Кез –келген білім алушының білім жетістіктерін анықтау, педагогтердің кәсібилік деңгейін білу үшін мониторинг жүргізіледі. Әлемнің кез –келген елінде әр мектептің өзіндік мониторинг жүргізу бағдарламасы бар. Сол мониторингтердің нәтижесінде оқушының жетістіктері, ұстаздың пән бойынша кәсібилігі анықталады. Біздің елде бұл процесс «білім алушылардың білім жетісіктеріне мониторинг жүргізу» деп аталады. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖБ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай оқушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі. Монитторингтің жалпы қалай өтетініне тоқсталсақ:
ББЖМ әдістемелік көмек көрсету және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, дайындық пен өткізуді, тестілеу нәтижелерін өңдеу мен жүйелі талдауды қамтиды.
ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі.
4-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы: Оқу сауаттылығы – 10 тест тапсырмасы;
Математикалық сауаттылық – 12 тест тапсырмасы;
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8 тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған.
Тестті орындау уақыты – 75 минут (1 сағат 15 минут).
Максималды балл – 30.
ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі.
9-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:
Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), әр тіл бойынша 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы;
Математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы;
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география), әр пән бойынша 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған.Тестті орындау уақыты – 150 минут (2 сағат 30 минут). Максималды балл – 75.
Аталмыш бақылау өткеннен кейін мектепке өз білім алушыларының арасында олқылықтармен жұмыс жүргізу ұсынылады. Әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір педагогтің және мектептің жұмыс жоспары әзірленеді. Олқылықтардың орнын толтыру жүйелі түрде жүргізіледі. Педагогтерге білім алушының артта қалу себептерін, оның оқу жетістіктерінің деңгейін және білімдегі олқылықтарды анықтау, жеке қолдау көрсету, білім қажеттіліктерін зерделеу, оқытудың жекелей жоспарын әзірлеу, жүйелеу түрде кері байланыс жасау ұсынылады.