88
Жақсүйекасты үшбұрышта тағы бір-үшбұрышты (Пирогов) ажыратады, мұнда тіл
артериясы проекцияланады. Осы жерде тіл артериясын байлап, тілден қан кетуді
тоқтатуға болады. Үшбұрыштың шекаралары: жоғарыдан –
тіласты нерві, төменнен –
қосқарыншалы бұлшықеттік аралық сіңірі, алдынан – m.mylohyoideus (бос шеті).
Үшбұрыштың түбін m.hyoglossus құрайды, оның жоғарғы бетінде тіл венасы орналасқан,
ал тіл артериясына бұлшықеттің астында өтеді. Демек, бұл артерияны ашу үшін
үшбұрыштың түбіндегі бұлшықетті (m.hyoglossus) тарамдап аршу керек. Не болмаса, тіл
артериясын (a.lingualis) оның сыртқы ұйқы артериясынан бөлініп шығатын жерінде,
тіласты сүйегінің үлкен мүйізшесі тұсында байлауға болады. Қан кетуді тоқтату бұл
жерден байлағанда өте нәтижелі болады, себебі Пирогов үшбұрышына
дейінгі тіл
артериясының барлық тармақтары байланғандай нәтиже береді.