Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет17/77
Дата22.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#143037
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77
Байланысты:
аза стан республикасы денсаулы са тау ж не леуметтік даму мин

Мұрын аймағы (regio nasalis) 
Шекаралары:
жоғарыдан-қасүсті доғаларының медиалды шеттерінің арасында 
орналасқан мұрын үсті алаңқай (glabella), төменде мұрынның терілік пердесінің астымен 
өтетін горизонталды сызық, бүйірлерінен мұрын-ұрттық және мұрын-еріндік сайлармен 
шектелген. Мұрын терісі түбіріндегі шеміршекті аймаққа қарағанда жұқалау. Мұрын 
аймағына кіретін бөліктер – сыртқы мұрын, оның қуысы және мұрынқуысының қосымша 
қойнаулары. Сыртқы мұрын құрамында мұрын жотасы мен түбірін, кеңсірікті және 
мұрын ұшын ажыратады. Мұрынның бүйірлік төменгі шеті мұрын желбезектеріне 
жалғасады, олар мұрын пердесімен қосылып мұрын тесіктерін (танауларды) 
қалыптастырады. Мұрын пішіні оның қаңқасына байланысты, оның құрамына мұрын 
сүйектері, олармен байланысқан жоғарғы жақсүйектердің өсінділері кіреді. Бұл 
сүйектерге бүйір жақтарынан (үшбұрышты) үлкен және кіші қанат тәрізді шеміршектер 
бекінеді, сонымен қатар олардың ортасында орналасқан төртбұрышты мұрын пердесінің 
шеміршегі бар. 


30 
Терісінің қозғалуы әсіресе, мұрын желбезектері тұсында шектеулі, ол мұрын 
жотасының қырында ғана қатпарланады, себебі теріасты шелмай қабаты бұл жерде 
болбырлау болып келеді. Бұл жағдай пластикалық операциялар кезінде мұрын терісі 
қозғалуын төмендетеді. Мұрын терісінде тер бездері бар, ал мұрын қуысының 
кіреберісінде түктер болады. Мұрын терісі астындағы шелмайда желбезектерді, яғни 
танау тесіктерін кеңейтіп, тарылтатын ұсақ бұлшықеттер орналасқан. Сыртқы мұрынды 
қанмен қамтамасыз ететін тармақтар бет және көз артерияларынан келеді. Веналар 
артериялармен қатар жүреді де қойнаулық синусқа құйылады. Мұрын терісі үшкіл 
нервтің бірінші және екінші тармақтарынан, ал ымдау бұлшықеттері беттік нервтен 
қамтамасыз етіледі. Мұрын қуысы – кілегейлі қабықпен жабылған және мұрын пердесі 
арқылы оң жақ және сол жақ екі жартыға бөлінген, ал артқы жағындағы екі тесіктер 
(хоандар) арқылы мұрын-жұтқыншаққа ашылады. Мұрын пердесі жоғарғы – артқы 
жағында торлы сүйектің вертикалды табақшасы және өре сүйек денесінен құралып, 
алдыңғы жағында төртбұрышты шеміршектен тұрады. Мұрын пердесінің орналасуы 
кейде қисық болуы мүмкін, бұл жағдай тыныс алуды қиындатуына әкеледі, сондықтан 
қисайған пердені жөндеу операциялары жасалады. Мұрын қуысының әрбір жартысында 
үш-мұрын жолдарын ажыратады: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Олар мұрын 
қуысының екі бүйірлік қабырғаларындағы сүйектен құралған үш қалқанмен бөлінген. 
Жоғарғы мұрын жолына сына тәрізді сүйектің қойнаулық тесігі мен торлы сүйектің 
артқы ұяшықтары ашылады. Ортаңғы жолға – маңдай мен жоғарғы жақсүйек 
қойнаулары, сонымен қатар торлы сүйектің алдыңғы ұяшықтары ашылады. Төменгі 
мұрын жолына – көзжас-мұрын өзегі ашылады. Тесіктердің орналасуы өзгергіш болып 
келеді. Мұрын қуысының артериялары мұрын ішінде өте бай қантамырлар торын 
жасайды, кейде олар мұрыннан қан кетудің себебі болады. Мұрын қуысына тармақтар 
беретін негізгі артериялар – a.ophthalmica, a.maxillaris, a.facialis. 
Кілегей асты веналық өрім соқыр тесік арқылы (v.emissaria) көмегімен сагиталды 
синуспен байланысады (бұл жолмен бас қуысына инфекция бару қаупі бар). Мұрын 
қуысының веналары мұрын – жұтқыншақ және көз ұясы веналарымен анастомоз 
жасайды. Нервтермен қамтамасыз етілуі n.trigeminus, n.olfactorius есебінен іске асады. 
Мұрын қуысы маңындағы қосымша қойнауларының қатарына мыналар жатады: маңдай, 
жоғарғы жақсүйек, сына тәрізді, торлы сүйек қойнаулары. Бәрі ішінен кілегей қабықпен 
жабылған. Аталған қойнаулардың клиникалық анатомиясына тоқталайық. 
1. Ең үлкені жоғарғы жақсүйек (Гаймор) қойнауы. Пішіні төртқабырғалы 
пирамидаға ұқсайды. Алдыңғы қабырғасы жұқа, жоғарғы жақсүйектің көз асты шеті мен 
тісұяшықты өсіндісі арасына сәйкес. Бұл қабырғаға иттіс шұңқыры (fossa canina) 
тұсынан трепанация, пункция жасау арқылы қойнауды тазартуға, дәрі-дәрмек жіберуге 
болады. Мұндай медициналық шаралар қолдану кезінде көзасты тесіктен аттас нерв пен 
артерия (a.n.infraorbitalis) шығатынын ұмытпау қажет. Артқы қабырғасы қойнауды самай 
асты және қанат-таңдай шұңқырларынан бөліп тұрады. Үстіңгі қабырғасы көзұясының 
төменгі қабырғасын құрайды, демек гаймориттің асқынуы көзұясына берілу қаупі бар. 
Төменгі қабырғасы жоғарғы жақсүйектің тісұяшықты өсіндісіне жанасып жатады. 
Қойнаудың кейбір үлкен (ауалы) түрлерінде үлкен және кіші азу тістер түбірлерінің 
ұштары тек өте жұқа сүйек қабатымен бөлінуі немесе тікелей қойнаудың кілегей 
қабатымен жанасып жатуы кездеседі. Бұндай жағдайды тістерді жұлу кезінде есте сақтау 
керек. Медиалды жағынан қойнау ортаңғы мұрын жолына ашылады, бұл жақтан да, 
гайморит кезінде қойнау ішін тазарту шараларын жүргізеді.


31 
2. Маңдай қойнауы. Ішкі көлемі, пішіні жеке тұлғада өзгергіш болады. Қойнау 
маңдай сүйектің қас үсті доғаларының медиалды шеттерінің аралығында сүйектің 
қалыңдау жерінде жатады. Қойнаудың қабынуы (фронтит) кезінде іріңдік жақын 
орналасқан бассүйек қуысының алдыңғы шұңқырына, көзұясына таралып кетуі мүмкін. 
Қойнауды ашу үшін маңдай сүйекке алдыңғы бетінен қойнаудың проекциясына сәйкес 
трепанация жасауға болады. Маңдай қойнауы мұрын қуысының ортаңғы жолына тесік 
арқылы ашылады. 
3. Сына тәрізді қойнау, аттас сүйектің ішінде, оның денесі тұсында орналасқан. Ол 
алдыңғы жағынан екі тесік арқылы мұрын қуысының жоғарғы жолдарымен 
байланысады. Төменгі жағы мұрын қуысының артқы қабырғасын немесе төбесін 
құрайды. Жоғарғы жағындағы қабырғасы түрік ершігі мен оның шұңқырындағы 
гипофизге сәйкес келеді, одан алға таман көру нервтерінің қиылысымен шектес жатады. 
Қойнаудың бүйірлік қабырғаларына үңгірлі синус пен оның іші арқылы өтетін ішкі ұйқы 
артериялары сәйкес келеді. Қойнау медиалды жағынан қойнау іші пердесімен екі бөлікке 
бөлінеді, сондықтан жоғарыда айтылғандай екі тесік арқылы мұрын қуысына ашылады. 
Сына тәрізді қойнау арқылы көршілес орналасқан гипофизге, үңгірлі синусқа, көру 
нервтерінің қиылысына заманауи эндовидеохирургиялық әдістерді қолданып операция 
жасауға болады. 
4. Торлы қойнау маңдай сүйектің торлы сүйектік ойығында, сына тәрізді сүйектің 
алдында орналасқан. Бұл сүйек бассүйектің милық және беттік бөліктерінің екеуіне де 
қатынасы бар. Оның тесікті табақшасы мен қораз айдаршығы ми сауытының алдыңғы 
шұңқырымен байланысса, төменгі бөліктері мұрын қуысына қараған, латералды жағынан 
көз ұясының қабырғасын құрайды. Осы себептен, торлы сүйектің ұяшықтарының 
қабынуы асқынса, ірің бассүйек қорабына немесе көз ұясына өтіп кетуі әбден мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет