Қазақстан республикасы әділет министрлігі


-бөлім. Селекциялық жетістікке арналған өтінімді қарау бойынша басқа мәселелер



бет6/37
Дата29.09.2023
өлшемі305,47 Kb.
#111460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
6-бөлім. Селекциялық жетістікке арналған
өтінімді қарау бойынша басқа мәселелер

28. Хат жазысу өтініш берушімен немесе оның өкілімен әр өтінім бойынша жеке жүргізіледі.


Өтінімді бергеннен кейін жолданатын құжаттар нөмір мен өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолтаңбасын қамтиды.
Өтінім бойынша іс жүргізу процесінде жолданатын құджаттар Заңмен және осы Қағидалармен бекітілген мерзімдерде ұсынылады.
Іс жүргізу қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі.
Ресімдеу кемшіліктерімен, оның оқылуын қиындататын ұсынылған құжаттар, қаралмайды. Осындай құжаттарды тапсырған тұлғаға осы құжаттардың келіп түсу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде сәйкесінше хабарлама жолданады.
Факсимильді байланыс (бұдан әрі – факс) арқылы берілген өтінім материалдарының түпнұсқалары олардың келіп түскен күнінен бастап алдында келіп түскен материалдарды сәйкестендіретін жолдау хатымен бір ай ішінде ұсынылады. Материалдардың келіп түсу күні болып факс арқылы келіп түскен күні есептеледі.
Егер материалдардың түпнұсқалары бір айлық мерзім өткеннен кейін келіп түссе немесе факс арқылы келіп түскен материалдар ұсынылған түпнұсқаларға сәйкес келмесе, материалдар түпнұсқалардың келіп түскен күні бойынша есептеледі, ал факс бойынша келіп түскен сатериалдардың мазмұны кейіннен назарға алынбайды. Факс арқылы берілген өтінімге қатысты материалдар түпнұсқаларды ұсынғанға дейін келіп түспеген болып есептеледі. Егер факс арқылы келіп түскен өтінімнің кез-келген материалдары немесе олардың бөлігі оқылмаса немесе алынбаса, сәйкесінше материалдар түпнұсқалардың келіп түсу датасы бойынша келіп түскен болып есептеледі. Материалдар факсты алу күніне егер өтініш беруші оқылмайтын бөлікті қайтарып алғанда келіп түскен болып есептеледі.
29. Авторлар құрамын өзгерту болып өтініште көрсетілген авторды құрамға қосу немесе алып тастау танылады. Өзгерту келесі тәртіп бойынша жүргізіледі.
1) авторлар құрамына өзгертулер сараптама ұйымына жаңа өтініш беру арқылы енгізіледі;
2) жаңа өтінішпен бір уақытта еркін нысанда құрастырылған өтінімді беру нөмірі және күні көрсетілген және өтініш берушінің және авторлар құрамынан алып тастау жағдайында алынатын автордың қолы қойылған авторлар құрамына сәйкесінше өзгерістер енгізу туралы өтініш беріледі;
3) өтініште алынатын автордың қолтаңбасы болмаған жағдайда, алынатын автордың келісімі өтінімді беру нөмірі және күні көрсетілген жеке хат түрінде қабылданады;
4) егер авторлар құрамына жаңа тұлғаны қосу кезінде алдында көрсетілген автордың қолтаңбасын жаңа өтініш беру күніне алу мүмкін болмаса, онда өтінішке келесі тәртіпте ресімделген жазбаша берілген келісім қоса беріледі:
автордың өлімі немесе оны өлді деп жариялау жағдайында, оның атынан өзгерістерді енгізуге келісімге оның мирасқоры мұра алу құқығы туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін ұсынып, қол қояды;
автордың шетелге шығу жағдайында оның атынан өзгерістерді енгізуге келісімге патенттік сенім білдірілген өкілдің атына берілген, сондай құқықты растайтын сенімхатты ұсынып, сенім білдірілген өкіл қол қояды;
автордың болу жері туралы мәліметтердің жоқтығы жағдайында және оларды алу мүмкіндігі жоқ болған жағдайда, сотпен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 28-бабына сәйкес хабар-ошарсыз кетті деп танылады, және мүдделі тарап мәселені мәні бойынша шеші кезінде назарға алынатын авторды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады;
авторды әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған жағдайда оның атынан өзгерістерді енгізуге келісімге қамқоршысы немесе қорғаншысы соттың қорғаншылық және қамқоршылық орнату туралы шешімінің көшірмесін ұсынып, қол қояды.
Осы тармақта көзделген құжаттарды ұсыну тәртібін бұзған жағдайда, жаңа өтініш берілмеді деп септеледі және өзгерістер енгізу жүргізілмейді, ол туралы өтініш беруші сараптама ұйымымен өзгерістер енгізу туралы мәселені қарау нәтижелері бойынша бес жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

Селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргізу қағидаларына


1-қосымша

Нысан


Келіп түсу күні

(21) Тіркеу №

(22) Беру датасы

Басымдық





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет