Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке кірудің кейбір мәселелері «Құқық қорғау қызметі туралы»



бет14/20
Дата09.05.2023
өлшемі133,14 Kb.
#91368
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Бағалау парағы

Қатысушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) _____________________________





р/с№

Бағаланатын көрсеткіштер

Балл (1-ден 5-ке дейін)

1

Еңбек күн тәртібін және тәртіпті сақтау




2

Тағылымдаманың жеке жоспарындағы іс-шараларынды орындау сапасы

Жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштерін қарау




Сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін зерделеу:

азаматтық істер




әкімшілік істер




қылмыстық істер




өзге де құжаттарды дайындау (прокурорлық қадағалау актілері, сұрау салулар және басқалар)




қылмыстық істер материалдарын зерделеу




Жиыны




3

Тағылымдама жеке жоспарындағы іс-шараларды орындау жеделдігі




4

Хат жазу сауаттылығы (орфография, пунктуация, стилистика)




5

Жалпы қабылданған әдеп нормаларын сақтау (киім-кешекте іскерлік стиль, субординация, кішіпейілділік, әдептілік, сыпайылылық және т.б.)




Қорытынды баға






Тағылымдама басшысының ерекше пікірі (болған жағдайда) ________
____________________________________________________________
Тағылымдама басшысы, лауазымы
Т.А.Ә. (болған жағдайда)
қолы
20___ж. «__» __________


Таныстым (қатысушы)____________

Қазақстан Республикасы


Бас Прокурорының
2017 жылғы «___» _____
№ _____
бұйрығына 3-қосымша


Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс кіру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер


1. Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесіне қызметіне конкурстан тыс кіру осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) адамдардың конкурстан тыс іріктеуден Қазақстан Республикасы прокуратура органдары (бұдан әрі - прокуратура) жүйесіне қызметке кіру тәртібін белгілейді.
2-тарау. Конкурстан тыс кіру тәртібі


2. Прокуратураға қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болған кезде конкурстан тыс негізде (оның ішінде ауысу тәртібімен) күру құқығына мыналар ие:
1) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдар;
2) бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері болған адамдар;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары;
4) мемлекеттік саяси қызметшілер;
5) өздерінің өкілеттіктерін тоқтатқан судьялар;
6) ауысу тәртібімен құқық қорғау қызметін өткеру кезеңінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
3. Прокуратураға қызметке осы Қағиданың 2 тармағы 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар, жұмыстан шығарылған не өздерінің өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан адамдар қабылданбайды.
4. Прокуратураға қызметке конкурстан тыс кіретін адамдар (бұдан әрі - үміткерлер) «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық сервисі (бұдан әрі – ақпараттық сервис) арқылы осы Қағиданың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде электрондық-цифрлық нысанда өтініш береді және оны электрондық цифрлық қолтаңба арқылы растайды.
5. Өтінішке электрондық-цифрлык нысанға шығарылған (сканерленген):
1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын растайтын құжаттың;
2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы түйіндеменің;
3) соңғы жұмыс (оқу) орнынан алынған мінездеменің;
4) нотариалды түрде куәландырылған қосымшасы (қосымшалары) бар білім туралы құжаттың (құжаттардың);
5) нотариалды түрде немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың;
6) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәліктің;
7) түрлі-түсті фотосуреті (қатысушының жасына сәйкес болуы және ашық фонда анфас түрінде түсірілуі қажет, беті суреттің шамамен 70 % жалпы көлемін алу керек) көшірмелер тіркеледі.
Үміткерлер олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежеге және атаққа ие болу туралы құжаттардың көшірмелері, ұсынымдар, олардың қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтерді) қосымша ақпарат ұсына алады.
6. Өтініш нысанына енгізілетін мәліметтер шынайы ақпаратты қамтуы тиіс.
7. Өтінішті толтыру алгоритмі үміткердің жеке кабинетінде орналастырылады.
8. Толық емес тізбені тіркеу немесе электрондық құжаттарды тиісінше ресімдемеу өтінішті қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
9. Өтінішті қабылдау үміткердің электрондық мекенжайына немесе жеке кабинетіне хабарлама жіберу арқылы расталады.
10. Үміткер осы Қағиданың 5-тармағының 2) – 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын конкурстан тыс іріктеуден өту жеріндегі кадр қызметіне әңгімелесуден өтетін күні ұсынады.
Осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда үміткер әңгімелесуге жіберілмейді.
11. Прокуратураға қызметке үміткерлер Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне тестілеуден (бұдан әрі - тестілеу), компьютерлік емтихандардан (бұдан әрі - емтихандар) және әңгімелесуден дәйекті түрде өтеді.
12. Тестілеуден, емтиханнан, әңгімелесуден өтуі үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде және міндетті түрде ЖСН бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын растайтын құжат болған кезде жүзеге асырылады.
13. Конкурстан тыс іріктеуге одан әрі қатысуына дәлелді бас тартқаны туралы үміткерге жазбаша нысанда оның электрондық мекенжайына немесе оның жеке кабинетіне жолдау арқылы хабарланады.
14. Үміткер тестілеуден, емтиханнан, әңгімелесуден өту нәтижелері, олардың өткізілу күні мен орны туралы ақпаратты (хабарламаны) нәтижелерді алған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде оның электрондық мекенжайына немесе жеке кабинетіне жолдау арқылы хабардар болады.
15. Үміткердің электрондық мекенжайынан немесе жеке кабинетінен жеткізілгенін растайтын есепті алған сәттен бастап, хабарлама үміткерге жеткізілді деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет