3. Мәселенің тарихнамасы.Терминдер мен ұғымдар тарихи білім әлеуметтік ойдың функционалдық маңызды элементі болып табылады. Ол өз кезегінде күрделі көп деңгейлі және тарихи құбылмалы феномен. Атап айтқанда өткен туралы білімдерді сақтаудың рационалдық дәстүрлерінен бөлек ұжымдық әлеуметік дәрежеде субъективті және эмоцияналдық қабылдауға негізделген отбасылық, индивидуалдық жадынама болады. Айырмашылықтарына қарамастан тарихи жадынаманың барлық типтері өзара тығыз байланысты, олардың шекаралары шартты және өтпелі.Ғылыми білім өткен туралы ұжымдық түсініктердің қалыптасуына ықпал етеді және өз кезегінде көптеген стеритиптердің ықпалында болады. Қоғамның тарихи тәжірибесі көп жағдайларда өткенді рационалды ұғынудың сондай-ақ оны инструктивті және эмоционалдық қабылдаудың нәтижесі болып қала береді. Курстың дидактикалық және педагогикалық мақсаттары бірқатар тұғырнамаларымен бірден айқындалады. Бұрын зерттелмеген материалдарды өзектілендіретін арнайы гуманитарлық білім беру курсын тәжірибеге енгізудің қажетілігімен материалдарды бұлайша өзектендіру аса маңызды ақпараттық топтамаларға назар аударып қана қоймайды сондай-ақ білімдер жүйесіне оның қозғаушы механизімін-өткенді зерттеудің әдістерін енгізеді. Тарихи танымның техникасымен танысу, тарихи білімдердің аса маңызды иманенттік ерекшеліктерін түсінуге және сезінуге тәжірбиелік мүмкіндіктер берді.
Онда объективтілікпен шарттылық ұштасады.Екіншіден бұл курс тарихи білімдердің күші мен осалдығын, оның көп деңгейлігін мәдени контекске байланыстылығын көрсетеді. Сөйтіп тарихтың өткенінің ғылыми бейнелерін десакрализациалауды жүзеге асырады Онда тарихи зерттеулердің шекарасын белгілейтін кординатар бейнеленген.Оның әлеуметтік функциясы және қоғамдық санаға ықпал ету мүмкіндіктері қарастырылған - бұл курстың басты педогогикалық мақсаты. Салауатты скептицизм және өткеннің кейбір оқиғаларына сыни көзқарастарды қалыптастыру болып табылады.
Курстың құрылымы зерттеу объектісінің тарихи дамуының логикасына сәйкес құрылған: тарихнаманың қазіргі ізденісіндегі бұл курста тарихи білімдердің негізгі формалары мен дәрежелері қарастырлады:Мифтер өткенді бұқаралық қабылдау, рационалды білім (тарих философиясы) академиялық тарихилық, тарихи әлеуметтану,мәдениеттанудың, тарихи зертеулердің қазіргі заманауи бағыттары. Курстың міндеті фактілердің алуандығын және өткенді тану формаларының құбылмалығын тарихи және өркениеттік тұрғыдан қарау.
Өткенді қабылдау және тану сондай-ақ оған бүгінгі күн тұрғысынан баға беру, антикалық заманда ортағасырларда және бүгінгі күнде Европалық және Шығыс өркениеттерінің мәдени дәстірлері тұрғысынан алғанда ерекшеленеді. Курстың негізгі бөлігі танымдық шетелдік тарихи білімдердің бүгінгі күнгі қалыптасуына талдау жасауға, ең бірінші кезекте Европалық дәстүрлердің дамуы жолдарымен механизімдерінің өзара әрекеттесуін салыстыруға арналған.
Тарихтан бөлек курстың структуралық құрамдасы бар. Оларда тарихи білімдердің негізгі категорияларымен концепцияларына назар аударылады: «тарих,тарихи уақыт» «тарихи дерек» «тарихи шындық» пен «тарихи заңдылық» ұғымдары қарастырлады. Курста тарихи білімнің күрделі құрылымы көрсетілген атап айтқанда өткенді ғылыми рационалды дәстүрлер тұрғысынан жіктеу және бұқаралық иррационалдық қабылдау. Елеулі мәселелердің бірі тарихи мифтермен соқыр сенімдердің қалыптасуы, олардың бұқаралық санаға сіңуі және саяси идеологияға ықпалы бүгінгі шетел тарихнамасындағы орны.
Достарыңызбен бөлісу: |