Тәрбие жұмысының есебі



Дата14.02.2022
өлшемі8,57 Kb.
#25498
Байланысты:
Тәрбие жұмысының есебі


Тәрбие жұмысының есебі
2020-2021 оқу жылындағы 2 «А» сынып оқушыларының ІІ жарты жылдықтағы тәрбие жұмысына талдау жасалды. 2 «А» сыныбында барлығы 28 оқушы бар. Сынып оқушылары әр түрлі сынып сағаттары мен сынып жиналыстарына, мектепішілік түрлі іс – шараларға біркісідей ат салысты.

Сонымен қатар ұлтжандылық, адамгершілік, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жанұялық қарым – қатынастар туралы іс – шараларға толығымен тоқталып өттік. Осы мақсатпен оқу – тәрбие беру жүйесінде білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және ұлттық рухани патриоттары ретінде қалыптастыру мен өз – өздерін танытуларына, дені сау,өз ұлтын сүйетін, рухани мәдениеті жоғары, еңбекқор, сапалы іскер, бойында жақсы қасиеттер қалыптасқан тұлға тәрбиелеуде, жас ұрпаққа имандылық, эстетикалық тәрбие беріп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда, оқушылардың бір-бірімен сыйластықтары, тіл табысуларын арттыра отырып, жоспарланған тәрбие сағаттары уақытымен өткізіліп отырды.

Жоспар бойынша қаңтар айында: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз», «Денсаулығым – бар байлығым», «Туған тілім –қазақ тілі, «Өрт – тілсіз жау» атты тақырыптарда сынып сағаттары аптасына 1 рет өткізіліп отырды.

Ақпан айында:«Әдептілік әліппесі», «Жолда жүру ережесін сақтаймыз», «Бағдаршам туралы не білеміз?», «Адамгершілік – асыл қасиет» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Наурыз айында:8 –наурыз халықаралық аналар күніне орай сыныпта «Ана – өмірдің гүлі»атты ашық тәрбие сағаты және 2 сыныптар арасында «Кішкентай Ханзада мен Ханшайым» атты сайыс ұйымдастырылды. 22-наурыз орай «Наурыз – жыл басы» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

Сәуір айында: «12 сәуір – ғарышкерлер күні», «Өнерін сыйлаған қрге шығар», «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

Мамыр айында: 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» атты тәрбие сағаты өткізілді.9-мамыр – Жеңіс күніне орай «Жеңістің туы желбіре!» атты тәрбие сағаты өткізілді. 24 мамыр «Үздік оқушылар-2018» атты шеру өткізілді. Сәуір айында: «12 сәуір – ғарышкерлер күні», «Өнерін сыйлаған өрге шығар», «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Мамыр айында: 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» атты тәрбие сағаты өткізілді.9-мамыр – Жеңіс күніне орай «Жеңістің туы желбіре!» атты тәрбие сағаты өткізілді. 24 мамыр «Үздік оқушылар-2021» атты шеру өткізілді.


Ертеңгіліктің тақырыбы: «1 - Мамыр», «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ»
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар балалар! Сіздерді 1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін.
Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана - қуана қарсы алады. Ендеше бүгінгі осы мерекеге арналған ертеңгілігімізді бастайық. Ортада «ботақан»тобын қарсы алайық. Балалармен әңгімелесіп. Біреу есік қағады. Бұл кім болды екен? Қонақ кіреді, ол - ұсқынсыз үйрек. Бәрімен амандасып, төрге жайғасады
Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет