Қазақстан Республикасында травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандартын бекіту туралы


-тарау. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың негізгі міндеттері мен құрылымы



бет3/17
Дата27.03.2022
өлшемі112,14 Kb.
#28928
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
?@8 07 07

2-тарау. Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың негізгі міндеттері мен құрылымы

4. Меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, халыққа (ересектер мен балаларға) травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға (бұдан әрі-МҰ) құрылымында өзіне жүктелген функцияларға қарай ұйымдастырылатын медициналық ұйымдар жатады:

амбулаториялық-емханалық ұйымдардың травматология және ортопедия кабинеті (бұдан әрі-кабинет);

консультациялық-диагностикалық емханалардың (орталықтардың) травматология және ортопедия бөлімшесі (кабинеті);

құрамында травматологиялық төсектері бар хирургия бөлімшесі;

стационарлық медициналық ұйымдардың травматология және ортопедия бөлімшесі;

стационарлық медициналық ұйымдардың көптеген және жанамаласқан жарақаттар (политравма) бөлімшесі;

стационарлық медициналық ұйымдардың күйік бөлімшесі;

көпсалалы ауданаралық аурухананың травматология бөлімшесі;

стационарлық және амбулаториялық-емханалық МҰ травматологиялық пункті (бұдан әрі-травмпункт).

5. Халыққа травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері:

1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - МСАК), саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарымен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, жарақаттанудың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

2) диагностиканың заманауи әдістері арқылы сүйек-бұлшықет жүйесінің жарақаттары мен ауруларын ерте диагностикалау;

3) жарақаттары мен сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары бар науқастарды травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсетудің клиникалық хаттамаларын қарауды ескере отырып емдеу;

4) қалпына келтіру емін және медициналық оңалтуды ұйымдастыру және жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет