Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың Стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Стандарт амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде жарақаттары, тірек-қимыл аппараты аурулары және сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының халқына травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін ұйымдардың штаттары 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 39) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі-Кодекс) белгіленеді.
3. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) емдеуге жатқызу бюросының порталы - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттердің стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі;
3) пациент - көрсетілетін медициналық қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
4) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі - бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын медициналық көмектің көлемі;
5) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптарда сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
6) өңірлендіру – медициналық ұйымдардың жарақаттар кезінде және медициналық көмектің көлеміне қарай сыртқы себептердің басқа да әсерлері кезінде медициналық көмек көрсетудің төрт деңгейі бойынша бөлінуі.
7) жоғары технологиялық медициналық қызмет – диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурс қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандармен көрсетілетін қызмет.
Жоғары технологиялық медициналық көмек медицина ғылымының және ғылым мен техниканың аралас салаларының жетістіктері негізінде әзірленген тиімділігі мен қауіпсіздігі ғылыми дәлелденген диагностика мен емдеудің инновациялық және (немесе) бірегей әдістерін және технологияларды қолдануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін мамандандырылған медициналық көмектің бір бөлігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |