Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет70/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   224
В

витаминінің тағамдық өнімдердегі мөлшері
                                  15-кесте
Азық Витамин 
мөлшері, мкг/г
Азық Витамин 
мөлшері, мкг/г
Т
а
у
ы
қ 
жұмыртқасы
100
Картоп 24
Бауыр 100
Бидай
11
Балық 46


100
РР витаминi (В
5
 витаминi, никотин қышқылы, анти пел-
лагрлік витамин). Никотин қышқылы – барлық витаминнің 
ішіндегі құрылымы ең қарапайым қосылыс, ол карбоксил тобы 
бар пиридин сақинасынан құралады, мұндағы карбоксил тобы 
үшінші жaғдайда тұрады.
РР – витаминінің аты «Pellagra preventing» - деген ағылшын 
сөздерінің бас əріптерінен құралған.
  
  Никотин қышқылы                             Никотинамид
Биологиялық тұрғыдан активтi жəне ферменттің құрылымына 
кіретін никотин қышқылының өзі емес, оның амиді – никотина-
мид. Сондықтан да кейде никотин қышқылын провитамин ретінде 
қарастырады. Никотин қышқылы суда нашар ериді де, ал спирт, 
глицерин мен эфирде жақсы ериді. Жарыққа, тотықтырғыштарға 
жəне қыздыруға тұрақты келеді. Қышқылтым дəмі бар.
 РР витаминінің биологиялық қызметі оның НАД жəне HАДФ 
коферменттердің құрамына кіруімен байланысты (“Ферменттер” 
бөлімін қараңыз). 
Бұл коферменттер тиісті апоферменттермен қосылып, күрделі 
ферменттер-пиридин дегидрогеназаларын түзеді. Ол күрделі 
ферменттер сутегін, электрондар мен протондарды бөліп шығару 
жолымен субстраттың тотығуын катализдейді. Жалпы никотина-
мид қатысатын реакциялардың саны қырықтан астам.
 РР-авитаминозына тəн белгілі пеллагра – терінің жарылып 
түрпіленуі. Пеллагра сырқаты кезінде терінің ашық жерлері 
қабынады, ауыз ойылып стоматит болады, тіл ауырады («қара 
тіл» дерті), ол семіп, жансызданады, асқорыту жүйесі бұзылады. 
Сол сияқты нерв жүйесі зақымданады, адам есінен айрылады. 
Пеллагра сырқаты көбінесе тұрмысы нашар, негізгі азық-түлігі 
жүгері өнімдері мен шошқаның майы болатын елдерде (АҚШ-
тың оңтүстік аудандары, Италия, Оңтүстік Африка) байқалады. 


101
Мынадай жағдай анықталған: егер азық-түлік өнімдеріндегі бе-
локта триптофан амин қышқылы көп болса, онда адамның жəне 
жануардардың ағзасында РР витамині синтезделеді. Жүгері бело-
гында триптофан өте аз болады.
 Никотин қышқылы көп мөлшерде жүгерінің жəне күріштің 
кебегінде, ipi тартылған ұнда, ашытқыда, картопта, жануарлар 
бауырында, етте, балықта кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет