Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет22/43
Дата18.09.2022
өлшемі0,68 Mb.
#39378
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
1. Акустикалық:
а) ілгерінді ықпал: бақперген (бақ берген), ақпала (ақ бала), Итпай (итбай), қарағой (қара қой), 
малғора (мал қора), үштәптер (үш дәптер), тӛрттәптер (тӛрт дәптер), бестәптер (бес дәптер); 
ә) кейінді ықпал: ағешкі (ақ ешкі), ағалма (ақ алма), кӛгалма (кӛк алма), ағжол (ақ жол), Ағмола 
(Ақмола), сессе (сезсе) т.б. 
2. Артикуляциялық: а) ілгерінді ықпал: ашша (ашса), кӛшше (кӛшсе), кетчі (кетші), патча 
(патша), кетце (кетсе) т.б. ә) кейінді ықпал: жамбады (жанбады), ташша (тазша), жаңған (жанған), 
жүжжыл (жүз жыл), башшы (басшы), кӛққарға (кӛк қарға), теққана (тек қана) т.б. 
3. Акустика-артикуляциялық (тоғыспалы) ықпал: амаңгелді (аман келді), бешшыл (бес жыл), 
қызыңгӛрсең (қызын кӛрсең), ташшол (тас жол), Дошшан (Досжан) т.б. 
4. Тіл үндестігі: кітәп (кітап), мұғалым (мұғалім), бырақ (бірақ), кәзір (қазір), кәйтіп (қайтіп), 
ділдә (ділда), кәдір (қадір) т.б. 
5. Ерін үндестігі: үйлӛрү (үйлері), құлұнұ (құлұнұ), сүурӛт (сурет), сүйүуү (сүюі), қорұтұнды 
(қорытынды) т.б. 
6. Байырғы сӛздердегі и, у, ю, я, х әріптері айтуда: қый (қи), кій (ки), сұуұ (суы), айұуұ (аюы), 
қат (хат), қабар (хабар) т.б. 
7. Бунақ арасында қатар келген дауыстылар: алат (ала ат), қарат (қара ат), баралмады (бара 
алмады), келалмады (келе алмады) т.б. 
8. Сӛздер буынға бӛлінуге тиіс: ба-ла-ла-ры, ой-лан-дыр-май-ды, ке-шік-тір-ді т.б. 
9. Бунақтар бір-бірінен тік сызық арқылы ажырайды: Жасымда /ғылымбардеп/ ескермедім. 
2. Сөйлемдердегі сөздердің фонемасы белгілерін атап, фонетикалық талдау жасаңыз. Білтелі 
мылтық от қару шыққалы, Европа елдері серілер мен батырларды мойындауды қойды. Ал мұнда бәрі 
қаз-қалпында (Қ.Ж.). Қар суынан кейінгі кіршең тартып жатқан дала қаққан алашадай тазарып, қалған. 
Аунасаң шаң жұқпайтын сияқты. Мықырайған әлсіз кӛк те жауыннан кейін құлпыра ӛсіп сүйем бойы 
кӛтеріліпті. Кӛктем ӛз күшін бойына енді жиған тәрізді (С.М.). Ұлжан ауылында қона, түстене жатып, 
Жиренше жас досының бар маңына қанған-ды. Айнала, бар дүниені ал қара кӛк бетеге мен 
шашақтанған ал күрең кӛде басыпты (М.Ә.). 
3. Әрбір екі дыбысты салыстырып, олардың бір-бірімен ұқсастығын, бірінен екіншісінің 
айырмасын нақтылы көрсетіп жазыңыз. Аспан күн сайын, бір ауық кірбең тартып сұрланады, кейде 
күн ұзын, тіпті екі күн, түн ұдайынан сұр бұлт қаптайды. Тұман оралып, суық дүлей желге де 
айналады. Қалың бұлт кӛшкін салқын жауынға, ақ жауынға ауысқан күндер де болды. Мӛлдір сулы 
Ертіс қазір жиі-жиі құла суланып қалады. Кӛшелерде бір шаң бораса, біресе жауын селінен лайсаң боп 
жүргінші адам сирей береді (М.Ә.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет