студенттерге қауіпсіз жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша нұсқау береді. Қажетті жағдайда студент-практиканттарды жұмыстың қауіпсіз әдістеріне үйретеді;
мекемеде, ұйым мен кәсіпорында студенттермен болған келеңсіз жағдай үшін толық жауапкершілік алады. Мекемеде, ұйым мен кәсіпорында студенттермен болған келеңсіз жағдайларды комиссия университтен тағайындалған практика жетекшісімен бірлесе отырып қарастырады және Ережеге сәйкес мекемеде, ұйым мен кәсіпорында зерттеу жүргізіліп, келеңсіз жағдайды есепке алу мәселесін ескереді;
ішкі еңбек тәртібін бұзған студент-практиканттарға мекеме, ұйым немесе кәсіпорын басшысының бұйрығымен қажет жағдайда шығынды өтетуге құқылы және бұл туралы университет ректоры мен факультет деканына хабарлайды;
бітіруші кәсіби жұмысқа және курстық жобаларға (жұмыстарға) қажетті мәліметтер жинақтауда көмек көрсетеді;
студенттердің практика қорытындысын бағалайды.
Университет тарапынан практика жетекшілері ретінде кафедраның жетекші оқытушылары (профессорлар, доценттер, аға оқытушылар) тағайындалады.