Жалпы жағдайлар
3. 1. Пәннің қысқаша мазмұны
«Жасанды интеллект жүйелері» пәні 5В060200-«Информатика» мамандығында оқитын студенттер үшін образдарды тану, теоремаларды дәлелдеу және оқыту міндеттерін, сарапшылық жүйелерді – программалық жабдықтарды құруды қарастырады
3.2. Пәннің мақсаты
Қандай да бір проблемаларды автоматты түрде шешу, сонымен қатар осы проблемаларды шешу әдістерін қарастыру және түзету.
3.3. Пән міндеті
Жасанды интеллект жүйелері келесідей міндеттерді қарастырады: образдарды тану есептерін (мысалы: табиғи дауысты тану) құру; теоремаларды дәлелдеу және оқыту есептерін (мысалы, қандай да бір ойынның дағдысын) құру; сарапшы ретінде шешім қабылдауға мүмкіндігі бар сарапшылық жүйелерді – программалық жүйелерді құру (мұндай жүйе деректер базасы білімін қамту керек).
Достарыңызбен бөлісу: |