Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі бағалар
шәкілі және ECTS аударылған балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалар
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
Балдар (%-тік құрамы)
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
«Тарих және Қазақстан халқы Ассомблеясы» кафедрасының меңгерушісі
|
_____________
|
Оразбақов А.Ж.
|
Пән оқытушысы
|
_____________
|
Сәтбай Тастанбек Яхъяұлы
|
Дәріс №1. ШЕТЕЛДІК ТАРИХНАМАДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТТАР ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
1.Шетелдік тарихнаманың пәнінің мақсаты мен міндеттері.
2. Қазіргі ғылымдағы әдіснаманың алатын орны.
3.Мәселенің тарихнамасы.Терминдер мен ұғымдар.
1.Шетелдік тарихнаманың заманауи бағыттары пәнінің мақсаты мен міндеттері. Осы дәрістер жинағы негізіне қазіргі шетел тарихи білімдер ғылымы, немесе дәлірегі «тарихи білімдер тарихы алынған». Оның мазмұны тарихи танымның табиғаты мен функциясын заманауи түсінумен айқындалады.
Курстың методологиялық негіздемесі гуманитарлық білімдердің табиғаты туралы пікірталас барысында ұсынылған бірқатар идеялармен айқындалады.Бұл тарихи танымдардың ерекшелігін белгілеу және тарихи зерттеудегі ақиқат пен шынайлықты салыстырмалы өлшемділігін көрсетеді. Тарихи білімдердің салыстырмалылығы бірқатар факторлармен айқындалады, ең бірінші кезекте зертеулердің 3 негізгі компоненттерінің бастапқы көп мәнділігімен: тарихи факт, тарихи дерек пен тарихи зертеудің әдістері. Өткен туралы «объективті»шындықты анықтауға тырыса отырып зертеуші өзінің субъектілігінің сондай-ақ рационалды талдауға алып отырған деректердің субъективтілігінің тұтқынында қалып қоюы мүмкін. Тарихи білімдердің мүмкіндіктері мен шеңбері толық емес сақталынған куәліктері және куәгерліктердегі зерттеп отырған дәуірдің шынайы бейнелей алатындығына кепілдіктің жоқтығымен, ақырғы соңында зертеушінің интеллектуалдық инструменттерімен түсіндіріледі.Тарихшы қашанда өзінің еркінен тыс өткенді түсіндіргенде және оны қалпына келтіргенде субъективтіліктен біржола айрыла алмайды: зерттеуші өткенді түсіндіргенді өз дәуірінің концепцияларымен және идиологиялық ұстанымдарына және субъективті таңдауына немесе басқада интеллектуалдық модельдерге сүйенеді. Осылайша тарихи білім мен оның өткен туралы ұсынып отқан бейнесі қашанда субъективті, жартылай толқынды және өзінің шынайлық жағынан салыстырмалы. Зертеушінің өзінің шектеулігін мойындауы тарихи ғылыми білімдердің өз әдіс, тілі және әлеуметтік мазмұнға ие рационалды болуына кедергі жасай алмайды.
2. Пәннің және тарихи зерттеу ерекшеліктерінің тұтастай алғанда тарихи білімдердің принциптің маңызы бар. Тарих ғылымының қалыптасу процесінде пәнді түсіну мен зерттеу міндеттерін ұғыну елеулі өзгерістерге ұшырайды. Тарихи зерттеулердің қазіргі практикасы өз өрісінің кеңдігін ғана емес өткеннің тарихи құбылыстары мен оларды түсіндіргенде әр түрлі көзқарастардың мүмкіндіктерінде мойындайды. Империялық ғылымдардың басты мақсаты ең бірінші кезекте саяси жағынан маңызды мемлекеттік бірлестіктер дамуының негізгі асуларын жекелеген фактілердің арасында себеп-салдарлық байланыстарды зерттеу. Елдің шаруашылық және саяси өміріне адамдардың жеке өмірі мен ауа райының өзгерістерімен адамдардың әлем туралы түсініктерін анықтауға дейінгі құбылыстардың үлкен топтамасы көзі қырағы тарихшының назарында. Оқиғалар, адамдардың мінез желісінің модельдері олардың құндылықтар жүйелерімен себептері зерттеу нысаны болады.Зерттеу өрісін былайша жіктеу –нақты зерттеу бағыттарының іш тартуларынан тыс екендігімен байланысты. Адамдар табиғаттар және олардың мінез жерлері алуан түрлі- әртүрлі ракустарда және өзара байланыста қарастырылады. Тарихи білімдері болып табылатын жаңа заманның гуманитарлық пәндердің ішіндегі неғұрлым әмбебап және сиымдылығы үлкен тарих болып отыр, оның дамуы ғылыми дамудың жаңа сфералары-әлеуметтік, психологиялық, экономикалық және басқа ғылымдардың қалыптасуымен қатар жүріпқана қойған жоқ. Сонымен бірге олардың әдістері мен проблемаларын тарих ғылымының міндеттеріне бейімдеу және ұштастырумен байланысты. Тарихи білімдердің кеңдігі кейде тарих ғылымының дербес ғылыми пән болуының дұрыстығына күмән келтіріп отыр. Бұл түсініктіде және негізі бар. Тарих мазмұны жағынан және формасы жағынанда шындықты зерттеудің басқада салаларымен интегралды өзара әрекеттесу үстінде туады.
География, этнография, т.б. әдеби жанрлар, айрықша пән ретінде қалыптасқаннан кейін ол тағыда пәнаралық өзара әрекеттесу жүйесіне кіріп отырады.
Тарихи білімдер бүгінде де өткендегідей қалыптасқан уақытынан бастап таза академиялық немесе интеликтуалдық феномен болған емес. Оның функциялары кең әлеуметттік ауқымдылығы мен ерекшеленеді және әлеуметтік санамен тәжірибелердің аса маңызды салаларында бейнеленеді. Тарихи білім, өткенге деген қызығушылық барлық уақытта қоғамның нақты проблемаларымен байланыста болған. Нақ сондықтанда өткеннің бейнесі қайтадан жасалынып қоймайды, тіпті ұрпақтары тарапынан жасанды түрде жасалынады. Өйткені ұрпақтар өзіне дейінгі оқиғаларды оң және теріс бағалай отырып өздерінің қоғамдық саяси мәселелеріне бейімдейді. Өткендегі оқиғаларды өзектілендірудің қиял формалардың бірі өткен дәуірлердегі оқиғаларға осы заманның идеологиялық қағидалары мен сынбаларын тану болып табылады. Осылайша өткен осы заманғы идиялогиямен анахронизмдердің құрбанына айналды. Мұнымен бірге осы заманғы тарихта зардап шегеді. Өткеннің тарихы бейнелері осы заманға таңылып қоғамдағы әлеуметік санаға ықпал етудің құдіретті құралына айналды. Социумда үстемдік етіп отырған өткенге деген көзқарас тарих ғылымының одан әрі дамуының міндеттерін айқындайды сонымен тарих немесе өткеннің бейнесі әлеуметтік сананың, бір бөлімі саяси идиологиялық түсініктердің элементі және әлеуметік дамудың стротегиясын айқындайтын бастапқы материалы болып табылады. Басқаша айтқанда тарихсыз әлеуметтік сәйкестілікті қалыптастыру және жекелеген қоғамдардың я біртұтас адамзаттың болашағын меңзеу мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |