Қазақстан республикасы әділет министрлігі


-бөлім. Селекциялық жетістікке арналған өтінімді беру



бет3/37
Дата29.09.2023
өлшемі305,47 Kb.
#111460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
2-бөлім. Селекциялық жетістікке арналған өтінімді беру

3. Селекциялық жетістікке берілген патентті беруге өтінім Заңның 5-бабы 1-тармағына сәйкес селекциялық жетiстiк авторымен немесе оның құқық мирасқорымен беріледі.


Селекциялық жетiстiк қызмет тапсырмасын немесе қызметтiк мiндеттердi орындау кезiнде жасалған, ашылған немесе шығарылған жағдайда, егер автор мен жұмыс берушiнiң арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, патент алуға өтiнiм жұмыс берушiмен беріледі.
4. Өтінім сараптама ұйымының кеңсесі, пошта арқылы беріледі, немесе электронды цифрлі қолтаңбамен расталған электронды құжат түрінде жолданады.
Өтінім қамтуға тиіс құжаттардың тізілімі Заңның 5-бабының 3, 4 тармақтарымен анықталған.
Өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге Қазақстан Республикасының патентін беруге екі данадағы өтініш (электронды түрде берілгенде электронды цифрлі қолтаңбамен расталған электронды құжат түрінде бір) (бұдан әрі – өтініш) осы Ережелерге 1, 2 қосымшаларға сәйкес нысанда беріледі.
5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер арқылы өтiнiш берушi, патент иеленуші ретіндегі өздерінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асырады.
Егер өтінім бойынша аталған тұлғалармен қатар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жеке тұлға немесе Қазақстан Республикасында тұрақты орналасқан заңды тұлға болса, патентті алу бойынша істі Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайын көрсеткен кезде мүмкін.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайын көрсеткен кезде патенттiк сенiм білдірілген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушi, патент иеленушi ретіндегі өздерінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асыра алады.


3-бөлім. Селекциялық жетiстiктерге арналған
өтінімдерді құрастыру тәртібі

6. Селекциялық жетiстiк сауалнамасында селекциялық жетiстiкті сәйкестендіру үшін сорттарды, тұқымдарды сыныптау туралы мәліметтер қамтылады.


7. Өтініш және өтінімнің басқа да құжаттары қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Ботаникалық анықтамалар латын шрифтімен баспа әріптерімен жазылады.
8. Өтінімді патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы бергенде өтінімге патенттік сенім білдірілген өкіл қол қояды.
Өтініштің графаларындағы қолтаңбалар қол қоюшы тұлғаның тегі мен инициалдарын көрсетумен таратылады.
Өтінімге қатысты кез-келген мәліметтер келтірілген әр қосымша бетке (өтінішке қосымша), жоғарыда келтірілген тәртіп бойынша қол қойылады.
Өтініште және оның қосымшасында түзетулер мен тазартып өшірулерге жол берілмейді. Осындай кемшіліктер бар болған жағдайда дұрыс толтырылған өтініш немесе оған қосымша сұратылады.
9. Сорт (тұқым) сауалнамасы:
тегі мен түрінің атауын (қазақ немесе орыс тілдерінде және латын тілінде);
селекциялық жетістіктің ұсынылатын атауы және селекциялық номерін;
құру әдісі көрсетілген селекциялық жетістіктің пайда болуы және бастапқы (ата-аналық) нысандарын;
селекциялық жетістікті ұстау және көбейтудін ерекшеліктері;
айырмалық ерекшеліктерін сипаттайтын селекциялық жетістіктің белгілерін;
өтінім берілген селекциялық жетістік ұқсастардан ерекшеленетін ұқсас селекциялық жетістіктердің атаулары мен белгілерін;
селекциялық жетiстiкті ерекшелiк, бiртектiлiк және тұрақтылыққа (бар болғанда) сынау үшін ерекше жағдайларды қамтиды.
10. Сорт (тұқым) сауалнамасына өтініш беруші (өтініш берушілер) осы Ережелердің 8-тармағында белгіленген тәртіпте қол қояды.
Сауалнамаға өтініш беруші белгілердің айқындығы деңгейі және индексі бойынша өсімдіктердің сорттарын немесе жануарлардың тұқымдарын сипаттайтын сәйкесінше тектер мен түрлер үшін арналған селекциялық жетістктердің белгілерінің кестесі қоса беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет