~120~
Пропорциялардың келесідей түрлері белгілі:
1.
Жалпы экономикалық
-
агрегаттар арасындағы қоғамдық еңбек
бөлінісінің құрылымына қарамастан қалыптасқан пропорциялар;
2.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің құрылымын көрсететін пропорциялар.
Бұлар
келесідей бөлінеді:
-
салааралық пропорциялар;
-
сала
ішілік
пропорциялар;
-
аймақаралық пропорциялар;
-
мемлекетаралық пропорциялар.
Индустриалдық жағынан жоғары
дамыған елдерде құрылымдық
өзгерістер, көбінесе өңдейтін өнеркəсіп салаларында тезірек жүріп отырады.
Өндірістің тиімді салалық жəне ұдайы өндірістік құрылымын қалыптастыру
-
экономиканың өте маңызды мəселесі болып табылады.
Өндірістің тиімді құрылымын бағалау үшін екі критерий қолданылады:
статикалық жəне динамикалық. Ғалым
-
теоретиктер өндірістік ресурстардың
бөліну құрылымының жетілгендігін сипаттайтын, тиімді динамикалық критерий
табуды мақсат еткен.
Қазақстандағы ұлттық шаруашылықтың құрылымдық реформасын
жетілдіру оң жолға қойылу үстінде. Белгілі бір жылдарға арналатын Үкімет
бағдарламалары ұлттық шаруашылық, ұлттық экономиканың тиімді
ұйымдастырылып, нəтижелі дамуына себеп болуда. Бəсекеге қабілетті 50 елдің
қатарынан көріну үшін жан
-
жақты дайындық жүргізіліп
жатқан елімізде бұл
тұрғыдан алып қарағанды, жалпы экономика деңгейінің көрсеткіштері жыл
артқан сайын жақсы нəтижелер көрсету үстінде. Нақты қалыптасқан
құрылымның тиімділік дəрежесі ұлттық экономикагың бүкіл əлемдік
байланыстар
жүйесімен ұштасуымен, ғылыми
-
техникалық
прогрестің
жетістіктеріне кəсіпорындардың
икемді болуымен, мемлекеттің құрылымдық
саясатымен, т.б. байланысты болады.
Макроэкономиканың микроэкономикадан айырмашылығы, ол жеке
объектілер мен процестерді ғана емес, олардың агрегат деп аталатын жиынтығын
оқытады; ол жекелеген бағаларды емес, баға деңгейі деген оның жиынтығын
зерттейді; оның талдауының мақсаты экономикалық жүйенің
жалпы тепе
-
теңдігін орнаған кездегі шартты табу болып саналады.
Макроэкономикалық тепе
-
теңдікті анықтау үшін жиынтық сұраныс пен
жиынтық ұсыныс категорияларын қарастыру қажет.
Жиынтық сұраныс (ағыл. AGGREGATE DEMАND, АД)
-
əр түрлі баға
деңгейінде
сатып алуға дайын тұтынушылар, кəсіпорындар жəне мемлекет
кезіндегі ұлттық өндірістің нақты көлемі.
АД
-
тауар нарығында ұсынатын соңғы тауарлар мен қызметтерге
сұранымдардың барлық қосындысын білдіреді:
А
D
= с + і +
g
р + х
(13)
мұндағы
:
с
-
үй шаруашылықтарының
жиынтық сұранысы,
і
-
капиталдық жабдықтарға сұраныс,
~121~
g
р
-
мемлекет тарапынан тауарлар мен қызметтерге сұранысы,
х
-
таза экспорт, шетелдіктердің отандық тауарларға сұранысы мен
шетелдік тауарларға отандық сұранымның арасындағы айырма
Сондықтан да А
D-
ы анықтайтын факторлар, жағдайға (шартқа)
байланысты жоғарыда аталған төрт топқа бөлінеді жəне А
D-
ға олардың əсерін
талдайды.
Сұраныспен көрсетілген баға деңгейі жəне ұлттық өндірістің нақты көлемі
арасындағы байланыс кері немесе теріс болады.
Егер жеке тауарға сұраныс
қисығының төмен қарай оңға ауытқуы табыс тиімділігі əсері мен орын басу əсері
арқылы түсіндірілсе онда соған ұқсас жиынтық сұраныс қисығы басқаша
факторлар арқылы қозғалады.
Оларға жататындар:
1.
Пайыз қойылым деңгейін көтеру, яғни сауданы (қарызды) қолдану
бағасы. Əңгіме мынада, баға деңгейінің өсуі тұтынушыларды да өндірушілерді
де ақшаны қарызға алуға мəжбүрлейді. Бұл жағдай пайыз қойылым көтереді,
сондықтан тұтынушылар өздерінің сатып
-
алуларын
кейінге қалдырады ал
кəсіпкерлер инвестицияларын қысқартады. Соның нəтижесінде жиынтық
сұраным азаяды. Бұл көрініс «пайыз қойылым
əсері» деп аталады.
2.
«Касса қалдығының əсері», немесе «байлық əсері». Баға өскен кезде,
акциялар, облигациялар, жедел активтер (касса қалдықтары) деп аталатын
байлық элементтерінің құны төмендейді жəне оларды ұстаған тұрғындар
кедейленеді. Нəтижесінде жиынтық сұраныс қысқарады.
3.
«Импорттық тауарлардың əсері». Елдің ішінде баға өскен кезде отандық
тауарларға сұраным қысқарады, ал
арзан импорттық тауарларға
-
өседі.
Осы əсерлердің барлығы
Достарыңызбен бөлісу: