Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Құлақ маңы – шайнау (шықшыт) аймағы



Pdf көрінісі
бет20/77
Дата22.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#143037
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77
Байланысты:
аза стан республикасы денсаулы са тау ж не леуметтік даму мин

Құлақ маңы – шайнау (шықшыт) аймағы
(regio parotidemasseterica). 
Шекаралары мынадай
: бетсүйек доғасы, төменгі жақсүйектің астыңғы қыры және 
оның бұтағының артқы қыры, сыртқы есту жолы, шайнау бұлшықетінің (m.masseter) 
алдыңғы қыры. Аймақтың терісі жұқа, қозғалғыш, ерлерде түктермен жабылған. Тері 
асты шелмайда ымдау бұлшықеттеріне бағытталған бет нервінің тармақтары таралған. 
Аймақтың меншікті фасциясы (fascia parotideomasseterica) екі жапырақшаға бөлініп 
құлақ маңы сілекей безінің қапшығын жасайды да, әрі қарай шайнау бұлшықетінің 
сыртқы бетін жабады. Фасция өте тығыз және бетсүйек доғасы мен төменгі жақсүйектің 
қыры мен бұрышына бекінеді(9-сурет).
9-сурет. Құлақ маңы сілекей безі
. 1-құлақ маңы безі; 
2-жұтқыншақ маңы кеңістігі;3-жұтқыншақ 
Фасция құлақ маңы безінің тіні ішіне қарай, оның бөлшектерінің арасын бөліп 
тұратын дәнекерлік перделер жібереді. Құлақ маңы (шықшыт) безі (glandula parotis) 
сілекей бездерінің ішіндегі ең үлкені, шамалы шайнау бұлшықетінің үстінде, ал қалған 
негізгі бөлігі төменгі жақсүйек артындағы шұңқырда (fossa retromandibularis) жатыр. Бұл 
шұңқыр төменгі жақсүйек бұтағымен, сыртқы есту жолымен, емізік тәрізді өсінді және 
төс-бұғана емізіктік бұлшықеттің басымен, медиалды қанат тәрізді бұлшықет пен 
қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасымен, біз тәрізді өсіндімен және одан 
басталатын біз-тілдік, біз-тіласты, біз-жұтқыншақ бұлшықеттерімен шектелген. 
Сонымен, бұл бездің жататын өз орны бар және ол фасциямен, бұлшықеттермен 
қоршалған, қантамырлы-нервтік шоғырлармен жан-жақты қамтылған. Оның жататын 


35 
орнының екі «әлсіз» жері бар. біріншісі, без фасциясының сыртқы есту жолына 
жанасатын тұсы, мұнда есту жолының шеміршегінде лимфа тамырлары өтетін тесіктер 
бар. Бездің қабынуы кезінде оның фасциясы жарылып, іріңдік сыртқы есту жолына өтеді. 
Екіншісі, бездің фасциясының екі жапырақшасы бірікпей ашық тұратын медиалды жағы, 
бұл жақтан бездің жұтқыншақтық өсіндісі біз тәрізді өсінді мен медиалды қанат тәрізді 
бұлшықеттің арасындағы саңылауды толтыра келе, жұтқыншақ маңы кеңістігінің 
шелмайы мен қантамыр-нервтік шоғырларымен жанасады. Осы себептен безде іріңдік 
ошақ пайда болғанда, оның жұтқыншақ маңының шелмайына өту жиілігі, сыртқы есту 
жолына кетуден 4 есе көп болады. 
Бездің іші арқылы сыртқы ұйқы артериясы, жақсүйек арты венасы, бет және құлақ-
самай нервтері өтеді. Сыртқы ұйқы артериясы бездің ішімен өте берісте, өзінің соңғы екі 
тармағына бөлінеді: беткей самай артериясы a.temporalis superficialis (өз кезегінде бұдан 
– беттің көлденең артериясы бөлініп шығады), одан әрі беткей самай артериясы құлақ-
самай нервімен қатарласа жүріп, жоғарыда бастың самай аймағына бағытталады. Екінші 
жуан тармағы – a.maxillaris беттің терең аймағына кіреді. Бет нерві без ішінде 
тармақтарға таралып, өрім түзеді, одан ымдау бұлшықеттеріне бағытталған бес бұтақ 
кетеді. Бұл тармақтарды бұдан бұрынырақ атап кеткенбіз. Безде лимфа түйіндері 
орналасады. Бездің шығару түтігі шайнау бұлшықетінің үстіңгі бетімен көлденең өтеді 
және бетсүйек доғасынан шамамен 2,5см төменде, құлақ сырғалығынан мұрын 
желбезегіне дейін жүргізілген сызықта проекцияланады. Түтіктің ұзындығы 5-6см. 
Шайнау бұлшықетінің алдыңғы шетінде ол тереңге кетіп, ұрт бұлшықетін тесіп өтеді де, 
ауыз қуысының кіреберісінде екінші жоғарғы үлкен азу тіс тұсында кішкене тесікпен 
ашылады. Құлақ маңы безі әртүрлі ауруларға ұшырағанда (қабынудың асқыну үрдістері, 
қатерлі ісік т.б.) операциялық шараларды өткізу барысында оның ішімен өтетін 
артериялардың, веналардың, нервтердің т.б. клиникалық анатомиясын, олардың 
топографиялық ерекшеліктерін, проекциялануын өте қатаң ескеру қажет. Оларды атап 
айтсақ: a.carotis ext., a.temporalis superficialis, a.facialis transversa, a.auricularis post., 
v.jugularis ext, n.facialis, plexus parotideus, n.auriculotemporalis, сондай-ақ қосарласу 
веналары мен лимфа түйіндері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет