75
бұрышына дейін барады. Осы жерде сыртқы мойындырық венасы бұғана үсті аймақтың
терең бөлігіне өтеді де, алдыңғы мойындырық венасымен (v.jugularis ant.) қосылып,
бұғанаасты венаға (v.supclavia) немесе ішкі мойындырық венасына (v.jugularis int.)
құйылады. Алдыңғы мойындырық веналары жақасты аймақ пен мойынның алдыңғы
беткей бөліктерінен қан жинайды. Бұл веналар төс-бұғана-емізіктік
бұлшықеттің
алдыңғы шеттерінде орналасады да, бұғанаүсті шелмайлық кеңістікке жақындап,
анастомоз арқылы мойынның веналық доғасын құрайды (arcus venosus juguli). Бұдан соң,
веналар төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің артқы жағында сыртқы мойындырық венасына
барып қосылады. Сирек жағдайда мойынның ортаңғы
сызығы бойымен біреу немесе
екеу болып мойынның ортаңғы веналары (v.mediana colli) кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: