Одан өзге олқылықтардың орнын толтыру үшін арнайы алгоритммен жұмыс жасау көзделеді.
ІІІ Қорытынды Бүгінгі баяндамдағы екі бөлімде білім алушылардың білім жетістіктерін анықтау жолдарын, мониторинг жүргізу, олқылықтардың орнын толтыру секілді жұмыстарды айтып өттім. Қос бөлімде оқушылардың білім жетістіктерін анықтаудағы ерекшеліктерді мысалдар келтіре отырып баяндадым. Бүгінгі айтылған және көтерілген мәселелер алдағы уақытта өз әріптестеріміздің арасында пайдаланылады дегім келеді. Әлемдегі ең ауқатты адамдардың бірі, новатор Билл Гейтс «Білім –ең маңызды аспап» деген екен. Иә, білім аспап. Оны жақсы жаққа қолдану адамзатқа мәңгі азық. Ал, қолдануды үйрету ұстаздардың басты міндеті болмақ!
2022-2023 оқу жылында ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу –тәрбе процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат, ҚР оқу –ағарту министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Нұр –Сұлтан 2022 жыл.