрлі әдіс-тәсілдер мен құралдарды қолдану арқылы іске асырылады. Оқушылардың бойындағы құндылықты қалыптастырудың сәтті болуы оның әдіс-тәсілдеріне байланысты болады. Яғни, әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдай білудің маңызы зор. Тәрбие жүйесінетәрбие ісінің мазмұны, құрылымы мен қолданудың әдіс-тәсілдері және білім беру үрдісін ұйымдастыру істерінің жиынтығы болып табылуымен қатар, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынасына құрылған сабақ үстіндегі және сыныптан тыс жұмыс түрлері тәрбие, сынып сағаттары, үйірме жұмыстарды, кештер мен жарыстар, байқаулар т.б. енеді.

Тәрбие тәсілі-әдістерді белгілі бір жағдайларда нақты пайдалануды қамтамасыз ететініне тоқтала келе, әдісті іске асыруда тәсілді нақты, айқын пайдалану көзделеді. Тәсілдерді дұрыс айқындау арқылы тұлғаның құндылығын оның санасына, сезіміне, іс-әрекетіне, алға қойған мақсаттың орындалуына бағыттайды.

Жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тәрбие жұмыстарының жоспарын нақты құруға бағытталады. Осыған орай, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің ортақ мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді әрекеті, яғни ынтымақтастығы деуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет