Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Ишемиялық инсульттің негізгі патогенездік түрлері



Pdf көрінісі
бет25/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   83
Ишемиялық инсульттің негізгі патогенездік түрлері 

Атеротромбоэмболиялық ишемиялық инсульт

Атеросклероз 
кезінде дамитын церебралдық ишемияның негізгі механизмдері: 
прецеребралдық және церебралдық артериялар саңылауларының бітелуі; 
гемодинамикалық өзгерістерге тәуелді артериялардың стенозы (артерия 
саңылауының 70-75% және одан жоғары көлемінің тарылуы); ойық жараға 
айналған түйіндақтарда тромбтардың түзілуі. Қанның ұюы мен 
реологиялық қасиеттерінің келесі бұзылыстары: эритроциттер мен 
тромбоциттердің 
агрегациясының 
күшеюі, 
гиперкоагуляциялық 
процесстер тробтардың түзілуіне қолайлы жағдай жасайды. Қан ағымның 
турбуленттілігі жоғары болатын ішкі күретамырлардың немесе 
омыртқалық артериялардың сағасында тромбтар өте жиі орналасады.

Тромбтың 
және 
атеросклероздық 
түйіндақтың 
үзінділері 
артериялардың дистальді бөлімінде түзілетін эмболиялардың негізгі көзі
болып саналады. Ишемиялық инсульттің барлық түрлерінің ішінде 13%-
ды артерио-артериялық эмболия құрайды. Тұтас алғанда, ми 
қанайналымындағы ишемиялық бұзылыстарды туындатататын себептердің 
50%-ын атероэмболия мен артериотромбоз құрайды. 

Кардиоэмболиялық ишемиялық инсульт

Кардиоэмболияның 
дамуында 2 патологиялық үдеріс: камераішілік тромбтардың түзілуі және 
қақпақшалық патология маңызды рөл атқарады. Көптеген жағдайларда 
камераішілік тромбтың пайда болуына ревматизмдік емес жыбырлақ 
аритмия ықпал етеді. Бұл коронарлық артериялардың атеросклерозы мен 
артериялық гипертензияның нәтижесінде дамиды және ЖИА–мен көрінеді. 
Кардиоэмболияны 
туындататын 
қақпақшалық 
патологияның 
жиі 
себептеріне: ревматизм, бактериялық эндокардит, митраль қақпақшасының 
пролапсы, қақпақшаны протездеу жатады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет