Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



Pdf көрінісі
бет24/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69
5.3.1. ПСИХОЛОГ

ТАР МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДАР 

КТМАС  судьяларымен  жүргізілген  интернет-сауал-

нама  шеңберінде  олардан  КТМАС-тағы  тыңдауларға 

психологтар  қаншалықты  жиі  қатысады деген  сұрақ 

қойылды. Алынған жауаптер төмендегі Кесте 12 – де 

берілген. 

Бір  жағынан  нәтижелерге  қарасақ,  әр  КТМАС-та 

психологтардың  қатысуы  әртүрлі.  Олардың  қатысуы 

төмендегі  әкімшілік  құқық  бұзушылық  жөніндегі 

істердің тыңдауларында байқалады

143

. Бұл нәтиже сот-



та жүргізілген бақылау жұмыстары кезінде жиналған 

мәліметтерге  негізделген;  бақылау  жүргізілген 

әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты тыңдалымның 

95,5%-ында  психологтар

144

.  Алайда  жауап  беруші 



КТМАС  судьялары  КТМАС-тағы  тыңдауларға  психо-

логтар  қатысқан  кезде  олардың  өте  пайдалы  рөл 

атқаратынын айтады. 

Кесте  13-те  көріп  отырғанымыздай,  жауап  беруші 

судьялардың  жартысынан  көбі  психологтардың 

тыңдауларға қатысуы не өте пайдалы немесе аса пай-

далы  деп  есептейді.  Жекелеген  сұхбаттарда  берген 

судьялардың жауаптары осы тұжырымды қайталайды. 

142

 Біріккен  ұлттар  ұйымының  кәмелетке  толмағандарға  арналған 



әділсот бойынша Минималды стандартттары, 29 қараша 1985 ж. 

Бас Ассамблеяның 40/33 қарары 

143

 Жауап берушілердің 58%-ы (31-дің 18-і) психологтар сирек не-



месе ешқашан қатыспады деді.

144


 Өтінеміз,  сот  тыңдалымдарына  жүргізілген  бақылаулар  өкілдік 

іріктеу мақсатын басымдық деп таппады, сол үшін бұл мәліметтер 

таңдалып алынған КТМАС-тар, жылпы Қазақстандағы КТМАС-тар 

үшін өкілдік емес болуы мүмкін екеніне назар аударыңыз.

Мысалы, бір судья айтқандай, олар «судьялар үшін өте 

қажет – өте маңызды, өйткені шешім қабылдауда көмек 

береді»

145


.  Алайда,  кейбір  судьялар  психологтардың 

«сылбыр рөлге ие, олар белсенді болулары қажет»

146

 

деген  де  пікір  білдірді.  Сол  сияқты  КТМАС  судьяла-



ры  психологтардың  көрсеткен  қызметінің  сапасын 

және сот тыңдауларына дайындық деңгейін әрқалай 

бағалайды

147


.

КТМАС  істерінің  тыңдауларына  психологтардың  аз 

қатысуы  келесідей  фактормен  түсіндіріледі.  Ішкі 

мемлекеттік  құқыққа  сәйкес,  олардың  КТМАС-

тың  барлық  тыңдауларына  қатысуы  міндетті  емес. 

Қазақстанның  заңнамасында  КТМАС-тың  барлық 

әкімшілік құқық бұзушылық істерінде психологтардың 

көмек көрсетуін міндеттейтін талап жоқ

148

. Нақтырақ 



айтсақ, психолог пен педагог маманның он төрт жасқа 

толмаған  куәгермен  сұхбаттасу  кезінде  қатысуы  та-

лап етілген

149


.

  Қылмыстық  істердегі  тыңдауларға  қатысты  ай-

тар  болсақ,  «он  алты  жасқа  толмаған,  сондай-ақ 

осы  жасқа  толған,  бiрақ  психикалық  дамуын-

да  мешеулiк  белгiлерi  бар  кәмелетке  толмаған 

күдіктiнiң,  айыпталушының  қатысуымен  iс  жүргiзу 

әрекетiн  жүргiзу  кезiнде»  педагог  маманның  неме-

се  психологтың  қатысуы  мiндеттi»

150

.  Алайда  кейбір 



жағдайларда  кәмелетке  толмаған  айыпталушының 

жасы  16-дан  төмен  болса  да,  психолог  барлық 

тыңдауларға  әрқашан  қатыспаған.  Өйткені  олар  заң 

бойынша міндетті емес деп ойлаған

151



145



 Жекелеген сұхбат, судья, Алматы қ. КТМАС, 10 июля 2014 ж.; же-

келеген сұхбатты қараңыз, судья 1, Ақтау қ. КТМАС, 23 қыркүйек 

2014 ж.; жекелеген сұхбат, судья 2, Ақтау қ. КТМАС, 23 қыркүйек 

2014 ж.


146

 Қараңыз, мысалы, жекелеген сұхбат, судья 2 [КТМАС-тың мекен-

жайы алынып тасталды] [уақыты белгісіз].

147


 КТМАС-тың 

кейбір 


судьялары 

психологтардың 

сот 

тыңдалымдарына  жақсы  әзірленгендерін  және  сапалы  қызмет 



көрсеткенін білдірді (Қараңыз, жекелеген сұхбат, судья 1, Ақтау 

қ.  КТМАС,  23  қыркүйек  2014  ж.);  кейбіреулері  психологтардың 

қанағаттандырарлық қызмет көрсеткендерін және сот тыңдауына 

да  қанағаттандырарлық  деңгейде  дайындалғандарын  білдірді 

(Қараңыз,  жекелеген  сұхбат,  судья  1  [КТМАС-тың  мекен-

жайы  көрсетілмеген],  17  қыркүйек  2014  ж.  );  кейбір  судьялар 

психологтардың төменгі деңгейде қызмет көрсеткендерін және 

сот  тыңдауына  жақсы  дайындалмағандарын  айтты  (жекеле-

ген  сұхбат,  судья  1,  [КТМАС-тың  мекен-жайы  алынып тасталды] 

[уақыты белгісіз]).

148

 Психологтың  әкімшілік  құқық  бұзушылық  бойынша  іске 



қатысу  үшін  мамандарды  тағайындау  ережелеріне  сәйкес 

белгіленуі мүмкін екенін аңғару қажет; 2014 ж.Әкімшілік құқық 

бұзушылықтар туралы кодекс, 756 бап.

149


 Әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы  кодекс,  754  баптың  6 

тармағы.


150

 2014 ж. Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 538 (1) және 542 (4) бапта-

ры (немесе бұрынғы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 488 бабы). 

Он алты жастан асқан кәмелетке толмағандардың істеріне педа-

гог мамандар немесе психологтар тергеуші немесе сот (жағдайға 

байланысты)  немесе  қорғаушының/заңды  өкілінің  өтінішіне 

қарай  қатыса  алады  (2014  ж.  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің 

538 (2) бабы).

151

 Жекелеген  сұхбат,  судья  1  [КТМАС-тың  мекен-жайы 



көрсетілмеген], 19 қыркүйек 2014 ж.; судья 2, [КТМАС-тың мекен-

жайы көрсетілмеген], 19 қыркүйек 2014 ж., судья 1 [КТМАС-тың 

мекен-жайы көрсетілмеген], 22 қыркүйек 2014 ж.



Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

37



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет