Байланысты: УМК Шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар
Алынған деректерді құжаттау және рәсімдеу Деректі зерттеп, сұрыптап және кірістіргенде, әр түрлі перспективалардағы ақпараттарды көресіз және іскери шешімдер қабылдау үшін талдауыңызды пайдалана аласыз. Мысалы, тенденцияларды көрсету үшін, сызықтық диаграмманы пайдалануға болады. Құжаттар мемлекеттік тілде дайындалады, қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі де қолданылады. «Қазақстан Республикасы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған жағдайда басқа тілдер де қолданылады. Мемлекеттік тілдегі және онымен бір мезгілде жасалған өзге тілдегі тең түпнұсқа құжаттардың әрқайсысы жеке бланкілерде (жеке парақтарда) басылады және бірыңғай деректемелермен ресімделеді. 3. Қағаздағы құжатты әзірлеу мен ресімдеу кезінде белгіленген бірізділікпен орналасқан деректемелер құжаттар деректемелерінің орналасу сұлбасына сәйкес қолданылады (1-қосымша). 4. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құжаттарды таза парақтарда дайындай алады. Құжаттарды таза парақтарға дайындау кезінде көрсетілуі қажет деректемелер: 1) құжатты шығарған ұйымның ресми атауы; 2) құжат түрінің атауы; 3) құжаттың уақыты; 4) құжаттың тіркеу нөмірі; 5) құжатқа қол қойған тұлға лауазымының атауы, қолы және қолының толық мәнінің жазылуы; 6) мөрдің бедерлемесі. 5. Құжат бланкісі А4 (210х297 мм), А5 (148х210 мм) форматтағы стандартты парақтарда дайындалады. Бланкте, бланкісіз дайындалған құжаттардың әр парағында мынадан кем болмайтын жиек болу керек: сол жағынан – 20 мм; оң жағынан – 10 мм; жоғарғы жағынан – 10 мм; төменгі жағынан – 10 мм. 6. Ұйымда мынадай құжат бланкілері қолданылады: 1) ұйымның хат бланкісі (2-қосымша); 2) ұйымның нақты құжат түрінің бланкісі (3-қосымша); 3) ұйымның ортақ бланкісі (4-қосымша). Ортақ бланктер, нақты құжат түрінің бланкісін типографиялық жолмен басып шығару тиімсіз болған жағдайда қолданылады.