Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандартын бекіту туралы


-тарау. Сүйек-бұлшықет жүйесінің жарақаттары мен аурулары кезінде халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру



бет6/17
Дата27.03.2022
өлшемі112,14 Kb.
#28928
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
?@8 07 07

5-тарау. Сүйек-бұлшықет жүйесінің жарақаттары мен аурулары кезінде халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
21. Сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары бар пациенттерге жоспарлы медициналық көмек амбулаториялық-емханалық немесе стационарлық МҰ травматология және ортопедия бөлімшелерінде (кабинеттерінде), хирургиялық бөлімшелерде (кабинеттерде) көрсетіледі.

22. Сүйек-бұлшықет жүйесінің ауруы бар пациент жүгінген кезде МСАК травматологы пациентті қарап-тексеруді жүзеге асырады, ауруды диагностикалау және емдеу тактикасын айқындау үшін қажетті клиникалық-диагностикалық, аспаптық және рентгенологиялық зерттеулерді, бейінді мамандардың консультацияларын тағайындайды.

23. Көрсетілімдер болған кезде емдеуші дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жарақат алған және (немесе) сүйек-бұлшықет жүйесі ауруы бар пациентті стационарға емдеуге жатқызу туралы мәселені шешеді.

24. Жарақат алған немесе сүйек-бұлшық ет жүйесінің ауруы бар пациентті стационарлық емдеуден кейін одан әрі бақылау және диспансерлік есепке қою үшін тіркелген жері, тұрғылықты жері бойынша МСАК-қа травматологқа жібереді.

25. Медициналық көмек көрсету кезеңдерінде сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары бар пациенттерге диагностикалық және емдеу іс-шараларының көлемі осы Стандартқа 1, 2-қосымшаларға сәйкес айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет