Қазақстан республикасы әділет министрлігі


-бөлім. Селекциялық жетiстiкке арналған өтінімді қарау тәртiбi



бет4/37
Дата29.09.2023
өлшемі305,47 Kb.
#111460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
4-бөлім. Селекциялық жетiстiкке арналған өтінімді қарау тәртiбi
11. Егер өтінім патент беру туралы өтінішті және селекциялық жетістік сауалнамасын қазақ және орыс тілдерінде қамтыса, олар сараптау ұйымымен олардың келіп түсу күнін қойып және тіркеу нөмірін беріп тіркеледі.
Өтінім құжаттарының келіп түсу фактісі туралы өтінім беруші оған сараптама ұйымымен қойылған реквизиттері (тіркеу нөмірі және келіп түсу датасы) бар өтініштің бір данасын бескүндік мерзім ішінде жолдау жолымен хабардар етіледі.
12. Өтінімнің тіркелген құжаттары өтінімді беру үшін ақының төленгенін растайтын құжаттың бар болуына тексеріледі. Осы құжат және белгіленген мөлшерден аз төлеген кезде төлем ақы көлемін азайту үшін негіздің бар болуын растайтын құжаттың болмаған жағдайында , өтініш беруші өтінім тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жоқ құжатты (тарды) және (немесе) белгіленген мөлшерге дейін қосымша төлеу туралы құжатты (тарды) ұсыну қажеттілігі туралы хабардар етіледі, бұл құжаттар өтінімнің келіп түсу күнінен екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін. Егер сәйкесінше төлем енгізу алғышартында осы мерзім екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
13. Селекциялық жетістікті шетелде патенттеген кезде, (өтінім сараптама ұйымына берілген жағдайда) сараптама ұйымы өтінім берушінің өтініші бойынша бірінші өтінімнің расталған көшірмесін дайындайды.
14. Өтінімнің алдын ала сараптамасы оны сараптама ұйымына беру күнінен бастап екі ай өткеннен кейін жүргізіледі.
Өтінімнің алдын ала сараптамасы екі ай ішінде жүргізіледі.
Өтінімнің алдын ала сараптамасын жүргізген кезде:
Өтінімге қамтылуы немесе қоса берілуге тиіс құжаттардың бар болуы және олардың мазмұны;
Заңның 5-бабының 2-тармағымен көзделген жағдайларда, өкілдің құзыретін растайтын сенімхаттың бар болуын және толтырылуынын дұрыстығын қоса алғанда өтінімді беру тәртібінін сақталуы;
Өтінімде оны берген күннен ерте басымдықты сұратудын заңдылығы мен тәртіптің сақталуы тексеріледі.
15. Конвенциялық басымдықты сұратқан кезде Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес:
өтініште көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) конвенциялық өтінімді беруге құқығы;
өтініш берушімен конвенциялық басымдықты сұрату үшін мерзімді сақтауы (өтінімді берген кезде);
өтінімді берумен біруақтылы берілетін бірінші өтінімнің расталған көшірмесінін болуы және оны беру немесе өтінімді және оның мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасын сараптама ұйымына беру күнінен үш ай ішінде беру мерзімінін сақталуы тексеріледі.
Осы алғышарттарды орындағанда қосымша құжаттама және сынақ жүргізу үшін қажетті материал бірінші өтінімді беру күнінен бастап үш жыл бойы сұратылмайды.
Осы алғышарттардың тым болмаса біреуі орындалмаған жағдайда, сорттың, тұқымның басымдығы өтінімді сараптама ұйымына беру күні бойынша анықталады.
16 Өтінімге келіп түскен және өтінімнің бірінші құжаттарында келтірілмеген белгілерді қамтитын және өтінілген сорттың, тұқымның мәнін өзгертетін қосымша құжаттарөтінімді қарау кезінде назарға алынбайды, ол туралы өтінім беруші алдын ала сараптама жүргізу мерзімі ішінде хабардар етіледі.
17. Егер алдын ала сараптама кезінде селекциялық жетістктің атауы бекітілген талаптарға сәйкес келмейтіні және (немесе) өтінім оның құжаттарына қойылатын талаптарды бұзумен ресімделгені анықталса, өтініш берушіге анықталған кешіліктерге сілтеме жасалған және оны жолдағаннан кейін екі ай ішінде селекциялық жетістктің жаңа атауын және (немесе) жоқ немесе түзетілген құжаттарды беру ұсынысымен сұрау жолданады.
18. Селекциялық жетістіктің ұсынылған атауынын дұрыстығын тексеру Мемкомиссиялармен жүргізіледі. Мемкомиссияның атауын тексеру нәтижелері туралы қорытындысы сараптама ұйымына беріледі.
19. Алдын ала сараптаманың сұрауына екі бойы жауап бермеген, сондай-ақ өтінімнің Заңмен көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, сараптама ұйымы өтінімді одан әрі қраудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы өтініш беруші бір айлық мерзім ішінде хабардар етіледі.
20. Егер алдын ала сараптама нәтижесінде өтінім бекітілген талаптарға сәйкес келетіні анықталса, сараптама ұйымы өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды және өтініш берушіні шешімді шығару сәтінен он жұмыс күні ішінде алдын ала сараптаманың оң нәтижесі, өтінімді беру күнін белгілеу, селекциялық жетістіктің басымдығы, өтінім материалдарын патентке қабілеттілігін сараптама жүргізу үшін Мемкомиссияға беру туралы хабардар етеді және ерекшелiгi, бiртектiлiгi және тұрақтылығы үшін сынақтан өткізу үшін қажетті материалдарды жолдау қажеттілігі туралы хабарлайды.
21. Егер Мемкомиссиялармен жүргізілген сараптама нәтижесінде өтінілген селекциялық жетістік Заңның 4-бабымен көзделген патентке қабілеттілік шарттарына сәйкес келетіні айқындалса, Мемкомиссиялар сорт, тұқым сипатталған қорытындыны құрастырып, сараптама ұйымына қорытындыны үш данада, сорт немесе тұқым сипатталған екі данада жолдайды. Сараптама ұйымы Заңның 10-бабының 4-тармағына сәйкес он жұмыс күні ішінде патент беру туралы шешім қабылдайды және он жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
22. Мемкомиссиямен өтінілген селекциялық жетістіктің патентке қабелеттілік шарттарының біреуіне сәйкессіздігі анықталса, Мемкомиссия сәйкессіздік себептері дәлелденген қорытындыны үш данада құрастырады және шешім қабылдау үшін сараптама ұйымына жолдайды.
23. Сараптама ұйымы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес он жұмыс күні ішінде патентті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол туралы өтініш беруші он жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет