Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет4/20
Дата09.05.2022
өлшемі328,5 Kb.
#33421
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Электр тоғының тығыздығы деп өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін токты айтады: , ал өлшем бірлігі – А/м2.
2.2. Кернеу және потенциалдар айырымы

Кернеу деп электр өрісі кернеулігінің сызықтық интегралына тең скалярлық шаманы айтады. Потенциалдар айырымы – құйынды емес электр өрісіндегі интегралдау жолына тәуелсіз кернеуді айтады. (тұрақты ток тізбегіндегі электр өрісі – құйынды емес).

Өткізгіштің бөлігі үшін тұрақты кернеу

мұндағы - кернеулігі біртекті тұрақты электр өрісіндегі оң зарядқа әсер ететін күш; - өткізгіш бөлігінің бойымен оң зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы; және - өткізгіш бөлігінің және көлденең қималарындағы біртекті тұрақты электр өрісінің потенциалдары.

Кернеудің өлшем бірлігі – вольт (В). Бұл 1 кулон (Кл) оң заряд орын ауыстырған кезде 1 джоуль жұмыс жасалатын өткізгіштің екі шетіндегі кернеу. Кернеуді өлшеуге еселік бірліктер де қолданылады: микровольт (мкВ), милливольт (мВ), киловольт (кВ), мегавольт (МВ).


2.3. Екіұшты тізбекті қосу

Электр тізбегінің элементтері активті және пассивті болады. Егер элемент жұмысын - кедергі, - индуктивтілік, - сыйымдылық және - өзара индуктивтілік параметрлері түсініктерімен сипаттасақ, онда бұл элемент – пассивті. Егер элемент жұмысын сипаттау үшін электр тізбегі шамалары ( - тоқ күші, - кернеу, - ЭҚК) түсініктерін қолдану қажет болса, онда бұл элемент – активті.

Активті элементке барлық қоректендіру көздері және кейбір қабылдағыштар (аккумуляторлар, қозғалтқыштар және басқалары) жатады.

Қоректендіру көзі тізбектің ішкі бөлігін, ал қабылдағыштар сыртқы бөлігін құрайды. Бұл бөліктер ұштарындағы полюстерімен айырмашылықта болады. Екі полюспен бөлінген тізбек екіұшты деп аталады. Егер екіұшты тізбекте бір активті элемент болса, онда ол активті екіұшты тізбек деп аталады. Пассивті екіұшты тізбек тек пассивті элементтерден тұрады.

Кез келген күрделі электр тізбегін активті екіұшты тізбекті пассивті екіұшты тізбекке (2.1 – сурет) қосқан сияқты көрсетуге болады.



Пассивті екіұшты тізбекке қосылған активті екіұшты тізбектің жұмысы нақтылы (номинальды), жұмыстық емес (салт жүру тәртібі), қысқаша тұйықталу, келісілген жұмыс тәртібімен сипатталады.

Жұмыс тәртібі жүктеме кедергісі мен қоректендіру көзінің ішкі кедергісі арасындағы қатынаспен анықталады (суретте тоқ көзі мен кедергіден тұратын тізбек, яғни активті екіұшты тізбек көрсетілген).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет