Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет68/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   224
В
1
 витаминінің тағамдық өнімдердегі мөлшері
                                  13-кесте
Азық Витамин 
мөлшері, мкг/г
Азық Витамин 
мөлшері, мкг/г
Өгіз бауыры
0,4
Дəнді өсімдіктер
0,6
Ми 0,2
Қырыққабат 
0,22
Тауық
жұмыртқасы
0,3
Сəбіз
0,15
В
1
 витаминін күйіс қайыратын малдың қатпаршақ қарнында 
микроағзалар синтездейді. Жылқы, шошқа жəне тауық бұл ви-
таминді өте қажет етеді. Жылқы мен шошқаға бір тəулікте қажет 
мөлшері олардың 10 кг дене массасына 3-4 мг шамасындай қажет. 
Малдың буаз жəне желіндеу кезінде В
1
 витаминін қажет ету 
мөлшері арта түседі.
В
2
 витамині (рибофлавин). Витаминнің жалпы формуласы 
С
17
Н
20
N
4
O
6
.
 
Витамин молекуласы құрылымның негізінде изо-
аллоксазин сақинасы оның екі метил тобы жəне көміртегінің 
бес атомы бар рибитол спиртінің қалдығы жатады. В
2
 сары түсі 
молекуласындағы рибитолға байланысты. 
В
2
 витамині рибофлавин деп аталады, ал сүттен бөліп алынған 
витаминнің лактофлавин деген атауы бар. Рибофлавин сары түсті 
кристалды зат; суда, этил спиртінде ериді;
7–519


98
В
2
 витамині (рибофлавин)
Рибофлавин қыздыруға төзімді, 120
0
С температурада өзінің 
активтігін жоймайды. Жануарлар мен адам ұлпаларында рибоф-
лавин фосфорилденіп, рибофлавинфосфор қышқылына айна-
лады. 
Рибофлавин флавиномононуклеотид (ФМН) жəне флавинаде-
ниндинуклеотид (ФАД) коферменттері құрамында болады. ФАД 
жəне ФМН коферменттері əртүрлі апоферменттермен байланы-
сады да, флавопротеидті-ферменттер түзеді. Флавиндік деги-
дрогеназалар сутегі атомын байланыстыру жолымен (екі протон 
мен екі электрон) субстратты тотықтырады, бұл кезде кофермент 
ФМН·Н
2
 жəне ФАД·Н
2
-ге айналады. 
  В
2
 авитаминоз ауруы витамин жеткіліксіз бола бастағаннан 
немесе азық-түлікте жəне жем-шөпте мүлде болмаған жағдайда 
3- 4 айдан соң білінеді. В
2
 авитаминоз сырқатына тəн құбылыс көз 
ауруынан басталады. Көз жұқпалы емес коньюктивит сырқатына 
ұшырайды. Көздің қасаң пердесі қабынады, көз айнасы тұнжырап 
қарауытады, жүн мен шаш түседі, бұлшық еттері бірден əлсіреп, 
нашарлайды.
  B
2
-aвитаминоз кезінде үй құстарының жұмыртқалауы на-
шарлайды. Авитаминоз ауруы асқынған кезде ағза тырысып, па-
раличке ұшырап, сал болады, жүріп-тұруы қиындайды, сөйтіп 
өлімге душар етеді.
 Рибофлавинді өсімдіктер мен жануарлар синтездеп жасайды. 
Бұл витаминге бай өнімдер - ашытқы, бидай, қарабидай, бұршақ 
тұқымдас өсімдіктер. Ол сүтте, жұмыртқада, бүйректе, бауырда 
болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет