Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министірлігі



бет58/70
Дата07.01.2022
өлшемі213,82 Kb.
#19729
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70
Мәтіндік есептер дегеніміз-аты айтып тұрғандай, мәтін арқылы берілген, теңдеу құруға негізделген есептер болып табылады. Мұны кейде мәселе есептер, кейде сөздік есептер деп те атайды. Бұл есептердің ішінде біраз басқатырғыштары да бар. Өзінің алға қойған дидактикалық мақсаттарына қарай есептерді үш түрге (классификация) бөлуге болады: 1) танымдық есептер: бұлар арқылы жаңа білім алынады 2)машықтану есептері: бұлар арқылы орнықты білім дағдылары қалыптасады 3)шығармашылық мақсаттағы есептер: ойлауды қажет ететін дамыту есептері.

Есепті шешу бірнеше кезеңнен тұрады:

  • есептің мазмұнымен танысу.

  • есептің шарты және талабын түсіну, шартта көрсетілген элементтерді игеру

  • қажетті ес жүйесіне керек ақпаратты іздестіру.

  • білетін білім мен тәжірибені пайдаланып, шарты мен қорытындысының сәйкестігін айқындау.

  • есептің шешу жоспарын анықтау.

  • берілген және ізделінді тәсілдер арқылы есептің бірнеше тәсілін қарастыру.

  • есепті белгілі тип түріне негіздеу.

  • берілген есепті шешудің ең тиімді жолын таңдау.

Жалпы мәтінді есептерді көбінесе арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығарады:

- арифметикалық тәсіл – бұл жағдайда барлық логикалық операциялар нақты сандар арасында арифметикалық амалдарды қолдана алу білімін пайдаланылып негізгі тұжырымға сүйенеді. алгебралық тәсіл – мұнда есеп теңдеу құру арқылы шығарылады. Арифметикалық тәсіл есепті талқылай білуге, өз ойын анық және нақты айта білуге үйретеді. Ал алгебралық тәсілде есеп математика тіліне аударылып, оның математикалық моделі жасалады.



1 есеп. Екі санның қосындысы 20, бірінші сан екінші саннан 4-ке артық. Осы сандарды табыңдар. Бұл есепті арифметикалық тәсілмен шығару үшін үлкен санды кіші санға дейін кішірейту немесе кіші санды үлкен санға дейін арттыру тәсілі қолданылады.

Есептің шартын схема түрінде беруге де болады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет