81
нервтермен бірге мойындырық тесігінен шығады. Кезбе нерві бас нервтерінің ішіндегі ең
ұзыны, ол өз талшықтарымен тыныс алу ағзаларын, жүрек-қантамырлар жүйесін, ас
қорыту
жолының көп бөлігін, соның ішінде бауырды, бүйректерді, ұйқы безін (секрет
шығару талшықтарымен) қамтамасыз етеді. Мойындырық тесігінде нервтің сезімтал
бөлігі кішкентай түйін- ganglionsuperior жасайды, тесіктен
шыға берісте екінші ганглий
(түйін) – ganglion inferior құрайды. Нерв мойынға медиалды қантамырлық шоғырдың
артқы жағымен түседі. Нервтен ішкі ағзаларға өте көп тармақтар тарайды, сонымен қатар
бас нервтері мен симпатикалық нерв жүйесінен байланыстар құрайды.
Кезбе нервінің ең ірі тармақтарына жататындар – көмекейдің жоғарғы және
қайырылмалы нервтері. Жоғарғы көмекей нерві жоғарғы түйіннен бөлініп, көмейдің
кілегейлі
қабығы мен бұлшықеттеріне, дыбыс саңылауынан және тіл түбіріне барады.
Қайырылмалы нерв кезбе нервтен оң жағында бұғана асты артериясының, ал сол
жағында аорта доғасының тұсында бөлініп, олардың
астымен және артымен жоғары
бағытталып, өңеш пен кеңірдек арасындағы жүлгемен жүреді де оларға тармақтар береді.
Нервтің соңғы бөлігі көмейдің төменгі нерві деп аталады, ол көмейдің кілегей қабығы
мен бұлшықеттерін, дыбыс байламдарын, кеңірдекті және жұтқыншақты нервтейді.