Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы


МТО-ның ағымдағы жағдайын талдау жүйелі деңгейде шешуді талап ететін мынадай проблемаларды анықтады



бет4/27
Дата15.04.2023
өлшемі141,81 Kb.
#82890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
МТО-ның ағымдағы жағдайын талдау жүйелі деңгейде шешуді талап ететін мынадай проблемаларды анықтады:
- 3-6 жастағы балалар үшін мектепке дейінгі ұйымдардың жоғары қолжетімділігіне қарамастан, 2-3 жастағы балалар үшін бұл қажеттілік қанағаттандырылмаған, бұл балалардың ерте даму мүмкіндіктерін қысқартады және аналардың еңбек қызметіне тартылуына кедергі келтіреді;
- халық тығыз қоныстанған жерлерде, көші-қон ағыны мен туу деңгейі жоғары өңірлерде мектепке дейінгі ұйымдар жеткіліксіз;
- мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарға сұраныс МТО-ның жаңа объектілерін іске қосу қарқынынан асып түсуде;
- 2020 және 2021 жылдары бала туу өсіміне байланысты 2023 – 2029 жылдар кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда кезектің ұлғаюы болжануда;
- мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу үшін сапалы дамытушы контент жеткіліксіз;
- мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларды тәрбиелеу және оқыту процесіне ата-аналар төмен деңгейде тартылған;
- мектепке дейінгі ұйымдардың инфрақұрылымы мен білім беру ортасы балалардың даралығы мен ерекшеліктерін толық қолдауды қанағаттандырмайды.


2-тарау. Орта білім беру


Орта білім беру ұйымдарының желісі 2022 – 2023 оқу жылында 3,7 млн білім алушыны қамтитын 7687 мектепті, оның ішінде 170146 білім алушыны қамтитын 552 жекеменшік мектепті құрады.


Республика бойынша орта білім беру ұйымдарының желісі соңғы үш жылда 247 бірлікке артты: 2020 – 2021 оқу жылында – 3,4 млн білім алушысы бар 7440 мектеп; 2021 – 2022 оқу жылында – 3,5 млн білім алушысы бар
7550 мектеп; 2022 – 2023 оқу жылында – 3,7 млн білім алушысы бар 7687 мектеп.
2021 жылы толықтай енгізілген мектептегі білім беру мазмұнын жаңартуды Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) сарапшылары жалпы білім беру жүйесін жаңғырту жолындағы оң қадам деп санайды. Дүниежүзілік банк жүргізген жаңартылған білім беру мазмұнын бағалау шеңберінде Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша қорытындылар жасалып, ұсынымдар әзірленді. Атап айтқанда, 21 ғасырдың білім алушыларына ұлттық басымдықтарға, сондай-ақ тез өзгеріп жатқан әлемнің сын-қатерлері мен мүмкіндіктеріне сәйкес қажетті білім, дағдылар, тәсілдер мен құндылықтарды айқындайтын білім мазмұнын жетілдіру бойынша кепілдемелер тұжырымдалды.
Өткізілген республикалық мұғалімдер съездерінің шеңберінде білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларының мазмұнын қайта қарау, білім беру тақырыптары, бөлімдері мен деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, практикалық бағыттылықты, тәрбиелік компонентті күшейту және білім алушының функционалдық сауаттылығын дамыту қажеттілігі атап өтілді.
Демек, құндылыққа бағдарланған, іс-әрекеттік, тұлғаға бағдарланған және коммуникативті тәсілдер негізінде орта білім беру мазмұнын жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру және күшейту қажет. Экономикалық, әлеуметтік-саяси, ғылыми-технологиялық даму процестерімен білім беру саласына қойылатын талаптар деңгейіне заманауи педагогикалық теория мен практиканың сәйкестігін қамтамасыз ету маңызды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – «НЗМ» ДБҰ) өз тәжірибесін еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне таратуды жалғастыруда. Ол үшін өңірлердің барлық мектептерімен жұмыс істеуге арналған әдістемелік алаң ретінде Қазақстанның 1710 жетекші мектебі іріктелді. Сондай-ақ жекеменшік бастамашыл ұйымдардың (демеушілердің) қатысуымен ауыл мектептерін әдістемелік (мектептерде зерттеулер жүргізу, педагогтерді оқыту, білім беру органдары үшін ұсынымдар әзірлеу және басқалар) және материалдық-техникалық (жарақтандыру және қайта жабдықтау, жөндеу, реконструкциялау) қолдау бойынша жобалар іске асырылуда. Жалпы білім беретін мектептердің педагогтері үшін 1-ден 11-сыныпқа дейінгі барлық пәндер бойынша үш тілде 174 мыңнан астам материалдан тұратын «Жүйелік-әдістемелік кешен» жалпыға қолжетімді онлайн-платформасы құрылды.
2020 жылы «НЗМ» ДБҰ қашықтан оқыту үшін «Bilim Media Group»-пен бірлесіп 1-ден 11-сыныпқа дейінгі барлық пәндер бойынша қазақ және орыс тілдерінде 24 мың сабақтан тұратын «Онлайн-мектеп» цифрлық білім беру контентін әзірледі.
COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстанда орта білім беру жүйесі алғаш рет қашықтан оқыту қажеттілігіне тап болды. Мектептердің нашар техникалық жабдықталуы және жоғары жылдамдықты интернетке әркелкі қолжетімділік көрсетілетін қызметтердің сапасына айтарлықтай әсер етті. ЮНИСЕФ-пен бірге және Кембридж университетінің білім беру факультетінің техникалық қолдауымен білімдегі олқылықтарды өлшеудің кешенді тәсілін қолдана отырып, білімдегі олқылықтарды сандық бағалау жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша білімдегі олқылықтарды толтыру бойынша қысқа, орта және ұзақ мерзімді шаралар ұсынылды. Ұсынылған шараларды республиканың педагогикалық ұжымдары іске асырды, сондай-ақ аталған шаралар (жаңа бағдарламалар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу, білім беру бағдарламаларын қайта қарау және т.б.) одан әрі жұмыста пайдаланылуда.
Орта білім беру сапасын арттыру мақсатында оқулықтардың сапасына қойылатын талаптарды күшейту бойынша нормативтер қабылданды. Оқулықтарға сараптаманы курстардан өткен тәуелсіз мамандар (2000 сыртқы сарапшы) жүргізеді. Оқулықтарды әзірлеу үшін авторлар мен баспалардың жауапкершілігі күшейтілді. Егер оқулықтарда қателер табылса, баспалар барлық шығындарды өз қаражаты есебінен өтейді.
Сапалы зерделеу үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы (бұдан әрі – ЖМБ) пәндерді оқытудың қарқындылығы күшейтілуде. Мысалы,
2022 – 2023 оқу жылында ЖМБ пәндері бойынша сағаттар келесідей ұлғайтылды: «Жаратылыстану» – 3, 4, 5, 6-сыныптарда 1 сағатқа; «Физика», «Химия», «Биология» – 7, 8, 9-сыныптарда 1 сағатқа; «Алгебра және анализ бастамалары» – 10 – 11-сыныптарда 1 сағатқа ұлғайтылды.
«Жаһандық құзыреттілік» курсы шеңберінде 6-сыныпта экологиялық білім беру сапасын арттыру мақсатында оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен «Экология» пәні оқытылады, оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты (жылына 34 сағат) құрайды. 2021 – 2022 оқу жылында бұл таңдау пәнін 4668 (67 %) мектепте 6-сыныптың 233252 білім алушысы оқыды. 21721 білім алушыны қамти отырып, экологиялық бағыттағы 177 үйірме жұмыс істейді. Үздіксіз экологиялық білім беру, барлық ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамыту моделі еліміздің мектептерінің 79 %-ына енгізілді.
Мектептегі білім берудің сапасы мен тиімділігін сипаттайтын негізгі параметрлердің бірі дарынды балаларды анықтау және дамыту, олардың республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарға қатысуы болып табылады. Соңғы үш жылда беделді халықаралық олимпиадаларда қазақстандық білім алушылар 5 алтын, 35 күміс және 29 қола медаль, ғылыми жобалар бойынша халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда 344 алтын, 572 күміс және 934 қола медаль жеңіп алды.
2022 жылы халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ оларды даярлаған педагогтерді көтермелеу тетігі енгізілді. Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары үшін ЖОО-ға конкурстан тыс түсу үшін гранттар беріледі. Алайда Қазақстанда дарынды балаларды қолдау жүйесі жеткілікті түрде дамымаған. Мектеп жұмысы дарынды білім алушыларды анықтап, іріктеумен шектеледі, бұл ретте олардың бойындағы дарындылықты дамыту әдістемесі жоқ. Дарынды балаларды анықтау және дамыту жұмыстары жүйесінде технология, креативті индустрия, кәсіпкерлік сияқты жаңа салалар тиісті деңгейде ескерілмеген. Олимпиадалық қозғалыспен ауылдық жерлердегі білім алушылардың, сондай-ақ ЕБҚ балалардың аз қамтылуы байқалады.
Сапалы білім берудегі маңызды міндеттердің бірі – қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту.
6909 мемлекеттік мектептің 5271 мектебі (68 %) ауылдық жерде орналасқан, оның ішінде 2722-сі – шағын жинақты мектептер (бұдан әрі – ШЖМ) (ауылдық мектептердің 52 %-ы). Ауыл мектептері бүкіл ауылдың негізгі орталығы және жастардың қабілетін шыңдайтын орын ретінде қызмет етеді. Осы орайда ауыл мектебіндегі әрбір білім алушының табысқа жету мүмкіндігін арттыру, қала мектептерінен білім сапасының алшақтығын азайту маңызды. Ауылдық мектептерді қолдау бойынша «Мобильді мұғалім», «Қамқор жанұя», «Нәтижелілігі төмен ауыл мектептеріне мықты мектептердің қамқорлығы», «КӨМЕКТIMES: мектеп-мектепке» сияқты өңірлік жобалар іске асырылуда. Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қорының білім беру бойынша жобалары белсенді іске асырылуда. Ауыл мектептерінің білім алушылары атаулы көмекпен (пәндер бойынша қосымша сабақтар, жазғы ауысымдар мен балалар орталықтарына бару) қамтылады, оқу ваучерлерін пайдалана отырып, тегін қосымша білім беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Алайда қалалық және ауылдық білім алушылар арасындағы білім сапасындағы алшақтық сақталып келеді. PISA зерттеуі қалалық және ауылдық мектептер арасындағы айырмашылықты әрбір 3 жылдық айналым сайын растап отыр. Мысалы, PISA-2018 оқу сауаттылығы бойынша айырмашылық қалалық мектептер пайдасына 37 балды құрады.
Ауылдық жерлердегі мектеп ғимараттарының материалдық инфрақұрылымы қалалық білім алушылармен салыстырғанда ауылдық білім алушылардың мүмкіндіктерін айтарлықтай шектейді. Кең жолақты Интернеттің болмауына байланысты ауыл мектептерінің білім алушыларының цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділігі шектелген, тек 39 % мектепте ғана жоғары жылдамдықтағы Интернет бар (20 мбит/с және жоғары).
Инклюзивті практиканы дамытудың маңызды кезеңі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау болды. Заңда ЕБҚ балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру жөніндегі норма қабылданды.
2023 жылдың басында ЕБҚ балалардың саны 188 мың баланы құрады (2022 жылдың басында – 175 мың), оның ішінде мектеп жасындағы –
132699 бала. Мұндай балалар санының жыл сайын өсуі орташа есеппен 3 %-ды құрайды (2020 жыл – 161 мың бала, 2021 жыл – 175 мың бала, 2022 жыл –
188 мың бала).
2023 жылдың басында елімізде 99 арнайы мектеп, сондай-ақ 92 ПМПК,
208 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (бұдан әрі – ППТК),
14 оңалту орталықтары (бұдан әрі – ОО), 10 аутизм орталығы жұмыс істеді. Сондай-ақ мектептерде 640-тан астам инклюзияны қолдау кабинеті, 1600-ден астам логопедиялық пункт жұмыс істейді. Арнайы ұйымдарда арнайы оқу бағдарламалары бойынша мүмкіндігі шектеулі 17771 бала оқыды.
2022 жылы психологиялық-педагогикалық қолдау, ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары бекітілді, білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары жетілдірілді.
ПМПК-ның жеткілікті желісін қамтамасыз ету мақсатында бір ПМПК желісін ашу нормативі 60 мыңнан 50 мың балаға дейін қайта қаралды.
ЕБҚ балаларды арнайы психология-педагогикалық қолдауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру жөніндегі нормалар бекітілді. Бұл жеке сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалана отырып, ППТК, ОО желісін кеңейтуге бюджеттің күрделі шығыстарынсыз ЕБҚ балаларды арнайы психология-педагогикалық қолдаумен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Психологиялық-педагогикалық қолдауды сапалы іске асыру үшін базалық инфрақұрылым (жобалық қуат, мамандар кабинеттері, оңалту және емдік дене шынықтыру аймақтары, ата-аналарға, педагогтерге арналған коворкинг), сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының жеткілікті желісі және олардың халықаралық талаптарға сәйкес заманауи жабдықтармен жарақтандырылуы талап етіледі.
Сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдай ретінде заманауи мектеп инфрақұрылымын құру мемлекеттің басым міндеті болып табылады. 2021 жылдан бастап шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан мектептерді жаңғырту жүзеге асырылуда. Жаңғырту жұмыстың 6 бағытын қамтиды: күрделі және ағымдағы жөндеу, мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыру, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, балалардың мектепте және мектеп жанындағы аумақта қауіпсіз болу жағдайларын жақсарту.
Елімізде аудан орталықтарында, ауылдарда және шағын қалаларда
5000-нан астам мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 2021 жылы жаңғыртумен 1015 мектеп, 2022 жылы 1003 мектеп қамтылды. Нәтижесінде 2022 – 2023 оқу жылының басында 357 мектепке күрделі жөндеу және 1122 мектепке ағымдағы жөндеу жүргізілді. 954 мектепке 1470 пәндік кабинет жеткізілді. 1139 мектепте жиһаз жаңартылды, кітапханалар, 1806 мектеп және 969 мектептің асханалары жаңартылды. 1203 мектепте қауіпсіздік жағдайлары жақсартылды.
Алайда іске асырылып жатқан шараларға қарамастан, орта білім беру инфрақұрылымын дамытуда сын-қатерлер бар. Мектептер құрылысының қазіргі қарқыны демографиялық және көші-қон процестеріне, оқушы орындарының жинақталған тапшылығына ілесе алмай отыр. Балалар санының өсуі және оқушы орындарының тапшылығы жағдайында көп ауысымда оқыту өзекті проблеманың бірі ретінде қалып отыр.
Бала туу көрсеткіші артып келеді, 2020 жылдан бастап 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін дүниеге келген балалар саны 1039775 баланы құрады. Соңғы үш оқу жылында 1-сынып оқушыларының саны 1160311 білім алушыны, халықтың көші-қоны 34 %-ды және мектеп ғимараттарының тозуы 15 %-ды құрады, 2026 жылға қарай оқушы орындарының болжамды тапшылығы 1,12 млн құрады.
2022 – 2023 оқу жылында оқушы орындарының ағымдағы тапшылығы
270 мың орынды, оның ішінде қала бойынша 167 мың орынды, ауыл бойынша 96 мың орынды құрады. Үш ауысымды мектептер саны 143 бірлікті (2022 жыл – 139), авариялық мектептер саны – 52 (2022 жыл – 47) құрайды.
Үш ауысымды мектептердің проблемаларын шешу үшін әртүрлі тетіктер қолданылады: мемлекеттік бюджет және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) есебінен нысаналы құрылыс; модульдік конструкциялардан (тез салынатын ғимараттардан) мектептер салу. Орта білім беруді дамытуға жекеменшік секторды тарту мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті бекітілді.
2020 жылдан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру республиканың барлық қалалық мектептерінде (1605 мектеп) толық көлемде енгізілді. Бұл көптеген артықшылықтарды, атап айтқанда мектептерге басқарушылық және қаржылық дербестік (үнемдеу, қосымша штаттар/төлемдер енгізу мүмкіндігі және басқалар) береді. Алайда персоналды басқару және жан басына шаққандағы қаржыландыруды ұтымды пайдалану бойынша табысты даму стратегияларының тәжірибесі кеңінен таралмады.
Қазақстандағы бір білім алушыға кететін шығындар ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштерінен бірнеше есе төмен, бір ғана Ресеймен айырмашылық шамамен 1 млн теңгені құрайды. Осыған байланысты білім беруге шығындарды ұлғайту және оны әлемдік стандарттарға жеткізу жақын арадағы болашақта маңызды болып табылады. Жоғары оқу орындарына түсу пайызы, республикалық олимпиадалар жеңімпаздарының саны, педагогтердің біліктілік деңгейі сияқты ынталандырушы компоненттерді көбірек қолдана отырып, жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін бірнеше кезеңде жетілдіру қажет.
Бизнесті мектептер салуға ынталандыру бойынша қабылданған мемлекеттік қолдау шаралары (жан басына шаққандағы қаржыландыру, жеңілдікпен кредиттеу, 8 жыл ішінде амортизациялық компонентті өтеу, әкімшілік кедергілерді азайту) жекеменшік мектептер желісінің дамуына, оның ішінде ата-ана төлемақысынсыз мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім беру қызметтерін көрсететін мектептер желісінің дамуына айтарлықтай әсер етті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшері жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалады, мұнда жекеменшік білім беру ұйымдары үшін операциялық шығыстар (2022 жылға арналған орташа мөлшері – 532 мың теңге), сондай-ақ құрылыс және реконструкциялау жолымен жаңа оқушы орындарын пайдалануға арналған шығыстар (2022 жылға арналған 1 оқушы орны үшін: құрылыс – 294 мың теңге, реконструкциялау – 144 мың теңге) қарастырылған. 2020 жылға арналған операциялық шығындардың орташа мөлшері – 414 мың теңгені құрайды,
2020 жылы оқушы орындарын пайдалануға арналған шығыстар 1 оқушы орны үшін: құрылыс – 267 мың теңге, реконструкциялау – 131 мың теңге; 2021 жылға арналған операциялық шығындардың орташа мөлшері – 469 мың теңгені құрайды, 2021 жылы оқу орындарын пайдалануға арналған шығыстар 1 оқушы орны үшін: құрылыс – 280 мың теңге, реконструкциялау – 137 мың теңге.
МЖӘ-нің жаңа моделі әзірленді, оның негізінде Астана қаласында бір жарым жыл ішінде 20 мың білім алушыға арналған 5 мектеп пайдалануға берілді.
Осылайша, жекеменшік мектептер желісін кеңейту мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, жаңа мектептерді пайдалануға беру мерзімі қысқаратын оқушы орындарының тапшылығы мен мемлекеттік мектептердің үш ауысымы мәселесін шешуде қосымша құрал болып табылады.
Сонымен қатар субсидиялау, жеңілдетілген несие беру және салықтық жеңілдіктер түріндегі басқа да құралдар әзірленді. Мәселен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жекеменшік мектептерді салу және реконструкциялау бойынша банктік қарыздарды субсидиялау тетігі жұмыс істейді, мұнда жеке сектор үшін кредиттеудің соңғы мөлшерлемесі «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 7 %-ды және «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде 6 %-ды құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет